Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

19-САБАҚ

Жүрекке жеткізіп сөйлеу

Жүрекке жеткізіп сөйлеу

Нақыл сөздер 3:1

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушылардың бойында естіп-білгендері үшін ризашылық пен оны іс жүзіне асыруға деген ықылас оятыңыз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Тыңдаушыларға өздерін тексеруге көмектесу. Оларға өз ой-сезімдерін тексеруге көмектесу үшін, риторикалық сұрақтар қойыңыз.

  • Тыңдаушылардың игі ниетіне сеніп, талпындыру. Оларды игі істерді неліктен істеп жүргендерін саралауға шақырыңыз. Бойларында ең ізгі ниетті, атап айтқанда, Ехоба мен адамдарға және Киелі кітап ілімдеріне деген сүйіспеншілікті оятуға тырысыңыз. Олармен бірге ой жүгіртіңіз. Өктем сөйлеуден қашық болыңыз. Тыңдаушыларды ұялтып-қызартпаңыз. Қайта, баяндамадан соң көңілдері жадырап, қолдан келгендерін істеуге талпынатындай болсын.

  • Назарларын Ехобаға бұру. Киелі кітап ілімдерінің, принциптері мен өсиеттерінің артындағы Құдайдың керемет қасиеттері мен бізге деген сүйіспеншілігіне ерекше тоқталыңыз. Тыңдаушылардың бойларына Ехобаның сезімдерін есепке алуға және оған ұнамды болуға деген ықылас ұялатыңыз.