Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

14-САБАҚ

Қай кезде ғибадатымыз Құдайға ұнамды болады?

Қай кезде ғибадатымыз Құдайға ұнамды болады?

Алдыңғы сабақта талқыланғандай, Құдай барлық діндерді құптай бермейді. Алайда Жаратушымыздың көңілін разы ететіндей ғибадат етуге болады. Ендеше, оған қандай ғибадат немесе дін ұнайды? (Жақып 1:27). Бұл орайда Киелі жазбалардың не дейтінін көрейік.

1. Құдайға қалай дұрыс ғибадат ету керектігін қайдан білеміз?

Біз мұны Киелі кітаптан білеміз. Иса пайғамбар Құдайға: “Сенің сөзің — шындық”,— деген (Жохан 17:17). Өкінішке қарай, кейбір діндер Құдай Сөзіндегі, яғни Киелі кітаптағы шындықты емес, адам ойынан шыққан тәлімдер мен салт-дәстүрлерді үйретеді. Бірақ Ехоба Құдай оның “заңдарын шетке ысырып тастайтындарды” жаратпайды (Марқа 7:9 оқыңыз). Ал адам Киелі кітапта жазылғандардан еш ауытқымай, ондағы кеңестерді орындайтын болса, Құдайдың жүрегі қуанады.

2. Ехобаға қалай ғибадат етуіміз керек?

Ехоба Жаратушымыз болғандықтан, оған қалтқысыз берілуімізге лайық (Аян 4:11). Қалтқысыз берілу дегеніміз — Құдайды шексіз сүйіп, тек оған ғана құлшылық ету, сондай-ақ ешқандай пұттарды, мүсіндерді (я икондарды) пайдаланбау (Ишая 42:8 оқыңыз).

Біздің мінажатымыз “қасиетті, Құдайға ұнамды” болуы тиіс (Римдіктерге 12:1). Бұл үшін Құдайдың заң-талаптарына сай өмір сүруіміз керек. Мысалы, Ехобаны жақсы көретін адам оның некеге қойған талаптарын да жақсы көріп, орындайды. Сонымен қатар темекіден, есірткіден, маскүнемдік сияқты зиянды әдеттерден аулақ болады a.

3. Неге біз Ехобаға оған сенетіндермен бірге ғибадат етуіміз керек?

Біз апта сайын “Ехобаны мадақтап... қауымда даңқтау” үшін бірге бас қосамыз (Зәбүр 111:1, 2). Құдайды мадақтаудың бір жолы — оған арнап ән шырқау (Зәбүр 104:33 оқыңыз). Неге Ехоба қауым кездесулеріне барғанымызды қалайды? Себебі ол бізді жақсы көреді, әрі қауым кездесулері арқылы бізге өмірдің рақатын мәңгі көруге көмектескісі келеді. Біз бірге бас қосқанда, бір-бірімізден жігер аламыз.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехоба неге пұттар мен мүсіндерге табынуға қарсы екенін білейік. Сондай-ақ Құдайды мадақтаудың маңызды жолдарын көрейік.

4. Біз мүсіндерге табынбауымыз керек

Бұның Құдайға еш ұнамайтынын қайдан білеміз? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ежелде Құдайға пұт арқылы табынбақшы болған Құдай халқымен не болды?

Кейбіреулер мүсіндер арқылы Құдайға жақын бола аламын деп ойлайды. Бірақ бұл шын мәнінде Құдайға жақындата ма, әлде алыстата ма? Мұсаның 2-жазбасы 20:4—6 мен Зәбүр 106:35, 36 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Адамдардың не нәрсеге табынатынын көрдіңіз?

  • Мүсіндерге табынуға қатысты Ехобаның ойы қандай?

  • Ал сіздің ойыңыз қандай?

5. Тек Ехобаға ғибадат етсек, жалған наным-сенімдерден босаймыз

Ехобаға дұрыс ғибадат етсек, қалай жалған наным-сенімдерден азат боламыз? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Зәбүр 91:14 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Тек Ехобаға ғана ғибадат етіп, оны жақсы көретінімізді көрсетсек, ол бізге нені уәде етеді?

6. Біз Құдайға қауымда ғибадат етеміз

Біз қауымда түсініктеме бергенде, Ехобаны мадақтаймыз және бір-бірімізді нығайтамыз. Зәбүр 22:22 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Өзгелердің түсініктеме бергені сізге ұнай ма?

  • Ал сіз түсініктеме бергіңіз келер ме еді?

7. Білгенімізді өзгелерге айтқанда, Ехоба қуанады

Киелі кітап шындықтарын басқаларға айтудың жолы көп. Зәбүр 9:1 және 34:1 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Киелі кітаптан білгеніңіздің қайсысын біреуге айтқыңыз келер еді?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Құдайға қалай құлшылық етсе де, әркім өзі біледі”.

  • Сіз не ойлайсыз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Біз Жаратушымызға ұнау үшін, тек оған ғана ғибадат етіп, қауымда оны мадақтап, білгенімізді өзгелерге айтамыз.

Қайталау

  • Құдайға қалай дұрыс ғибадат ету керектігін қайдан білсек болады?

  • Неге біз тек Ехобаға құлшылық етуіміз керек?

  • Неге біз Ехобаны сүйетіндермен бірге ғибадат етуіміз керек?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Бір әйелдің “Мен енді пұттарға табынбаймын” деген өмірбаянында неге олай шешкені жайлы оқып көріңіз.

“Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы” (ор.), 1 шілде, 2011)

Қауым кездесулерінде түсініктеме беруге не көмектесетінін оқып көріңіз.

“Ехобаны қауымда мадақтайық” (“Күзет мұнарасы”, қаңтар, 2019)

Қиын болғанына қарамай, қауымға барып жүргені бір жас жігітке қандай пайдасын тигізгенін біліңіз.

“Ехоба мені қамқорлады” (3:07)

Көп адам айқышты (крестті) христиан дінімен байланыстырады, бірақ біз Құдайға құлшылық еткенде оны қолдануымыз керек пе?

“Неге Ехоба куәгерлері ғибадат еткенде айқышты қолданбайды?” (jw.org сайтындағы мақала)

a Бұл туралы кейінгі сабақтарда қарастырылады.