Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

8-САБАҚ

Тәлім берерлік мысалдар

Тәлім берерлік мысалдар

Матай 13:34, 35

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларға тартымды болатын әрі маңызды ойларды ұғуға көмектесетін қарапайым мысалдар келтіріп, тәліміңізді көркейте түсіңіз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Қарапайым мысалдар келтіру. Исаға еліктеп, кішкене нәрселермен үлкен нәрселерді, қарапайым нәрселермен күрделі нәрселерді түсіндіріңіз. Мысалыңыз күрделі болып кетпеу үшін, қажетсіз ұсақ-түйекті қоспаңыз. Онда келтірген жайттар үйреткіңіз келген тәлімге тікелей қатысы бар екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе тыңдаушылар қажетсіз жайттарға алаңдап кетуі мүмкін.

  • Тыңдаушыларды ойда тұту. Мысалдар таңдағанда, тыңдаушыларыңыз айналысатын және қызығатын істерді есепке алыңыз. Абай болыңыз: мысалдарыңыз тыңдаушыларды ыңғайсыз жағдайға қалдырып, көңілдеріне тиіп жүрмесін.

  • Негізгі ойдан алыстамау. Болмашы майда-шүйде жайттарды емес, негізгі ойларды ашатын мысалдар келтіріңіз. Тыңдаушы мысалды ғана емес, астарында жатқан өсиетті де есте сақтайтындай болсын.