Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ата-аналар

Ата-аналар

Ехоба некеге не үшін бастау берген?

Ата-аналар балаларына қалай қарау керек?

Зб 127:3—5; 128:3

Сондай-ақ “Балалар; Жастар

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 33:4, 5 Жақып балаларын Ехобаның сыйы деп санады

    • М2ж 1:15, 16, 22; 2:1—4; 6:20 Ұлдары Мұса туылғанда, Ымрам мен Ехобед оны қорғау үшін бастарын қатерге тікті

Ата-аналарға қандай міндет жүктелген?

М5ж 6:6, 7; 11:18, 19; Н.с 22:6; Қ2х 12:14; Т1х 5:8

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 1:1—4 Елқана Шилодағы мейрамға бүкіл отбасын апарған және әрбір ұл-қызын ғибадатқа қатыстырған

    • Лқ 2:39, 41 Жүсіп пен Мәриям балаларымен бірге жыл сайын Назареттен Иерусалимге жол жүріп, Құтқарылу мейрамына барған

Баланы Ехобаның жолында тәрбиелеудің пайдасы қандай?

Н.с 1:8, 9; 22:6

Сондай-ақ Т2х 3:14, 15

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 2:18—21, 26; 3:19 Самуилдің ата-анасы оны киелі шатырда қызмет етуге жіберді, олар ұлдарына жыл сайын келіп тұрды және қажетімен қамдады; Самуил өте рухани адам болып ер жетті

    • Лқ 2:51, 52 Ата-анасы кемелсіз болса да, Иса олардың тілін алды

Ата-аналар бала тәрбиелеуге қатысты ақыл-кеңестерді қайдан тапса болады?

М5ж 6:4—9; Еф 6:4; Т2х 3:14—17

Сондай-ақ Зб 127:1; Н.с 16:3

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Би 13:2—8 Құдайдың кереметімен ұлды болатынын білгенде, Манұх оны бағып-қағуға қатысты Құдайдан ақыл сұрады

    • Зб 78:3—8 Ехоба ата-аналардың Жазбалардан білгендерін балаларына да үйреткенін қалайды

Бала Ехобаны сүйетін отбасында тәрбиеленсе де, неге шындықтан кетіп қалуы мүмкін?

Езк 18:1—13, 20

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 6:1—5; Яһ 6 Талай жыл көкте Ехобамен бірге жүрсе де, рухани ұлдарының көбісі оған қарсы шықты

    • С1ж 8:1—3 Самуилдің өзі адал әрі әділ пайғамбар болса да, ұлдары әділетсіз әрі арсыз болып кетті

Ата-ана баласына Ехоба туралы қай кезден бастап үйрету керек?

Т2х 3:15

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М5ж 29:10—12, 29; 31:12; Езр 10:1 Діни жиындарға балалар да келіп, Ехоба туралы тәлім алатын

    • Лқ 2:41—52 Жүсіп пен Мәриям жыл сайын балаларымен бірге, арасында Иса да бар, Иерусалимдегі ғибадатханаға барып, Құтқарылу мейрамына қатысатын

Қиянат жасауы мүмкін адамдардан балаларын қорғауды ата-аналар кімнен үйренсе болады?

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М2ж 19:4; М5ж 32:11, 12 Ехоба балапандарын қанатына салып таситын, оларды қорғап, қамқорлайтын қыранға ұқсайды

    • Иш 49:15 Ехоба өз қызметшілерін емізулі баласына қарайтын анадан бетер қамқорлап, қорғайтынын уәде етті

    • Мт 2:1—16 Шайтан жұлдызжорамалшыларды Ирод патшаға бағыттап, кішкентай Исаның көзін құртпақ болғанда, Ехоба Жүсіпке отбасымен Мысырға көшуді бұйырып, Ұлын қорғап қалды

    • Мт 23:37 Иса халқына қаншалықты көмектескісі келетінін көрсету үшін, балапандарын қанатының астына жинап қорғайтын тауықты мысалға келтірді

Неге ата-аналар балаларына жыныстық тәрбие беру керек?

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М3ж 15:2, 3, 16, 18, 19; М5ж 31:10—13 Мұса Заңында жыныстық мәселелер ашық қарастырылған және сол заңдар дауыстап оқылғанда, Ехоба балалардың да тыңдағанын қалаған

    • Зб 139:13—16 Дәуіт Ехобаны адам ағзасын керемет жаратқаны үшін мадақтаған, ол ұрпақ әкелу қабілетін де атап кеткен

    • Н.с 2:10—15 Ехоба беріп жатқан білім мен даналық бізді зұлым, арамза адамдардан қорғайды

Неге ата-ана баласын жөнге салғанда, мұны сүйіспеншілікпен істеу керек?

Н.с 13:24; 29:17; Ерм 30:11; Еф 6:4

Сондай-ақ Зб 25:8; 145:9; Қл 3:21

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Зб 32:1—5 Дәуіт патша Ехобаның жазасына ұшырады, бірақ күнәсіна шын өкінгенді Ехоба кешіретіні оны жұбатты

    • Жнс 4:1—11 Жүніс пайғамбар Ехобаға ашуланып, оған құрмет танытпады; сонда да Ехоба оны шыдаммен мейірімділікке үйретті

Неге жөнге салу сүйіспеншіліктің белгісі?