Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

14-САБАҚ

Негізгі ойларға баса назар аудару

Негізгі ойларға баса назар аудару

Еврейлерге 8:1

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларға баяндамаңызға ілесіп отыруға көмектесіңіз, әрбір негізгі ой тақырыбыңызбен және мақсатыңызбен қалай байланысатынын анық көрсетіңіз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Мақсатыңызды анықтау. Баяндаманың мақсаты ақпарат беру ме, көз жеткізу ме, әлде тыңдаушыларды іс-әрекетке талпындыру ма? Осыны анықтаған соң, баяндаманы сол бағытта өрбітіңіз. Негізгі ойлардың бәрі мақсатыңызға қол жеткізуге көмектесу керек.

  • Баяндаманың тақырыбына екпін түсіріп отыру. Баяндама барысында тақырыбыңызға оралып отырыңыз. Бұл үшін оның негізгі сөздерін қайталаңыз немесе синонимдерін қолданыңыз.

  • Негізгі ойларды анық әрі қарапайым ету. Тақырыбыңызбен байланысы бар және берілген уақыт ішінде жақсылап жеткізе алатын негізгі ойларды ғана таңдаңыз. Негізгі ойларыңыз көп болып кетпесін. Олардың әрқайсысын анық көрсетіңіз, араларында кідіріс жасаңыз, бір ойдан екінші ойға күрт секіріп кетпеңіз.