Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!

Езекиел кітабында таза ғибадаттың қалпына келуі жайлы көптеген пайғамбарлықтар жазылған. Олардың бізге қандай қатысы бар?

Басқарушы кеңестің хаты

Біздің бар тілейтініміз, осы кітап сізге Ехобаға ғана тиесілі ғибадатты оған арнауға көмектессе екен.

Кітаптың ерекшеліктерін түсіндіру

Қоршаулар мен уақыт тізбегінде берілген көмекші мәліметтер түсінігіңізді кеңейте түспек.

1-ТАРАУ

“Ехоба Құдайыңа ғибадат ет”

Едем бағында бүлік шығарған кезде, Шайтан Ехобаның билік ету құқығына күмән келтіріп қана қоймай, таза ғибадатқа да қарсы шабуылын бастаған.

2-ТАРАУ

Құдай олардың сый-тартуын қабыл алды

Адал ер адамдардың үлгісіне қарап, Құдайға ұнамды ғибадат негізгі төрт талапқа сай болу керектігін білеміз.

3-ТАРАУ

“Құдайдан аян алдым”

Езекиел өзінің көрген бірінші аянынан қатты әсер алды. Сол аянның бүгінгі Құдайдың қызметшілері үшін мәні зор.

4-ТАРАУ

“Төрт беті бар тіршілік иелері” нені бейнелейді?

Ехоба көзге көрінбейтін көктегі нәрселерді түсіндіру үшін Езекиелге аяндар берген. Соның арқасында біз күрделі шындықтарды түсіне аламыз.

5-ТАРАУ

“Олардың қандай жиренішті істермен айналысып жатқанына қара”

Езекиел бүкіл халықтың әбден құлдырағанын көрсететін жаға ұстатарлық төрт көрініс көрді.

6-ТАРАУ

“Күндеріңнің соңы келіп жетті”

Езекиелдің пайғамбарлық қойылымдары Ехобаның Иерусалимге деген қаһарының көрінісі болды.

7-ТАРАУ

Халықтар “менің Ехоба екенімді білетін болады”

Ехобаға қарсы шығатын, оның халқын қуғындайтын, теріс жолға азғыратын халықтар бұл үшін жазасыз қалмайды. Біз Исраил мен оның айналасындағы халықтардан қандай сабақ аламыз?

8-ТАРАУ

“Бір бағушы тағайындаймын”

Құдай Езекиел пайғамбарға Мәсіх жайлы, болашақ Билеуші әрі Бағушы жайлы пайғамбарлық жаздырды. Мәсіх таза ғибадатты біржола қалпына келтіріп, Құдайдың отарын аялап, қамқорлайды.

9-ТАРАУ

“Мен оларға біртұтас жүрек беремін”

Бабылда тұтқында жүрген адал яһудилерге берілген уәделердің бізге қандай қатысы бар?

10-ТАРАУ

“Сендер... тірілесіңдер”

Езекиел аянда аңғардағы сүйектердің тірілгенін көрді. Бұл аян нені білдіреді?

11-ТАРАУ

“Сені... күзетші етіп тағайындадым”

Бұл күзетшінің міндетіне не кірген? Ол не туралы ескерткен?

12-ТАРАУ

“Мен оларды... бір халық етемін”

Ехоба өз халқын біріктіретінін уәде етті.

13-ТАРАУ

“Ғибадатхананы сипаттап бер”

Езекиел аянда көрген ғибадатхананың мағынасы қандай?

14-ТАРАУ

“Ғибадатханаға қатысты заң — осы”

Езекиелдің заманындағы яһудилер ғибадатхана жайлы аяннан қандай тәлім алды? Ал біз үшін бұл аянның мәні қандай?

15-ТАРАУ

“Жезөкшелігіңді тыямын”

Езекиел мен Аян кітабындағы жезөкшелер туралы жазылғандардан не білеміз?

16-ТАРАУ

“Маңдайларына таңба қойып шық”

Езекиелдің кезіндегі адал жандарға құтқарылу таңбасының қалай қойылғаны біз үшін зор мәнге ие.

17-ТАРАУ

“Ей, Гог... мен саған қарсы шығамын!”

Магог жеріндегі Гог деген кім және ол қандай елге шабуыл жасайды?

18-ТАРАУ

“Менің қаһарым оттай лаулайды”

Гог шабуыл жасаған кезде, Ехоба қаһарына мініп, өз халқын қорғайды.

19-ТАРАУ

“Өзен суы аққан жердің бәрінде тіршілік пайда болады”

Неге Езекиелдің ғибадатханадан ағып жатқан өзен жайлы аяны ежелде орындалды, қазір орындалуда, болашақта да орындалады дей аламыз?

20-ТАРАУ

“Жерді мұралы үлестерге бөліңдер”

Аянда Құдай Езекиел мен оның жер аударылған бауырларына Уәде етілген жерді Исраилдің руларына бөліп беруді тапсырды.

21-ТАРАУ

“Бұл қала “Ехоба сол жерде” деп аталатын болады”

Езекиелдің аянындағы қала мен оның мағынаға толы атынан не білеміз?

22-ТАРАУ

“Құдайға ғибадат ет!”

Бұл басылым Ехоба Құдайға ғана ғибадат етуге деген шешімімізді бекемдеу үшін шығарылған.

Жаңа түсініктерге шолу

Езекиел кітабындағы кейбір пайғамбарлықтарға қатысты түсінігіміздің өзгеруіне не себеп болды?

ҚОРШАУ 1А

Ғибадат деген не?

Ғибадат деген нені білдіреді? Оған Езекиел кітабында қалай ерекше назар аударылады? Таза ғибадатқа не жатады?

ҚОРШАУ 1Ә

Езекиел кітабына шолу

Езекиел кітабы хронологиялық ретпен әрі тақырып бойынша жазылған.

ҚОРШАУ 2А

Езекиелдің пайғамбарлықтарын түсіну

Езекиел кітабында аяндар, мысалдар, астарлы әңгімелер мен қойылымдар бар. Олардың көбісі Құдайдың алда болатын жайттарды алдын ала жеткізген хабарлары болып табылады.

ҚОРШАУ 2Ә

Езекиелдің өмірі мен заманы

Езекиел пайғамбардың тұсында басқа да пайғамбарлар болған. Ол халқының басына түскен елеулі оқиғаларға куә болған.

ҚОРШАУ 3А

Бабылға апарған ұзақ жол

Тұтқындар Яһуда жерінен Бабылға дейін қандай жолмен жүрген болуы мүмкін?

ҚОРШАУ 4А

“Төрт беті бар тіршілік иелері”

Ежелгі Ассирия мен Бабылдағы алып мүсіндердің және Езекиелдің аянындағы төрт тіршілік иесінің қандай орасан зор айырмашылығы бар?

ҚОРШАУ 5А

“Адам ұлы, мынаны көрдің бе?”

Езекиел ғибадатханада және оның ауласында жиренішті төрт нәрсе көрді.

ҚОРШАУ 6А

“Шашың мен сақалыңды қырып таста”

Құдайдың нұсқауымен Езекиел пайғамбар Иерусалимге төніп тұрған жайттарды қойылым ретінде көрсетті.

ҚОРШАУ 7А

Иерусалимді қоршаған халықтар

Яһуда мен көршілес халықтардың арасында көптеген соғыстар болды.

ҚОРШАУ 7Ә

Езекиел кітабындағы негізгі тіркестер

Ехоба мен пайғамбарға қатысты кейбір тіркестер Езекиел кітабында көп рет кездеседі.

ҚОРШАУ 8А

Мәсіх туралы пайғамбарлық. Керемет қарағай ағашы

Езекиел кітабының 17-тарауында жазылған жұмбақтың мәні неде?

ҚОРШАУ 8Ә

Мәсіх туралы үш пайғамбарлық

Құдай халқының болашақ Билеушісі сенім артуымызға әбден лайық болатынын Езекиел пайғамбарлық еткен.

ҚОРШАУ 9А

Ехоба өзінің уәдесіне берік. Ежелгі заман

Ехоба Езекиелге азаттық пен қайта қалпына келу жайында бес уәде жаздырды.

ҚОРШАУ 9Ә

Неге 1919 жыл?

Неге Құдай халқы Ұлы Бабылдың тұтқындығынан 1919 жылы азат етілді деп айта аламыз?

ҚОРШАУ 9Б

Ехоба өзінің уәдесіне берік. Бүгінгі заман

Құдайдың кейбір уәделерінің екі орындалуы бар. Олар біздің заманымызда қалай орындалған?

ҚОРШАУ 9В

Тұтқындық пен қалпына келтіру жайлы пайғамбарлықтар

Яһудилердің Бабылға тұтқынға әкетілетіні мен қалпына келетіні жайлы пайғамбарлықтар ғасырлар өте Мәсіхшілер қауымы тұтқындыққа түсіп, кейін қалпына келгенде екінші рет әрі үлкен көлемде орындалды.

ҚОРШАУ 9Г

“Барлық нәрселер қалпына келетін уақыт”

Елші Петір Мәсіхтің таққа отырған кезінен бастап Мыңжылдық биліктің соңына дейін созылатын тамаша бір кезең туралы пайғамбарлық еткен.

ҚОРШАУ 10А

Таза ғибадат бірте-бірте қалпына келді

Бүгіндегі уағыз ісінің тарихы қалай басталды?

ҚОРШАУ 10Ә

“Қурап қалған сүйектер” және “екі куәгер”. Олардың қандай байланысы бар?

Бұл пайғамбарлықтар біздің заманымызда қалай орындалды?

ҚОРШАУ 10Б

Ол сізді аяққа тұрғызады

Кейде өмірдің қыспақтары мен сынақтары қатты қажытуы мүмкін. Бірақ қурап қалған сүйектерге жан біткені жайлы аян бойымызға жігер құяды.

ҚОРШАУ 11А

Үлгі болған күзетшілер

Күзетшілер қарсылық көрді, адалдықтарынан таймады, ескертумен қатар ізгі хабар айтты.

ҚОРШАУ 12А

Екі таяқтың бірігуі

Екі таяқ ежелде кімдерді бейнеледі, ал бүгінде кімдерді бейнелейді?

ҚОРШАУ 13А

Екі бөлек мағынасы бар екі бөлек ғибадатхана

Езекиелдің аянындағы ғибадатхана Пауыл сипаттаған рухани ғибадатханадан несімен ерекшеленеді?

ҚОРШАУ 14А

Езекиелдің ғибадатхана жайлы аянынан алар тәліміміз

Езекиел аянда көрген ғибадатхананың айналасының көрінісіне қарап, ғибадатыңызға қатысты қандай тәлім ала аласыз?

ҚОРШАУ 15А

Апалы-сіңлілі екі жезөкше

Охола мен Охолиба туралы мысалдан Ехоба оның киелі есімін қорлайтын және таза ғибадатқа қатысты орнатқан нормаларын аяқасты ететін адамдарға қалай қарайтынын білеміз.

ҚОРШАУ 16А

Мәсіхшілер әлемі Иерусалимнің бейнесі ме?

Жаңа түсінікке негіз болған жайттар.

ҚОРШАУ 16Ә

Аһ ұрып күрсіну, таңба қою, шоқпармен қыру. Қашан және қалай орындалды?

Езекиел кітабының 9-тарауында жазылған аян осы дүниенің ақырын зор сенімділікпен қарсы алуға көмектеседі.

ҚОРШАУ 18А

Ехобаның алдағы ұлы соғыс жайындағы ескертулері

Киелі кітапта Құдай оған қарсы шығатындардың бәрін жойып жіберетін соғыс болатыны жайлы айтылған.

ҚОРШАУ 19А

Ехобаның баталарына толы өзендер

Киелі кітаптың екі жазушысы Ехобаның баталарын бірдей суреттеген.

ҚОРШАУ 19Ә

Сыздықтап аққан судың өзенге айналуы

Құдайдың ғибадатханасынан аққан өзен нені білдіреді?

ҚОРШАУ 20А

Жерді үлестерге бөлу

Жерді бөлу туралы Езекиелдің аяны Бабылға жер аударылған яһудилерді ғана емес, бүгінгі кездегі Құдай халқын да жігерлендіреді.

ҚОРШАУ 21А

“Тарту ретінде бөліп қойыңдар”

Құдай бөлектеп алған жер қандай бес бөліктен тұрады? Олар не мақсатпен бөлінді?

ҚОРШАУ 22А

Соңғы сынақтан өту

Соңғы сынақтан өткендерді қандай болашақ күтіп тұр?