Кіріспе
“Мәсіхшілік өмірде қажет тармақтар” кітабының көмегімен қиын шақта өзіңізге қажетті Киелі кітап тармақтарын оңай табасыз. Я болмаса біреуді жігерлендіру немесе біреуге дұрыс шешім қабылдауға көмектесу қажет болғанда, осы кітапты қолдансаңыз болады. Алдымен, қажетті тақырыпқа кіріңіз, ол жерде сұрақтар мен Киелі кітаптағы оқиғалар келтіріледі ( “Басылымды қолдану нұсқаулығы” деген қоршауды қараңыз). Тармақтардан тура сіздің жағдайыңызда пайдалы болатын кеңестер мен нұсқаулар және жұбататын ойлар таба аласыз. Сондай-ақ онда басқалардың рухын көтеру үшін, қиындықтарын шешуге көмектесу үшін, кеңес беру не жігерлендіру үшін де қажет болатын тармақтар бар.
Кітаптың ішіндегі тақырыптарда тақырыпқа қатысты тармақтардың бәрі емес, ең негізгілері келтіріледі. Тағы да басқа тармақтарды өзіңіз ізденіп тапсаңыз болады (Н.с 2:1—6). Мысалы, тармақтардың тоғыспалы сілтемелерін ашып қараңыз және қолжетімді болса, зерттеуге арналған Киелі кітаптағы мәліметтерді де оқыңыз. Ал тармақтың мағынасын және өмірде қолдану жолдарын тереңірек зерттеу үшін, “Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралын” не “Күзет мұнарасы басылымдарының көрсеткішін” қолданыңыз. Әсіресе соңғы шыққан мәліметтерге мән берсеңіз, Жазбалардағы жаңа түсініктерден хабардар болып жүресіз.
“Мәсіхшілік өмірде қажет тармақтар” кітабы сізге Құдай Сөзінде жатқан даналықты, түсінік пен білімді қазып табуға көмектесе берсін! Осы басылымды қолданған сайын, “Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті” екеніне көзіңіз жетеді (Ев 4:12).