Шынайы дін мен жалған дінді араластыру
Діндердің бәрі бір Құдайға апара ма?
Ілімдері бір-біріне қайшы болса да, діндердің бәрі Ехобаға ұнамды дей аламыз ба?
Мт 7:13, 14; Жх 17:3; Еф 4:4—6
-
Ұқсас жағдайлар:
-
Еш 24:15 Ешуа кімге қызмет ететінімізді — Ехобаға ма, әлде басқа құдайларға ма — соны нақты шешуіміз керектігін айтты
-
П1ж 18:19—40 Ехоба Ілияс пайғамбар арқылы мынаны түсіндірді: шынайы Құдайға ғибадат ететіндер Бағал сияқты басқа құдайларға табынбау керек
-
Ехоба басқа халықтардың құдайларына және соларға арналған ғибадатқа қалай қарайды?
Ехобаға арналған, бірақ ол жек көретін істермен арамданған ғибадатқа ол қалай қарайды?
Иш 1:13—15; Қ1х 10:20—22; Қ2х 6:14, 15, 17
-
Ұқсас жағдайлар:
-
М2ж 32:1—10 Исраилдік бауырларының қысымына берілген Харон бұзаудың мүсінін жасап, “Ехобаға арналған мейрам” тойлады, ал Ехоба бұған қатты ашуланды
-
П1ж 12:26—30 Еробоғам патша халық Иерусалимдегі ғибадатханаға бармасын деп, пұттар жасады және олар Ехобаны бейнелейді деді, осылай ол халықты күнәға батырды
-
Ехоба өз халқына басқа құдайларға табынатын адамдармен араласуға қатысты не деп ескертті?
Халқы басқа діндердің арам істеріне ортақтасқанда, Ехоба бұған қалай қарады?
Би 10:6, 7; Зб 106:35—40; Ерм 44:2, 3
-
Ұқсас жағдайлар:
-
П1ж 11:1—9 Жатжерлік әйелдерінің қысымымен Сүлеймен патша жалған құдайларға бас ұрып кетті, тіпті халықты да соған тартты, осылай Ехобаның ашуын туғызды
-
Зб 78:40, 41, 55—62 Асап Исраил халқының бүлік шығарып, пұтқа табынғаны Ехобаның жүрегін ауыртқанын және сол үшін ол халқынан бас тартқанын айтып берді
-
Иса Құдай Сөзіне қайшы келетін діни ілімдерді құптаған ба?
-
Ұқсас жағдайлар:
-
Мт 16:6, 12 Иса парызшылдар мен саддукейлердің жалған ілімдерін ашытқыға теңеді, өйткені бұл ілімдер жылдам тарайтын әрі Құдай Сөзіндегі таза шындықтарды арамдайтын
-
Мт 23:5—7, 23—33 Иса дін мұғалімдері мен парызшылардың екіжүзділіктері мен жалған ілімдерін қатаң әшкереледі
-
Мр 7:5—9 Иса дін мұғалімдері мен парызшыларды адамдардың дәстүрін Құдай Сөзіндегі ілімдерден жоғары қойғандары үшін айыптады
-
Иса ізбасарларын діни ағымдарға бөлінуге талпындырған ба?
-
Ұқсас жағдайлар:
-
Жх 15:4, 5 Иса жүзім бұтасын мысалға келтіріп, ізбасарлары оның өзімен де, бір сенімдегі мәсіхшілермен де бірлікте болу керектігін айтты
-
Жх 17:1, 6, 11, 20—23 Өлер алдындағы түні Иса дұғада шынайы ізбасарларының арасында бірлік болуын сұрады
-
I ғасырда қауымдардың бәрі Ехобаға бірдей жолмен ғибадат етіп, бірдей ілімдерді ұстанған ба?
-
Ұқсас жағдайлар:
-
Е.і 11:20—23, 25, 26 Антиохия мен Иерусалимдегі қауымдардың бірлігі де, өзара қызметтестігі де өте жақсы болды
-
Рм 15:25, 26; Қ2х 8:1—7 I ғасырдағы әртүрлі қауымдар қиын шақта бір-біріне жомарттықпен көмектесті, осылай сүйіспеншілік оларды біріктіріп тұрғанын көрсетті
-
Исаны мойындайтын діндердің бәрін Құдай құптай ма?
Мәсіх пен оның елшілері үйреткендерді мойындамайтындардың ғибадаты жарамды ма?
-
Ұқсас жағдайлар:
-
Мт 13:24—30, 36—43 Иса егіндіктің арасынан қаулап шығатын арамшөпті мысалға келтіріп, көптеген жалған мәсіхшілер пайда болатынын және қауымға еніп алатынын айтты
-
Ж1х 2:18, 19 Егде тартқан елші Жоханның сөздерінен Мәсіхке қарсы шығушылар I ғасырдың аяғында-ақ пайда болғанын көреміз
-
Жалған ілімдерді үйрететін және жүріс-тұрысы мәсіхшілерге сай емес адамдар қауымда жүре берсе, не болады?
Мәсіхшілер араларындағы бірлікті сақтап қалу үшін не істеу керек?
Неге мәсіхшілер жалған дінге мүлдем жоламау керек?
Неге адамдарға жалған діндердің ілімдерін әшкерелеп бергеніміз дұрыс?
Жалған дінді ұстанатындар таза ғибадатты ұстанатындарға қарсы шығып, аяусыз қудалап жатса, неге таңғалмаймыз?