1-бөлімді қайталау
Тәлімгеріңізбен бірге төмендегі сұрақтарды талқылаңыз:
Киелі кітаптағы болашақ туралы уәделердің қайсысы сізге ұнады?
(2-сабақты қараңыз).
Киелі кітаптың Құдай Сөзі екеніне не көзіңізді жеткізді?
(3, 5-сабақтарды қараңыз).
Ехобаның атын айту неліктен маңызды?
(4-сабақты қараңыз).
Киелі кітапта Құдай “өмірдің қайнар көзі” делінген (Зәбүр 36:9). Сіз соған сенесіз бе?
(6-сабақты қараңыз).
Нақыл сөздер 3:32 оқыңыз.
Неге тек Ехоба бізге ең керемет дос бола алады?
Ехоба достарының қандай болғанын қалайды? Сіз бұл туралы не ойлайсыз?
(7, 8-сабақтарды қараңыз).
Зәбүр 62:8 оқыңыз.
Сіз Ехобаға не туралы дұға еттіңіз? Тағы не жайында айтсаңыз болады?
Ехоба дұғаларға қалай жауап береді?
(9-сабақты қараңыз).
Еврейлерге 10:24, 25 оқыңыз.
Ехоба куәгерлерінің жиындары сізге қандай пайдасын тигізеді?
Жиындарға бару неге күш салуға тұрарлық деп ойлайсыз?
(10-сабақты қараңыз).
Неге Киелі кітапты үнемі оқып отырған дұрыс? Киелі кітапты күнделікті оқитын кестеңіз бар ма?
(11-сабақты қараңыз).
Киелі кітапты зерттеу барысында сізге әсіресе не ұнады?
Киелі кітапты зерттегелі бері қандай қиындыққа я кедергіге тап болдыңыз? Зерттеуді тастамауға сізге не көмектеседі?
(12-сабақты қараңыз).