ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
Құдайға ұнамды болатындай өмір сүр
-
Қалай Құдайдың досы болуға болады?
-
Шайтан көтерген даудың саған қандай қатысы бар?
-
Ехобаға қандай жүріс-тұрыс ұнамсыз?
-
Қалай Құдайға ұнамды болатындай өмір сүруге болады?
1, 2. Ехоба жақын досым деп есептеген кейбір адамдарды мысалға келтір.
СЕН досың болуға қандай адамды таңдар едің? Оның көзқарасы, арман-тілектері мен құндылықтарының өзіңдікіндей болғанын қаласаң керек. Сондай-ақ саған бойында адалдық және мейірімділік сияқты керемет қасиеттері бар адам тартымды болса керек.
2 Тарих бойында Құдай кейбір адамдарды өзінің жақын досы болуға таңдаған. Мысалы, ол Ыбырайымды досым деп атаған (Ишая 41:8, Жақып 2:23 оқы). Ал Дәуіт туралы “Менің көңілімнен шығатын адам” деген, өйткені оның бойында Ехоба жақсы көретін қасиеттер болған (Елшілердің істері 13:22). Ал Даниял пайғамбарды Ехоба “аса бағалы жан” деп қарастырған (Даниял 9:23).
3. Неге Ехоба кейбір адамдарды досы ретінде таңдап алған?
3 Неге Ехоба Ыбырайым, Дәуіт, Даниялдарды досым деп есептеген? Мысалы, ол Ыбырайымға: “Менің сөзіме құлақ асқаның үшін”,— деген (Мұсаның 1-жазбасы 22:18). Демек, Ехоба өтініштерін кішіпейілділікпен орындайтын адаммен дос болғысы келеді. “Даусыма құлақ асыңдар, сонда мен сендердің Құдайларың, ал сендер менің халқым боласыңдар” (Еремия 7:23). Ехобаға мойынсұнатын болсаң, сен де оның досы бола аласың.
ЕХОБА ӨЗІНІҢ ДОСТАРЫН ҚОЛДАП-ҚОРҒАЙДЫ
4, 5. Ехоба өз қызметшілерін қорғайтынын қалай көрсетеді?
4 Құдаймен дос болу нені білдіретіні жөнінде ойланып көрші. Киелі кітапта Ехобаның “Өзіне бар жүрегімен берілгендерді қолдау үшін” мүмкіндік іздейтіні жазылған (Шежірелер 2-жазба 16:9). Ехоба сені қолдайтынын қалай көрсетеді? Мұның бір жолын Зәбүр 32:8-де жазылған сөздерден оқуға болады: “Мен саған түсінік сыйлаймын, жүруің керек жолды көрсетемін. Сені көзімнен таса қылмай, ақыл-кеңес беремін”.
5 Неткен қамқорлық! Ол қажетті бағыт-бағдар береді, ал оны өмірде ұстанар болсаң, сені қорғап отырады. Қиыншылықтар мен сынақтарға төтеп беруің үшін Құдай саған көмектескісі келеді (Зәбүр 55:22 оқы). Сондықтан Ехобаға бар көңіліңмен қызмет етер болсаң, сенде де: “Ехобаны әрдайым ойымда ұстаймын. Ол менің оң жағымда, мен нық тұрып, еш шайқалмаймын”,— деген забур жыршысынікіндей сенімділік болады (Зәбүр 16:8; 63:8). Иә, Ехоба саған өзіне ұнамды болатындай өмір кешуіңе көмектесе алады. Бірақ, өзің білетіндей, Құдайдың жауы бар, әрі ол сенің бұлай еткеніңді қаламайды.
ШАЙТАН КӨТЕРГЕН ДАУ
6. Адамдарға қатысты Шайтан не нәрсеге шек келтірді?
6 Он бірінші тарауда Шайтан Ібілістің Ехобаның бүкіл әлемдік билігін қалай дауға салғаны түсіндірілді. Ол Ехобаны өтірік айтты деп кінәлады және Адам мен Хауаның дұрыс пен бұрысты өздігінше айыруларына мүмкіндік бермей, әділетсіз әрекет етті дегенге меңзеді. Ал Адам мен Хауа күнә жасап, сосын, олардың ұрпақтары көбейе бастағанда, Шайтан бүкіл адам баласының ниетінің тазалығына шек келтірді. Былайша айтқанда, ол: “Адамдар Құдайға оны сүйгендіктен қызмет етпейді. Егер мүмкіндік берілсе, мен кез келген адамды Құдайға қарсы қоя аламын”,— деді. Әйүп деген кісі туралы Киелі кітапта жазылған мәліметтен Шайтанның осылай ойлағанын көруге болады. Әйүп деген кім және Шайтан көтерген даудың оған қандай қатысы болған?
7, 8. а) Әйүпті замандастарының арасында ерекше еткен не? ә) Қалай Шайтан Әйүптің ниетінің тазалығына шек келтірді?
7 Әйүп шамамен 3 600 жыл бұрын өмір сүрген. Ол жақсы кісі болған, өйткені Құдай ол туралы: “Жер бетінде ол сияқты әділ де мінсіз, Құдайдан қорқып, жамандықтан аулақ жүретін адам жоқ”,— деген (Әйүп 1:8). Әйүп Құдайға ұнамды кісі еді.
8 Шайтан Әйүптің Құдайға қызмет етудегі ниетінің тазалығына шек келтірді. Ібіліс Ехобаға былай деді: “Оның өзін де, үй іші мен бүкіл меншігін де жан-жақтан қорғап жүрген өзің емессің бе?! Сен оның барлық ісін жарылқап отырсың. Содан малы көбейіп, шартарапқа жайылуда. Бірақ қолыңды созып, онда бардың бәрін алып қойшы, ол көз алдыңда саған лағынет айтпас па екен?!” (Әйүп 1:10, 11).
9. Ехоба Шайтан көтерген дауға қатысты не істеді және неге?
9 Сонымен, Шайтанның жапқан жаласы мынау болды: Әйүп Құдайға пайда көру үшін ғана қызмет етеді, ал сыналса, одан безіп кетеді. Ехоба не істеді? Дау Әйүптің ниетіне қатысты болғандықтан, Шайтанға оны сынауға жол берді. Осылайша Әйүптің Құдайды сүйетін-сүймейтіні анық болмақ еді.
ӘЙҮПТІҢ СЫНАЛУЫ
10. Әйүп қандай қасіретке ұшырады және ол не істеді?
10 Көп ұзамай Шайтан Әйүпті түрлі жолмен сынауға кірісті. Оның малының кейбірі ұрланса, өзгесі қырылып қалды. Қызметшілерінің көбісі қырғынға ұшырады. Бұл жоқшылыққа әкеліп соқты. Бұдан кейін дауыл кезінде оның он баласы опат болды. Десе де, осының бәріне қарамастан, Әйүп “күнә жасамады, Құдайды жазғырмады” (Әйүп 1:22).
11. а) Шайтан Әйүпке тағы қандай жала жапты, ал Ехоба не істеді? ә) Жанға бататын науқасқа ұшырағаны Әйүпке қалай әсер етті?
11 Шайтан мұнымен тоқтаған жоқ. Ол Әйүп мал-мүлкінен, Әйүп 27:5).
қызметшілері мен балаларынан айырылғанына шыдағанмен, науқасқа ұшыраса, Құдайға теріс қарайды деп ойласа керек. Құдай Шайтанның Әйүпті жанға бататын, жеркенішті ауруға ұшыратуына жол береді. Бірақ ол бәрібір Ехобаға деген сенімін жоғалтпайды. Қайта, нық сеніммен: “Өле-өлгенше мінсіздігімнен таймаспын!”,— дейді (12. Әйүп Ібіліс көтерген дауға қалай жауап берді?
12 Әйүп өзін бәлеге ұшыратып жатқан Шайтан екенін білген жоқ. Ехобаның бүкіл әлемдік билігіне қатысты Ібіліс көтерген дау туралы толық білмеген Әйүп басына түскен қиыншылықтар Құдайдан екен деп, уайымға батты (Әйүп 6:4; 16:11—14). Соған қарамастан, Ехобаға деген мінсіздігін сақтады. Әйүп адал болып қалуымен Құдайға қара басының пайдасы үшін қызмет етеді деген Шайтанның таққан айыбының жалған екендігін дәлелдеді!
13. Әйүптің Құдайға адал болуының нәтижесінде не болды?
13 Әйүптің адал болып қалуы Шайтан көтерген өрескел дауға Ехобаның пәрменді жауап қайыруына мүмкіндік берді. Әйүп Ехобаның нағыз досы болған, ал ол оған адалдығының қарымтасын қайтарды (Әйүп 42:12—17).
ДАУДЫҢ САҒАН ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?
14, 15. Неге Шайтанның Әйүпке қатысты көтерген дауы барлық адамдарға қатысты деуге болады?
14 Құдайға деген мінсіздікке қатысты Шайтан көтерген дау тек Әйүпке қатысты болған жоқ. Оның саған да қатысы бар. Бұл Нақыл сөздер 27:11-де жазылған Ехобаның сөзінен анық көрінеді: “Ақылды бол, балам, жүрегімді қуант, сонда өзімді қорлағанға жауап бере аламын”. Әйүп өлген соң жүздеген жылдардан кейін жазылған осы сөздерден Шайтанның Құдайды қорлауын және оның қызметшілеріне жала жабуын доғармағаны көрінеді. Ехобаға ұнамды болатындай өмір сүруімізбен біз оған, былайша айтқанда, Шайтанның жаласына жауап беруге көмектесеміз, әрі осылайша оның жүрегін қуантамыз. Бұл сенде қандай сезім тудырады? Өмірімізде қандай да бір өзгеріс жасауға тура келсе де, Ібілістің жаласына жауап берілу үшін өз үлесімізді қосқанымыз керемет болмас па еді?
15 Шайтанның не дегеніне көңіл аударшы: “Адам өз өмірін сақтап қалу үшін қолындағының бәрін береді” (Әйүп 2:4). “Адам” деуімен Шайтан жапқан жаласының тек Әйүпке емес, барлық адамдарға қатысты екенін анық көрсетті. Бұл — көңіл қоюға тұратын аса маңызды жайт. Шайтан сенің Құдайға деген мінсіздігіңе шек келтірді. Ібіліс сенің Құдайға мойынсұнбағаныңды және басыңа қиыншылық түскенде, оның тура жолынан тайып кеткеніңді қалайды. Бұл үшін ол қандай әрекеттерге баруы мүмкін?
16. а) Шайтан қандай тәсілдерді қолданып адамдарды Құдайдан алшақтатқысы келеді? ә) Ол осы тәсілдерді қалай саған қарсы қолдануы мүмкін?
16 Оныншы тарауда талқыланғандай, адамдарды Құдайдан алшақтату үшін Шайтан сан алуан тәсілдерді қолданады. Бірде ол “ақырған арыстандай айналаны шарлап, кімді жалмасам деп жүріп”, тап береді (Петірдің 1-хаты 5:8). Оның мұндай әрекеті Киелі кітапты зерттеп, үйренгендеріңді іс жүзінде қолдануыңа достарың, туыстарың немесе басқа біреулердің қарсылық білдіруі арқылы көрінуі мүмкін * (Жохан 15:19, 20). Тағы бірде ол “өзін жарық періштесі етіп көрсетеді” (Қорынттықтарға 2-хат 11:14). Бұл жағдайда ол сені тура жолдан азғыру үшін қулық-сұмдықты қолданады. Мұнысымен қоймай, ұнжырғаң түскен мезеттерде Құдайға ұнамды өмір сүруге өзіңді лайықсыз сезінуіңе түрткі болуы мүмкін (Нақыл сөздер 24:10). Мейлі, Шайтан “ақырған арыстандай” немесе “нұрлы періштедей” әрекет етсін, көтерген дауының мәні сол күйі қалады: оның сендіруінше, қиыншылыққа тап болғанда немесе азғырылғанда сен Құдайға қызмет етуді доғарасың. Қалай оның дауына жауап беріп, Құдайға деген мінсіздігіңді Әйүп сияқты дәлелдеуіңе болады?
ЕХОБАНЫҢ ӨСИЕТТЕРІНЕ МОЙЫНСҰН
17. Ехобаның өсиеттеріне мойынсұнуға талпындыратын басты нәрсе не?
17 Сен Шайтанның дауына Құдайға ұнамды болатындай өмір сүруіңмен жауап бере аласың. Бұған не кіреді? Киелі кітапта былай делінген: “Құдайың Ехобаны бар жүрегіңмен, бүкіл жан-тәніңмен және бар күш-қуатыңмен сүй” (Мұсаның 5-жазбасы 6:5). Құдайға деген сүйіспеншілігің артқан сайын, оның талаптарын орындауға деген ықыласың да арта түседі. “Құдайды сүю дегеніміз — оның өсиеттерін орындау”,— деп жазды елші Жохан. Егер Ехобаны шын жүректен сүйер болсаң, оның өсиеттерін “орындау қиын емес” екенін көресің (Жоханның 1-хаты 5:3).
18, 19. а) Ехобаның кейбір өсиеттері қандай? (“ Ехоба жек көретін қылықтардан аулақ бол” деп аталатын қоршауды қара.) ә) Құдай қолымыздан келмейтінді талап етпейтінін біз қайдан білеміз?
18 Ал Ехобаның өсиеттері қандай? Олардың кейбірі біз аулақ болуымызға тиіс жүріс-тұрыстарға қатысты. “ Ехоба жек көретін қылықтардан аулақ бол” деп аталатын қоршауда солардың кейбірі көрсетілген. Онда Киелі кітапта ашық айыпталатын қылықтардың тізімі бар. Бір қарағанда, тізімдегі кейбір қылықтар соншалықты жаман болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ онда келтірілген тармақтардың үстінен ой жүгірткеннен кейін, Ехобаның заңдарында жатқан даналықты көресің. Жүріс-тұрысыңды өзгерту, бәлкім, сен үшін қиынның қиыны болар. Десе де Құдайға ұнамды болатындай өмір сүру зор қанағат пен бақытқа бөлейді (Ишая 48:17, 18). Сондай-ақ бұл — сенің қолыңнан келетін нәрсе. Неге бұлай деуге болады?
19 Ехоба ешқашан бізден қолымыздан келмейтінді талап етпейді (Мұсаның 5-жазбасы 30:11—14 оқы). Ол бізден не күтуге болатынын және не нәрседе мүмкіншіліктеріміздің шектеулі екенін өзімізден жақсы біледі (Зәбүр 103:14). Бұған қоса, Ехоба өзіне мойынсұнуымыз үшін күш береді. Елші Пауыл былай деген: “Құдай өз сөзіне адал: ол шамадан тыс сыналуларыңа жол бермейді. Азғырылғанда адал болып қалуларың үшін, одан шығудың жолын көрсетеді” (Қорынттықтарға 1-хат 10:13). Ехоба саған тіпті “адам күшінен асқан күш” бере алады (Қорынттықтарға 2-хат 4:7). Көптеген қиыншылықтарға төтеп бергеннен кейін, Пауыл: “Маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын”,— дей алған (Філіпіліктерге 4:13).
ҚҰДАЙҒА ҰНАМДЫ ҚАСИЕТТЕР ДАМЫТ
20. Құдайға ұнамды қандай қасиеттерді дамытқаның дұрыс және неге бұл маңызды?
20 Әрине, Ехобаға ұнамды болуға ол жек көретін нәрселерден аулақ болудан әлдеқайда көп нәрсе кіреді. Біз ол сүйетінді сүюіміз қажет (Римдіктерге 12:9). Саған көзқарасы, арман-тілектері мен құндылықтары өзіңдікіндей адам тартымды емес пе? Ехобаға да солай. Сондықтан Ехобаға ұнамды нәрселерді жақсы көруді үйрен. Осындай нәрселердің кейбірін Құдай кімді досым деп есептейтіні туралы жазылған Зәбүр 15-тараудан табуға болады (Зәбүр 15:1—5 ). Ехобаның достарының бойында Киелі кітапта суреттелген киелі рухтың игілікті жемісі бар. Ол “сүйіспеншілік, қуаныш, татулық, шыдамдылық, мейірімділік, ізгілік, сенім, жұмсақтық, ұстамдылық” сияқты қасиеттерден тұрады ( оқыҒалаттықтарға 5:22, 23).
21. Құдайға ұнамды қасиеттер дамытуыңа не көмектеседі?
21 Киелі кітапты оқығаның және жүйелі түрде зерттегенің Ехобаға ұнамды қасиеттерді дамытуыңа, ал Құдайдың талаптарын білгенің ой-қалпыңды оныкімен үйлестіруіңе көмектеседі (Ишая 30:20, 21). Ехобаға деген сүйіспеншілігіңді қаншалықты арттырар болсаң, оған ұнамды болуға деген ықыласың да соншалықты арта түседі.
22. Құдайға ұнайтындай өмір сүргеніңнің нәтижесі қандай болады?
22 Ехобаға ұнамды өмір сүру күш салуды талап етеді. Өмірде өзгерістер жасау Киелі кітапта ескі болмысты “шешіп тастап”, жаңасын киюге теңеледі (Қолостықтарға 3:9, 10, сілтемені қара). Бірақ Ехобаның өсиеттері жөнінде зәбүр жыршысы: “ Соларды ұстаған адам зор сый тосады”,— деген (Зәбүр 19:11). Құдайға ұнамды болатындай өмір сүрудің қаншалықты пайдалы екенін өзің де көресің. Сонымен қатар осылай өмір сүру арқылы Шайтанның дауына жауап бересің, әрі Ехобаның жүрегін қуанышқа бөлейсің!
^ 16-абзац Бұл саған қарсылық көрсеткендердің жеке әрқайсысына Шайтан ықпал етеді дегенді білдірмейді. Ол осы дүниенің тәңірі, сондықтан бүкіл дүниеге билігін жүргізіп отыр (Қорынттықтарға 2-хат 4:4; Жоханның 1-хаты 5:19). Сондықтан Құдайға ұнамды өмір сүрудің біреулерге оғаш көрінуі — кәдімгі нәрсе, сол себепті кейбіреулер саған қысым көрсетеді.