Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

17-САБАҚ

Түсінікті сөйлеу

Түсінікті сөйлеу

Қорынттықтарға 1-хат 14:9

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларға айтып жатқандарыңыздың мәнін түсінуге көмектесіңіз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Мәліметті тиянақты зерттеу. Тақырыбыңызды жіті түсініп алыңыз, сонда оны өз сөзіңізбен қарапайым етіп жеткізе аласыз.

  • Қысқа сөйлемдер мен қарапайым тіркестерді қолдану. Ұзын сөйлемдерді қолдануға болғанмен, негізгі ойларды қысқа да нұсқа сөздермен және сөйлемдермен жеткізуге тырысыңыз.

  • Таныс емес терминдерді түсіндіру. Тыңдаушыларға таныс емес сөздерді не тіркестерді мүмкіндігінше аз қолданыңыз. Егер жұртқа беймәлім терминдерді немесе Киелі кітап кейіпкерлері, көне өлшем бірліктері мен әдет-ғұрыптар жайлы айту керек болса, оларды түсіндіре кетіңіз.