Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

20-САБАҚ

Ұтымды қорытынды сөз

Ұтымды қорытынды сөз

Уағыздаушы 12:13, 14

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Сөздің соңында тыңдаушыларды айтылған мәліметті көңілге түйіп, іс жүзінде қолдануға талпындырыңыз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Қорытындыны тақырыппен байланыстыру. Тақырып пен негізгі ойларды қайталап шығыңыз немесе оларды басқа сөздермен айтып өтіңіз.

  • Тыңдаушыларға талпыныс беру. Оларға не істеу керектігін және соның келелі себебін айтыңыз. Ынта-жігермен әрі нық сеніммен сөйлеңіз.

  • Қорытындыны қарапайым да қысқа жеткізу. Қорытынды жасағанда, жаңа ойлар айтпаңыз. Сөз соңында бірауыз сөзбен тыңдаушыларды игі іске талпындырыңыз.