Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Кішіпейілділік

Кішіпейілділік

Ехоба кішіпейілдер мен тәкаппарларға қалай қарайды?

Зб 138:6; Н.с 15:25; 16:18, 19; 22:4; Пт1х 5:5

Сондай-ақ Н.с 29:23; Иш 2:11, 12

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ш2ж 26:3—5, 16—21 Ұзиях патша тәкаппарланып кетті; ол Құдай Заңын бұзды және түзетуді қабылдамай, ашуланды, сол үшін Құдай оны алапеске ұшыратты

    • Лқ 18:9—14 Иса тәкаппарлардың және кішіпейіл адамдардың дұғасына Ехоба қалай қарайтынын мысалмен түсіндірді

Кішірейіп, шын жүректен өкінген адамға Ехоба қалай қарайды?

Ш2ж 7:13, 14; Зб 51:2—4, 17

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ш2ж 12:5—7 Робоғам патша мен Яһуда бекзадалары Ехобаның алдында кішірейіп, соның арқасында аман қалды

    • Ш2ж 32:24—26 Жақсы патша болған Езекия тәкаппарланып кетті, бірақ ол кішіпейілділік танытқанда, Ехоба оны кешірді

Кішіпейілділік өзгелермен қарым-қатынасымызды қалай жақсартады?

Еф 4:1, 2; Фп 2:3; Қл 3:12, 13

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 33:3, 4 Ашулы болып жүрген ағасы Есауды қарсы алғанда, Жақып асқан кішіпейілділік танытты, соның арқасында олар татуласты

    • Би 8:1—3 Гедеон би кішіпейілділік танытып, ефремдіктерді өзінен жоғары қойғанның арқасында олардың ашуын басып, дау-жанжалдың бетін қайтарды

Иса Мәсіх кішіпейілділіктің маңыздылығын қалай үйретті?

Мт 18:1—5; 23:11, 12; Мр 10:41—45

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Иш 53:7; Фп 2:7, 8 Алдын ала пайғамбарлық етілгендей, Иса кішіпейілділік танытып, жерге адам болып келуге және азапталып, масқара өліммен өлуге дайын болды

    • Лқ 14:7—11 Кішіпейілділіктің күнделікті өмірде пайдасын көрсету үшін, Иса тойдағы құрметті орындар жайлы мысал айтты

    • Жх 13:3—17 Иса кішіпейілділікпен елшілерінің аяғын жуып, оларға үлгі көрсетті, ал аяқ жуу қызметшілер атқаратын төмен жұмыс болатын

Өзіміз және басқалар жайлы дұрыс ойда болғанымыз кішіпейіл болуға қалай көмектеседі?

Өтірік кішіпейілсіну неге бекершілік?