Мінсіздік
Мінсіздік деген не?
Зб 18:23—25; 26:1, 2; 101:2—7; 119:1—3, 80
Ұқсас жағдайлар:
М3ж 22:17—22 Ехоба құрбандыққа еш кемістігі жоқ, тұтас мал әкелуді талап еткен; еврей тілінде “еш кемістігі жоқ” деген тіркес “мінсіз” деген сөзге өте ұқсас, демек, мінсіз болу Ехобаға тұтастай, яғни толығымен берілуді білдіреді
Әп 1:1, 4, 5, 8; 2:3 Әйүптің өмірінен көретініміздей, мінсіз болу үшін, адам Ехобаны терең қастерлеуі және оған бар жүрекпен ғибадат етуі керек, сондай-ақ жамандықтан аулақ жүруі тиіс
Біз неге мінсіз болуымыз керек?
Бізді мінсіз болып қала беруге не талпындырады?
Сондай-ақ Н.с 27:11; Ж1х 5:3
Мінсіздікті дамыту үшін және оны сақтап қалу үшін не істеу керек?
Сондай-ақ М5ж 5:29; Иш 48:17, 18
Ұқсас жағдайлар:
Әп 31:1—11, 16—33 Әйүп азғындықтан аулақ болып, өзгелерге мейірімділік пен құрмет танытып, мінсіздігін күн сайын дәлелдеп жүрген. Ол пұттарға табынбай, Ехобаға деген ғибадатын таза сақтаған және дүниеқұмар болмаған
Дн 1:6—21 Даниял мен оның үш досы Ехобаға қызмет етпейтін адамдардың арасында жүрсе де, мінсіздік сақтап, Ехобаның тіпті тамаққа қатысты заңдарына дейін ұстанды
Көп күнә жасаған адам қайтадан мінсіз бола ала ма?
Ұқсас жағдайлар:
П1ж 9:2—5; Зб 78:70—72 Дәуіт патша күнәларына өкініп, кешірімге ие болғандықтан, Ехоба оны мінсіз адам деп санады
Иш 1:11—18 Ехоба өз халқын екіжүзділігі мен сансыз көп күнәлары үшін айыптады, бірақ олар өкініп, өзгерсе, аппақ қардай тазартамын деп уәде етті