БІРІНШІ ТАРАУ
Құдай туралы шындық қандай?
-
Құдай шынымен сенің қамыңды ойлай ма?
-
Құдай қандай? Оның есімі бар ма?
-
Құдайға жақындау мүмкін бе?
1, 2. Неге сұрақ қойған дұрыс?
БАЛАЛАРДЫҢ қалай сұрақ қоятынына көңіл бөліп көргенсің бе? Олардың көбісі тілі шыға салысымен-ақ сұрақ қоя бастайды. Олар алақандай болған сұраулы көздерін саған қадап тұрып: “Аспан неге көк? Жұлдыздар неге жарқырайды? Құстарға ән салуды кім үйреткен?”— деген сияқты сұрақтарды жаудырады. Сен жауап беруге тырысып бағасың, бірақ бұл оңайға соға бермейді. Тіпті ең керемет деген жауабыңның өзіне олар “неге?” деген сұрақ қоюы мүмкін.
2 Сұрақты балалар ғана қоймайды. Өсе келе біз сұрақ қоюды доғармаймыз. Өмір жолымызға және қандай қауіп-қатерден аулақ жүруіміз керектігіне немесе өзімізге қызық жайттарға қатысты сұрақтар қоямыз. Десе де көп адам сұрақ қоюдан қалғанға ұқсайды, әсіресе ең маңызды жайттарға қатысты солай етеді. Ал сұрақ қойғанның өзінде оның жауабын іздемейді.
3. Неге көп адам аса маңызды сұрақтардың жауабын іздеуге күш салуды доғарады?
3 Осы кітаптың мұқабасындағы, кіріспесіндегі немесе осы тараудың
басындағы сұрақтар туралы ойланып көрші. Бұл — сенің қоюыңа болатын аса маңызды сұрақтардың кейбірі. Сөйтсе де көп адам мұндай сұрақтарға жауап іздеу үшін күш салуды қойған. Мұның себебі неде? Олардың жауабын Киелі кітаптан табуға бола ма? Кейбіреулер мұндай мәселелерді түсіну тым қиын деп ойлайды. Өзгелері ұялып не ыңғайсыз жағдайға түсіп қалудан қорқады. Тағы біреулері мұндай сұрақтармен дінбасылары мен дін мұғалімдері айналыссын деген шешімге келеді. Ал сен туралы не деуге болады?4, 5. Өмірге қатысты маңызды сұрақтардың кейбірі қандай және неге олардың жауабын іздегеніміз дұрыс?
4 Сірә, сені өмірге қатысты маңызды сұрақтар қызықтыратын болу керек. Кейде сені: “Өмірдің мәні неде? Адам өлген соң тіршілік ете ме? Құдай шындығында қандай?”— деген сұрақтар толғандыратыны даусыз. Осындай сұрақтар қойып, қанағаттандырарлық әрі дұрыс жауап таппайынша тыншымаған жақсы. Көпке танымал ұстаз Иса Мәсіх былай деген: “Сұрай беріңдер, сонда сендерге беріледі; іздей беріңдер, сонда табасыңдар; есікті қаға беріңдер, сонда сендерге ашылады” (Матай 7:7).
5 Егер маңызды сұрақтардың жауабын “іздей берер” болсаң, ізденудің күш салуға тұрарлық іс екенін көресің (Нақыл сөздер 2:1—5). Өзгелердің не дейтініне қарамастан, мұндай сұрақтардың жауабы бар, әрі сен оларды Киелі кітаптан таба аласың. Ондағы жауаптарды түсіну қиын емес. Оның үстіне, олар үміт береді және қуанышқа бөлейді. Сондай-ақ қазірдің өзінде қанағаттандырарлық өмір кешуіңе көмектеседі. Ал енді көп адамды толғандыратын бір сұрақты қарастырып көрейікші.
ҚҰДАЙ БІЗДІҢ ҚАМЫМЫЗДЫ ОЙЛАМАЙТЫН, ТАС ЖҮРЕК ПЕ?
6. Неге көп адам бастарына түсіп жатқан қиыншылықтары Құдайды қызықтырмайды деп ойлайды?
6 Көп адам бұл сұраққа “иә” деп жауап берер еді. Олар: “Құдай біздің қамымызды ойлайтын болса, мына дүние мүлдем басқа болар еді ғой?”— деп ойлайды. Қазір қайда
қарасаң да, соғыс, жек көрушілік пен қайғы-қасіретті көресің. Ауру мен қасірет шегудің, жақын адамнан айырылудың не екенін бәріміз де білеміз. Сондықтан көп адам: “Егер Құдай қамымызды ойласа, біздің басымызға түсіп жатқан қиыншылықтар оны қызықтырса, бұның бәріне тосқауыл қоймас па еді?”— дейді.7. а) Қалай дін мұғалімдері көп адамның Құдай тас жүрек деп ойлауына ықпал етеді? ә) Басымызға түскен қиыншылықтар жөнінде Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
7 Одан да сорақысы, дін мұғалімдері адамдардың Құдай тас жүрек деп ойлауына ықпал етеді. Қалайша? Біреу бақытсыздыққа душар болғанда, олар Құдайдың еркі солай дегенге саяды. Осылайша, болып жатқан бақытсыздықтарға, сайып келгенде, Құдай кінәлі болып шығады. Осыны Құдай туралы шындық деуге бола ма? Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді? Жақып 1:13-те былай делінген: “Басына сынақ түскен адам: —Мені Құдай сынап жатыр,— демесін. Өйткені ешкім Құдайды жамандықпен сынай алмайды, оның өзі де ешкімді жамандықпен сынамайды”. Демек, зұлымдықтың көзі Құдай болуы мүмкін емес (Әйүп 34:10—12 оқы). Жамандықтың орын алуына Құдайдың жол беретіні рас. Бірақ бір нәрсенің орын алуына жол беру мен оған түрткі болудың арасында үлкен айырмашылық бар.
8, 9. а) Зұлымдықтың орын алуына жол беру мен оған түрткі болудың айырмашылығын қалай түсіндірер едің? ә) Адамзаттың қалаған бағытына сай жүруіне жол бергені үшін Құдайды кінәлау неге әділдікке жатпас еді?
8 Мысалы, бір дана әрі сүйіспеншілікке толы әкенің ер жеткен ұлы қарсы шығып, үйінен кетпек болды делік. Әкесі оған бөгет болмайды. Жігіт жаман жолға түсіп, қиындыққа кезігеді. Ұлының сондай жағдайға ұшырағанына түрткі болған әкесі ме? Әрине, жоқ (Лұқа 15:11—13). Сол сияқты Құдай да адамдар жаман жолмен жүруді таңдағанда, оларға бөгет болмады, бірақ соның нәтижесінде ұшыраған қиындықтарына түрткі болған жоқ. Олай болса, адамзаттың басына түскен қиыншылықтар үшін Құдайды кінәлау әділдікке жатпайтыны айдан анық.
11-тараудан көбірек білесің. Бірақ қиындықтарға кезігіп жатқанымызға Құдай кінәлі емес екеніне сенімді бол. Қайта, оларды сол ғана шешіп береді деп үміттенеміз (Ишая 33:2).
9 Адамзаттың өзі таңдаған теріс бағытына сай жүруіне Құдайдың жол беруінің келелі себептері бар. Ол дана әрі құдіретті Жаратушымыз болғандықтан бізге әрекеттерінің себептерін түсіндіріп жатуға міндетті емес. Алайда Құдай бізді сүйгендіктен солай етті. Бұл жөнінде10. Құдай зұлымдықтың барлық әсерін жоятынына неге сенім артуымызға болады?
10 Тағы айтар болсақ, Құдай киелі (Ишая 6:3). Бұл — ол кіршіксіз таза деген сөз. Онда жамандық атаулының ізі де жоқ. Сондықтан оған толықтай сенім арта аламыз. Ал адамдар туралы олай дей алмайсың, өйткені кейде олар арамза болып кетіп жатады. Билігі барлардың тіпті ең адал дегендерінің де адамдар жасаған жамандықтың зардабын жоюға құдіреттері жетпейді. Ал Құдайдың құдіреті шексіз. Ол адамзатты зұлымдықтың барлық әсерінен арылта алады, әрі солай етеді де. Құдайдың әрекет ететін уақыты келгенде, зұлымдықты мәңгілікке жояды! (Зәбүр 37:9—11 оқы).
ҚҰДАЙ ӘДІЛЕТСІЗДІККЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?
11. а) Құдай әділетсіздікке қалай қарайды? ә) Құдай сенің қасірет шегіп жатқаныңа қалай қарайды?
11 Ал бүгінгі күн жөнінде не деуге болады? Дүниеде және сенің өміріңде болып жатқан жайттарға Құдай қалай қарайды? Киелі кітапта Құдайдың “әділдікті сүйетіні” айтылған (Зәбүр 37:28). Демек, жасалып жатқан дұрыс пен бұрыс әрекет оның назарынан қалт кетпейді. Ол әділетсіздіктің кез келген түрін жек көреді. Киелі кітапта өткен заманда дүние зұлымдыққа толып кеткенде, Құдайдың “қынжылып, жүрегі ауыратыны” жазылған (Мұсаның 1-жазбасы 6:5, 6). Ехоба өзгерген жоқ (Малахи 3:6). Ол дүниеде қайғы-қасіреттің орын алып жатқанын әлі де жек көреді. Адамдардың қасірет шегіп жатқаны да оның бойында жек көрініш тудырады. Киелі кітапта: “Ол қамдарыңды ойлайды”— делінген (Петірдің 1-хаты 5:7 оқы).
12, 13. а) Неге бізге сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттер тән және дүниеде болып жатқан жайттарға деген көзқарасымызға бұл қалай әсер етеді? ә) Құдайдың дүниедегі проблемаларды шешу үшін міндетті түрде әрекет ететініне неге сенімді бола аламыз?
12 Құдайдың қайғы-қасіретті жек көретініне қалай сенімді бола аламыз? Келесі жайтты қарастырып көрейік. Киелі кітапта адамның Құдайға ұқсас етіп жаратылғаны айтылған (Мұсаның 1-жазбасы 1:26). Сондықтан біздің бойымызда жақсы қасиеттердің болғаны — олардың Құдайдың бойында бар екендігінің дәлелі. Жазықсыз адамдардың жапа шегіп жатқанын көргенде, жаның ауырады емес пе? Мұндай әділетсіздік сені толғандыратын болса, бұған қатысты Құдайдың сезімі әлдеқайда күшті екеніне сенімді болуыңа болады.
13 Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі — сүйе білу қабілеті. Бұл да — Құдайға тән қасиет. Киелі кітап: “Құдай — сүйіспеншілік”,— деп үйретеді (Жоханның 1-хаты 4:8). Біз сүйе білеміз, өйткені Құдай сүйе біледі. Егер қолыңнан келсе, дүниедегі қайғы-қасірет пен әділетсіздікті құртар едің ғой, солай емес пе? Ал сені мұндай әрекетке талпындыратын сүйіспеншілік екендігінде күмән жоқ! Олай болса, Құдайдың да қайғы-қасірет пен әділетсіздікті жоятынына сенімді бола аласың. Осы кітаптың кіріспесіндегі уәделер — жай ғана қол жетпейтін арман емес. Құдайдың уәделері міндетті түрде орындалады! Алайда бұған сенімді болу үшін, осы уәделерді берген Құдай жөнінде көбірек біле түсуің керек.
ҚҰДАЙ ӨЗІН ТАНЫП БІЛГЕНІҢДІ ҚАЛАЙДЫ
14. Құдайдың есімі кім және неге біз оны қолдануымыз керек?
14 Біреумен танысқанда, әдетте не істейсің? Алдымен есіміңді айтасың, солай емес пе? Ал Құдайдың есімі бар ма? Көп діндер оның есімі “Құдай” не “Жаратушы Ие” дейтін болар, бірақ бұлар жеке есімдер емес, “патша” не “президент” деген сияқты лауазымдар. Киелі кітапта Құдайдың көптеген лауазымдары бар екендігі айтылған. “Құдай” мен “Жаратушы Ие” — солардың кейбірі. Алайда онда Құдайдың жеке есімі бар екендігі де айтылған, ол — Ехоба. Зәбүр 83:18-де: “Сенің есімің Ехоба... Бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала”,— делінген. Сенің Киелі кітабыңда бұл есім жоқ болса, неге екендігін білу үшін осы кітаптың қосымшасындағы “Құдай есімі. Оның қолданылуы мен мағынасы” деген тақырыпқа көңіл аударуыңа болады. Бір ескеретін жайт — Киелі кітаптың көне қолжазбаларында Құдай есімі мыңдаған рет кездеседі. Демек, Ехоба Құдай өз есімін біліп, әрі сенің оны қолданғаныңды қалайды. Былайша айтқанда, ол өзін Киелі кітап арқылы таныстырады.
15. Ехобаның есімінен ол туралы не білуге болады?
15 Құдайдың өзіне берген есімі мағынаға толы. Оның Ехоба деген есімі кез келген уәдесін орындап, ойындағы ниетін жүзеге асыра алады дегенді білдіреді *. Құдайдың есімі — ерекше есім. Бұл есім Құдайға ғана лайық. Ехобаны дара Тұлға ететін жайттар өте көп. Қалайша?
16, 17. Келесі лауазымдардан Ехоба турасында не білеміз: а) “Құдіреті шексіз”; ә) “Мәңгі жасайтын Патша”; б) Жаратушы?
Зәбүр 83:18-ден Ехоба жайлы: “Бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала екеніңді білсін”,— деген сөздерді оқыдық. Сол сияқты тек Ехоба жөнінде “Құдіреті шексіз” деп айтылады. Аян 15:3-те былай делінген: “Құдіреті шексіз Ехоба Құдай, сенің істерің ұлы да керемет. Мәңгіліктің патшасы, сенің жолдарың әділ де сенімді”. “Құдіреті шексіз” деген лауазым Ехобаның ең құдіретті тұлға екенін көрсетеді. Оның ұшан-теңіз құдіреттілігіне ешкім тең келе алмайды. Ал “Мәңгі жасайтын Патша” деген лауазым оның басқа жағынан да дара Тұлға екендігіне нұсқайды: тек Ехоба ғана әрқашан тіршілік етеді. Зәбүр 90:2-де: “Сен мәңгілік Құдайсың!”— делінген. Бұл көңіл толқытатын ой емес пе?!
16 Біз17 Сонымен қатар Ехоба — жалғыз Жаратушы. Аян 4:11-де келесі сөздер жазылған: “Құдайымыз Ехоба, сен даңққа, құрмет пен күш-құдіретке ие болуға лайықсың! Өйткені бәрін жаратқан — өзіңсің, бәрі де сенің еркіңмен бар болды әрі жаратылды”. Көктегі көзге көрінбейтін рухани жаратылыстар, түнгі аспанда маржандай шашылған жұлдыздар, ағаштағы жемістер, мұхит пен көлдерде жүзіп жүрген балықтар — осының барлығы Ехоба Жаратушы болғандықтан бар болып отыр!
СЕН ЕХОБАҒА ЖАҚЫНДАЙ АЛАСЫҢ БА?
18. Неге кейбіреулер Құдайға жақындау мүмкін емес деп ойлайды, бірақ Киелі кітап не нәрсеге үйретеді?
18 Ехобаның көңіл толқытатын қасиеттері туралы оқығанда, кейбіреулерді үрей билеуі мүмкін. Олар Құдай тым асқақ, сондықтан оған жақындау мүмкін емес деп қорқады немесе өздерін тым маңызсыз есептейді. Мұндай ой дұрыс па? Киелі кітап мүлдем керісінше нәрсеге үйретеді. Онда Ехобаның “әрқайсысымыздан алыс емес” екендігі айтылған (Елшілердің істері 17:27). Киелі кітап тіпті: “Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды”,— деп шақырады (Жақып 4:8).
19. а) Құдайға жақындауды қалай бастауға болады және мұның пайдасы қандай? ә) Құдайдың қандай қасиеті саған ерекше тартымды?
Жохан 17:3). Иә, Киелі кітап Ехоба мен Иса туралы білім мәңгілік өмірге жеткізеді деп үйретеді! Жоғарыда айтылғандай, “Құдай — сүйіспеншілік” (Жоханның 1-хаты 4:16). Ехобаның басқа да керемет әрі тартымды қасиеттері бар. Мысалы, Киелі кітапта Ехоба туралы: “Ехоба, Ехоба — мейірімді де жанашыр, ашулануға асықпайтын, айнымас сүйіспеншілігі мол және әрдайым сөзіне адал”,— делінген (Мұсаның 2-жазбасы 34:6). Сондай-ақ ол ізгі әрі кешіруге дайын (Зәбүр 86:5). Құдай төзімділік танытады (Петірдің 2-хаты 3:9). Ол адал (Аян 15:4). Киелі кітапты оқи түскен сайын, Ехобаның аталып өткен және басқа да көптеген тартымды қасиеттерін қалай танытатынын көресің.
19 Құдайға қалай жақындауыңа болады? Алдымен, бастаған ісіңді — Құдай туралы білім алуыңды — жалғастыра бер. Иса былай деген: “Мәңгілік өмірге ие болу үшін сені, жалғыз шынайы Құдайды, және өзің жіберген Иса Мәсіхті танып-білу керек” (20—22. а) Құдайды көре алмайтындығымыз онымен дос болуға тосқауыл бола ма? Түсіндір. ә) Кейбіреулер игі ниетпен сені неге талпындыруы мүмкін, бірақ не істегенің дұрыс?
20 Рас, сен Құдайды көре алмайсың, өйткені ол — көзге көрінбейтін рух (Жохан 1:18; 4:24; Тімөтеге 1-хат 1:17). Бірақ Киелі кітаптан білім алу арқылы, оны тұлға ретінде танисың. Зәбүр жыршысы іспетті сен де Жаратушының сұлулығына қызыға қарайтын боласың (Зәбүр 27:4; Римдіктерге 1:20). Ехоба жайлы біле түскен сайын, оның Тұлға екендігіне көзің жете түседі, сондай-ақ оны сүюге және оған жақындауға себептер де көбейеді.
21 Киелі кітаптың не себепті Ехобаны Әке ретінде қабылдауымыз керек деп үйрететінін түсінесің (Матай 6:9). Ол бізге өмір беріп қана қойған жоқ, сүюші әкенің өз балаларына тек жақсылық тілейтіні іспетті ол да бізге соны қалайды (Зәбүр 36:9). Сондай-ақ Киелі кітап адамдар Құдайдың досы бола алады деп үйретеді (Жақып 2:23). Ойлап көрші, сен Әлемнің Жаратушысымен дос бола аласың!
22 Киелі кітапты зерттеп жүргеніңді білгенде, кейбіреулер игі ниетпен мұны доғаруға талпындыруы мүмкін. Олар сені өз нанымдарынан бас тартады деп қорқатын шығар. Бірақ Құдаймен дос болуыңа ешкімнің кедергі жасауына жол берме.
23, 24. а) Неге алып жатқан біліміңе қатысты сұрақ қоя бергенің дұрыс? ә) Келесі тарауда не қарастырылады?
23 Әрине, бірденнен түсіне алмайтын нәрселер де болады. Мұндайда ұялмастан көмек сұраған абзал, бұл үшін азғана кішіпейілділік қажет. Иса кішкентай бала сияқты кішіпейіл болудың жақсы екендігін айтқан (Матай 18:2—4). Ал балалардың көп сұрақ қоятыны мәлім. Құдай сұрақтарыңның жауапсыз қалмағанын қалайды. Киелі кітапта Құдай туралы білуге ықыласты болған адамдар жайлы мақтау сөздер жазылған. Олар алып жатқан білімдерін Жазбалармен мұқият салыстырып, шындық екендігіне көз жеткізгілері келген (Елшілердің істері 17:11 оқы).
24 Ехоба туралы білудің ең жақсы жолы — Киелі кітапты зерттеу. Ол ешбір кітаптарға ұқсамайды. Қай жағынан? Мұны келесі тарауда қарастырамыз.
^ 15-абзац Құдай есімінің мағынасы мен дыбысталуы турасында көбірек мәліметті қосымшадағы “Құдай есімі. Оның қолданылуы мен мағынасы” деген тақырыптан табуға болады.