Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

11-САБАҚ

Шабытпен сөйлеу

Шабытпен сөйлеу

Римдіктерге 12:11

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Жандандырып сөйлеу арқылы тыңдаушыларды іс-әрекетке ынталандырыңыз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Мәліметті жүректен өткізу. Дайындық кезінде айтқалы жатқан хабарыңыздың маңыздылығы жөнінде терең ойланыңыз. Мәліметіңізбен жақсы таныс болыңыз, сонда шын жүректен сөйлей аласыз.

  • Тыңдаушыларды ойлау. Оқығалы я үйреткелі жатқандарыңыз өзгелерге қандай пайдасын тигізетіні жайында ой жүгіртіңіз. Сөйтіп, мәліметіңізді тыңдаушыларға пайдалы болатындай етіп жеткізудің жолдарын іздестіріңіз.

  • Мәліметке жан бітіру. Ынты-шынтыңызбен сөйлеңіз. Шынайы ишарат пен бет қимылы арқылы сезімдеріңізді көрсетіңіз.