7-САБАҚ
Тура да сенімді мәліметтер
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
-
Сенуге тұрарлық мәлімет көздеріне жүгіну. Сөзіңізге Құдай Сөзін арқау етіңіз, мүмкін болса, одан тікелей оқып беріңіз. Қандай да бір ғылыми деректі, жаңалықты, оқиғаны я басқа да айғақтарды келтіргіңіз келсе, олардың сенімді екенін әрі ескірген-ескірмегенін алдын ала тексеріңіз.
-
Мәлімет көздерін дұрыс пайдалану. Жазба орнын түсіндіргенде, оның мәнмәтінге, жалпы Киелі кітапта жазылғандарға және “адал да ақылды құлдың” басылымдарына сай келетініне көз жеткізіңіз (Мат. 24:45). Осы дүниелік мәлімет көздеріндегі ойларды да дұрыс пайдаланыңыз: оларды түпнұсқадағы мәнмәтіннен “жұлып” алмаңыз, автордың айтқысы келген ойынан ауытқып кетпеңіз.
-
Мәлімет жөнінде ой жүгіртуге көмектесу. Киелі кітап тармағын оқыған соң я қандай да бір мағлұматты келтірген соң, ізетпен сұрақтар қойыңыз немесе мысал келтіріңіз. Сонда тыңдаушылардың өздері бір тұжырымға келе алады.