Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6-САБАҚ

Жазба орнын оқудағы мақсатты түсіндіру

Жазба орнын оқудағы мақсатты түсіндіру

Жохан 10:33—36

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тармақты оқи салып, келесі ойға өтіп кетпеңіз. Тыңдаушылар оқыған тармағыңыз бен айтып жатқан ойыңыздың арасындағы байланысты анық көре алсын.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Негізгі сөздерді ерекшелеу. Тармақты оқып болған соң, басты ойға тікелей қатысы бар сөздерге көңіл бөліңіз. Бұл үшін сол сөздерді қайталап айтуға болады немесе тыңдаушыларға негізгі сөздерді табуға көмектесетін сұрақ қоюға болады.

  • Ойды ерекшелеу. Егер тармақты не себептен оқығалы жатқаныңызды айтсаңыз, оқып болған соң, сол себебіңізді тармақтағы негізгі сөздер қалай растайтынын түсіндіріңіз.

  • Қарапайым түсіндіру. Басты ойға қатысы жоқ ұсақ-түйек жайттарды түсіндіріп кетпеңіз. Тыңдаушыларыңыз талқыланып жатқан тақырып жайлы не білетінін ескере отырып, ойды анық түсінуге қажетті мәліметтерді ғана келтіріңіз.