Жүрек
Киелі кітапта бейнелі жүрек адамның ішкі дүниесін, яғни ойларын, ниетін, қасиеттерін және сезімдерін білдіретінін қайдан білеміз?
Зб 49:3; Н.с 16:9; Лқ 5:22; Е.і 2:26
-
Ұқсас жағдайлар:
-
Лқ 9:46—48 Иса елшілерінің жүректеріндегі ойды, яғни бірінші болғылары келетінін көріп, оларды түзетті
-
Неліктен жүрегімізді қорғау аса маңызды?
-
Ұқсас жағдайлар:
-
М1ж 8:21 Адамның жүрегі жамандыққа бейім болып, зұлымдық көбейіп кеткендіктен, Құдай жер бетіне Топан су жіберді
-
П1ж 11:1—10 Сүлеймен патша жүрегін қорғай алмады, ол жатжерлік әйелдерге үйленді, ал олар патшаның жүрегін Ехобадан бұрып әкетті
-
Мр 7:18—23 Иса Құдайдың алдында адамды арамдайтын нәрселердің бәрі жүректен шығатынын айтқан
-
Біз жүрегімізді қалай қорғай аламыз?
Зб 19:14; Н.с 3:3—6; Лқ 21:34; Фп 4:8
Сондай-ақ Езр 7:8—10; Зб 119:11
-
Ұқсас жағдайлар:
-
Еф 6:14—18; Сл1х 5:8 Елші Пауыл сауыт сарбаздың жүрегін қорғайтындай, әділдік, сенім мен сүйіспеншілік те бейнелі жүрегімізді қорғайтынын түсіндірді
-
Бейнелі жүрегімізде ақау бар ма, жоқ па — оны қалай білуге болады?
Сондай-ақ Н.с 6:12—14
-
Ұқсас жағдайлар:
-
Ш2ж 25:1, 2, 17—27 Амазиях патша біраз уақыт Құдайға ұнамды істер істеп жүрді, бірақ онысын бар жүрегімен істемеді; кейін ол тәкаппарланып, Ехобаға мойынсұнбай кетті және соның салдарын тартты
-
Мт 7:17—20 Иса нашар ағаш нашар жеміс беретіндей, жаман жүректен жаман істер шығатынын айтқан
-
Неге біз жүрегімізді жақсартуымыз керек және бұны қалай істей аламыз?
Сондай-ақ Зб 119:97, 104; Рм 12:9—16; Т1х 1:5
-
Ұқсас жағдайлар:
-
П2ж 20:1—6 Езекия патша өлім аузында жатқанда, Ехобадан бар жүрегімен қызмет еткенін еске алып, мейірімділік танытуын сұрады
-
Мт 21:28—32 Иса адамның жүрегі қандай екенін оның айтқан сөзіне емес, істеген ісіне қарап анықтауға болатынын мысалмен түсіндірді
-
Ехоба жүректі көретіні неге қуантады?
Сондай-ақ С1ж 2:3
-
Ұқсас жағдайлар:
-
С1ж 16:1—13 Самуил пайғамбар Ехоба адамның сырт келбетіне алданбайтынын, қайта, жүректі көретінін түсінді
-
Ш2ж 6:28—31 Сүлеймен патшаның дұғасынан көретініміз: Ехоба адамның жүрегінде не барын толық көреді және сол көргеніне қарай мейірімділік пен қамқорлық танытады
-