Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Табандылық

Табандылық

Ехобаның қызметшілеріне табандылық қажет пе?

Неге біз кейбір адамдар ізгі хабарды тыңдамайды, тіпті қарсы шығады деп күтуіміз керек?

Мт 10:22; Жх 15:18, 19; Қ2х 6:4, 5

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Пт2х 2:5; М1ж 7:23; Мт 24:37—39 “Әділдікті уағыздаушы Нұхты” ешкім тыңдамады, Топан судан оның өзі мен отбасы ғана аман қалды

    • Т2х 3:10—14 Елші Пауыл Тімөтені табанды болуға талпындыру үшін өзінің қалай табанды болғанын айтып берді

Неге тіпті өз отбасымыз да бізге қарсы шығатынына таңғалмауымыз керек?

Мт 10:22, 36—38; Лқ 21:16—19

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 4:3—11; Ж1х 3:11, 12 Зұлым Қабыл әділ болған інісі Әбілді өлтірді

    • М1ж 37:5—8, 18—28 Жүсіп Ехоба көрсеткен түсін айтып бергенде, бауырлары оны ұстап алып, құлдыққа сатып жіберді

Қуғындалғанда неге өлімнен қорқудың қажеті жоқ?

Мт 10:28; Т2х 4:6, 7

Сондай-ақ Аян 2:10

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Дн 3:1—6, 13—18 Шадырақ, Мисақ пен Әбдінего пұтқа табынғаннан гөрі өлгеніміз артық деп шешті

    • Е.і 5:27—29, 33, 40—42 Өліммен қорқытса да, елшілер табандылықпен уағыздай берді

Жөнге салынғанда да Ехобаға адал болып қала беруге не көмектеседі?

Н.с 3:11, 12; Ев 12:5—7

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М4ж 20:9—12; М5ж 3:23—28; 31:7, 8 Ехоба жөнге салғанда Мұса пайғамбардың көңілі түсті; соған қарамастан ол ақырына дейін табанды болды

    • П2ж 20:12—18; Ш2ж 32:24—26 Езекия патша күнә жасап, Ехобаның пайғамбары оны түзеткенде, ол мұны кішіпейілділікпен қабылдады және Ехобаға әрі қарай адал қызмет ете берді

Басқалар адалдықтан тайғанда, біздің табандылығымыз қалай сыналуы мүмкін?

Ерм 1:16—19; Абқ 1:2—4

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Зб 73:2—24 Зұлымдардың өркендеп жатқанын көргенде, зәбүр жыршысы Ехобаға табандылықпен қызмет етіп жүргенім бекер ме деп күмәнданып қалды

    • Жх 6:60—62, 66—68 Көп адам Исаның соңынан ермей қойғанда, елші Петір табандылықпен Исаға ере беруді шешті

Табанды болуға бізге не көмектеседі?

Ехобаға етене жақын болу

Құдай Сөзін зерттеп, ой жүгірту арқылы білім алу

Ехобаға жүйелі түрде әрі шын жүректен дұға ету

Рм 12:12; Қл 4:2; Пт1х 4:7

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Дн 6:4—11 Даниялды өлтіру мақсатында зымиян жоспар құрылса да, Даниял ашық әрі жүйелі түрде дұға ете берді

    • Мт 26:36—46; Ев 5:7 Жердегі өмірінің соңғы түні Иса жан-тәнімен дұға етті, шәкірттерін де солай етуге талпындырды

Бауырластармен бірге ғибадат ету үшін жүйелі түрде жиналу

Ехобаның уәде еткен сыйлары туралы ойланып жүру

Ехобаға, мәсіхші бауырластарға және әділдікке деген сүйіспеншілігімізді нығайту

Сенімімізді нығайту

Азап шеккенде дұрыс көзқарас сақтау

Адалдықпен төзудің пайдасы қандай?

Ехоба Құдайды даңқтаймыз

Н.с 27:11; Жх 15:7, 8; Пт1х 1:6, 7

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Әп 1:6—12; 2:3—5 Шайтан Әйүптің мінсіздігіне күмән келтірді; Әйүп Ехобаға адалдық сақтап, соңына дейін төзсе ғана Шайтанның өтірікші екенін дәлелдемек еді

    • Рм 5:19; Пт1х 1:20, 21 Иса соңына дейін адалдықпен төзіп, мына бір маңызды сұрақтың нүктесін қойды: Кемелді адам Адам ата істей алмағанды істеп, ең ауыр сынақтың өзінде мінсіз болып қала ала ма?

Біз басқаларды табанды болуға талпындырамыз

Табанды болсақ, қызметіміз жемісті болады

Ехобаның ықыласына бөленеміз және оның уәде еткен баталарына кенелеміз