Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Неке

Неке

Неке қалай пайда болды?

Мәсіхші қандай адаммен неке құруы керек?

Шынайы мәсіхші шомылдыру рәсімінен өткен ұлы не қызының Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтпеген адамға үйленуін неге құптамайды?

Қ1х 7:39; Қ2х 6:14, 15

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 24:1—4, 7 Ыбырайым баласы Ысқаққа жар болатын қызды басқа құдайларға табынатын қанахандықтардың емес, Ехобаға қызмет ететіндердің арасынан алып беремін деп бекінді

    • М1ж 28:1—4 Ысқақ баласы Жақыпқа әйелді қанахандықтардың емес, Құдайдың қызметшілерінің арасынан алуды айтты

Сенуші емес адаммен неке құрған қызметшілеріне Ехоба қалай қарайды?

М5ж 7:3, 4

  • Ұқсас жағдайлар:

    • П1ж 11:1—6, 9—11 Сүлеймен патша Құдайдың ескертулерін елемей, бөтен халықтардан әйел алғанда және соларға еріп, жалған тәңірлерге табынып кеткенде, Ехоба оған қатты ашуланды

    • Нех 13:23—27 Ехоба сияқты, әмірші Нехемия да тоңмойын исраилдіктер бөтен елдерден әйел алғанда қатты ашуланды, сөйтіп, оларды жөнге салып, түзеді

Неге Ехобаға адал қызмет ететін әрі жақсы атқа ие болып жүрген адаммен неке құрған дұрыс?

Н.с 18:22; 31:10, 28

Сондай-ақ Еф 5:28—31, 33

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 25:2, 3, 14—17 Набал бай болғанмен, дөрекі әрі қатыгез адам болды, сондықтан ол Әбигелге жақсы күйеу болған жоқ

    • Н.с 21:9 Жарды дұрыс таңдамаса, адам өзін бақытсыздыққа душар етіп, жантыныштығынан айырылады

    • Рм 7:2 Елші Пауыл әйел тұрмыс құрғанда, кемелсіз күйеуінің билігіне бағынышты болатынын түсіндірді, сондықтан әйел адам кімнің ұсынысын қабылдайтынына өте мұқият болуы қажет

Некеге дайындық

Неге ер адам үйленуді ойламас бұрын, отбасын асырай алатынына сенімді болу керек?

Т1х 5:8

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Н.с 24:27 Ер адам үйленіп, балалы болмас бұрын, ауыр еңбектеніп, отбасын асырауға дайын болу керек

Кездесіп жүрген қыз бен жігіт неге сырт көріністерінен гөрі басқалармен ақылдасуға және бір-бірін жақсырақ тануға көбірек мән беру керек?

Н.с 13:10; Пт1х 3:3—6

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Рут 2:4—7, 10—12 Бағоз Руттың қалай жұмыс істейтінін, енесіне қалай қарайтынын көрді, сондай-ақ сенімді адамдардан ол жайлы жақсы сөздер естіді және рухани күйін де байқады

    • Рут 2:8, 9, 20 Рут Бағоздың мейірімді, жомарт адам екенін және Ехобаны жақсы көретінін байқады

Неліктен Ехоба кездесіп жүрген және сөз байласқан қыз бен жігіттен моральдық тазалық сақтауды талап етеді?

Ғл 5:19; Қл 3:5; Сл1х 4:4

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Н.с 5:18, 19 Сезім білдірудің кейбір түрлері некедегі жұптарға ғана рұқсат етілген

    • Т.ә 1:2; 2:6 Кездесіп жүргенде қойшы жігіт пен шуламдық қыз бір-біріне деген ынтық сезімдерін таза жолмен көрсеткен

    • Т.ә 4:12; 8:8—10 Шуламдық қыз ұстамдылық танытып, пәктігін сақтады; ол жабық бақтай болды

Неге жұптар некелерін заңдастырулары керек?

Күйеудің рөлі

Мәсіхші күйеуге қандай маңызды міндеттер жүктелген?

Мәсіхші күйеу отағалық міндетін атқарғанда кімді үлгі етуі керек?

Күйеудің әйелін сүйіп, оған түсінікпен қарағаны қаншалықты маңызды?

Қл 3:19; Пт1х 3:7

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 21:8—12 Ыбырайымға Сараның ұсынысы жақпаса да, Ехоба оған әйелін тыңдауды айтты

    • Н.с 31:10, 11, 16, 28 Дана күйеу жақсы әйелін қадағалап отырмайды, тырнақ астынан кір іздемейді, қайта, оған сенім артады және мақтап отырады

    • Еф 5:33 Елші Пауылдың киелі рухтың жетелеуімен айтқан сөзіне қарап, әйел күйеуінің сүйіспеншілігін сезінуге ерекше мұқтаж екенін көреміз

Әйелдің рөлі

Ехоба мәсіхші әйелге қандай маңызды міндет жүктеді?

Әйелдің рөлі оның қадірін түсіре ме?

М1ж 1:26—28, 31; 2:18

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Н.с 1:8; Қ1х 7:4 Құдай әйелдер мен аналарға отбасында қандай да бір шамада билік берген

    • Қ1х 11:3 Елші Пауыл Ехоба орнатқан тәртіп бойынша, Құдіреті шексіз Құдайдан басқасының бәрінің басы бар екенін айтқан

    • Ев 13:7, 17 Қауымда ерлер де, әйелдер де басшылықты қолға алғандарға бағынады әрі мойынсұнады

Күйеуі сенуші емес мәсіхші әйел Ехобаны қалай қуанта алады?

Неге мәсіхші әйел күйеуіне әрдайым құрметпен қарауы керек?

Еф 5:33

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 18:12; Пт1х 3:5, 6 Сара күйеуіне зор құрмет танытқан, тіпті іштей оны “қожайыным” деп санаған

Киелі кітап бойынша, қандай әйел мақтауға лайық?

Н.с 19:14; 31:10, 13—31

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 24:62—67 Анасынан айырылған Ысқақты әйелі Рабиға жұбатты

    • С1ж 25:14—24, 32—38 Әбигел Дәуіттің алдына жығылып, ақымақ күйеуін де, бүкіл үй ішін де аман алып қалды

    • Ест 4:6—17; 5:1—8; 7:1—6; 8:3—6 Естер патшайым басын екі рет қатерге тігіп, патша тағында отырған күйеуінің алдына шақырусыз барды да, одан Құдай халқын құтқарып қалуды жалбарынып сұрады

Қиындықтарды шешу

Ерлі-зайыптыларға некеде туындайтын қиындықтарды шешуге қандай принциптер көмектеседі?

Ерлі-зайыптыларға қаржымен байланысты мәселелерді шешуге қандай принциптер көмектеседі?

Ерлі-зайыптыларға туыстарымен байланысты мәселелерді шешуге қандай принциптер көмектеседі?

Жыныстық қатынасқа келгенде, ерлі-зайыптылар қандай принциптерді ескеру керек?

Неге жұбайыңның кемшіліктерінен гөрі жақсы қасиеттеріне назар аудару аса маңызды?

Неге ашу-ызаға булығып жүргеннен гөрі қиындықтарды бірден әрі сүйіспеншілікпен шешкен дұрыс?

Неге мәсіхшілердің некесінде ашу-ызаға, айқайға, қорлық сөздер мен қол көтеруге мүлдем жол жоқ?

Ойлары бір жерден шықпағанда, әйелі мен күйеуі қандай мақсатты көздеу керек?

Ехобамен бірге қаланған неке қандай баталар әкеледі?

Некеге қатысты нормалар

Ехоба жыныстық қатынас пен некеге қатысты қандай нормалар орнатқан?

Мәсіхшілерге көп әйел алуға бола ма?

Неке тек ер мен әйелдің арасында ғана құрылу керектігін қайдан білеміз?

Неге ерлі-зайыптылар бір-бірінен кетпеу керек?

Мәсіхшілерге ажырасуға рұқсат беретін жалғыз себеп қандай?

Ехоба келелі себепсіз ажырасуға қалай қарайды?

Жары қайтыс болса, мәсіхші қайтадан неке құра ала ма?