Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Әлеуметтік теңсіздіктер

Әлеуметтік теңсіздіктер

Құдай адамның нәсіліне, шыққан тегіне не тұрмыс деңгейіне қарап, біреуді біреуден жоғары қоя ма?

Е.і 17:26, 27; Рм 3:23—27; Ғл 2:6; 3:28

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Жх 8:31—40 Кейбір яһудилер Ыбырайымның ұрпағы болғандары үшін өздерін мақтан тұтқан; бірақ Иса оларды түзетті, өйткені олардың бірде-бір ісі Ыбырайымдікіне ұқсамаған

Басқа нәсілдің не ұлттың адамын өзімізден төмен санау дұрыс па?

Жх 3:16; Рм 2:11

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Жнс 4:1—11 Ехоба Жүніс пайғамбарға өзге ұлттың адамдары — ниневиялықтарға мейірімді болуды шыдамдылықпен үйретті

    • Е.і 10:1—8, 24—29, 34, 35 Елші Петір басқа ұлт адамдарын арам деп санамау керектігін үйренді, соның арқасында ол Корнел мен оның үй ішіне көмектесіп, олар сүндеттелмеген өзге ұлт адамдарының арасынан бірінші мәсіхшілер болды

Бақуатты мәсіхшілер өздерін жоғары санап, өздеріне ерекше қарауды талап ету керек пе?

Бақылаушы міндетін атқаратындар өзгелерден жоғары ма және басқаларға үстемдік ету керек пе?

Қ2х 1:24; Пт1х 5:2, 3

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М5ж 17:18—20 Ехоба халықты патшаның бауырлары деп қарастырғандықтан, Исраил патшаларына өздерін халықтан жоғары қоюға тыйым салды

    • Мр 10:35—45 Елшілері жоғары дәрежеге ие болуға ұмтылғанда, Иса оларды түзетті

Қандай адам Құдайдың ықыласына ие бола алады?

Мәсіхшілер қоғамдық көтерілістерге қатысу керек пе?

Еф 6:5—9; Т1х 6:1, 2

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Жх 6:14, 15 Халық Исадан қоғамдық жағдайды жақсартады деп күткен болар, бірақ Иса жерде патша болудан бас тартты