Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 14А

Езекиелдің ғибадатхана жайлы аянынан алар тәліміміз

Езекиелдің ғибадатхана жайлы аянынан алар тәліміміз

Ехобаның таза ғибадатты асқақтатуы әрі қорғауы

Аянда ғибадатхана “өте биік таудың басына” тұрғызылып асқақтатылған (1). Біз таза ғибадатты асқақтатып, оны өмірімізде бәрінен де жоғары қоямыз ба?

Өте кең аумағы (3) бар ғибадатхана кешенін қоршап тұрған сыртқы дуал (2) Ехобаға деген ғибадатымызды еш нәрсенің ластауына жол бермеуіміз керектігін есімізге салады. Езекиел 42:20-да дуал “қасиетті мен қасиетті емес жерді” бөліп тұру үшін қойылғаны айтылған. Бұл жердегі “қасиетті емес” деген тіркес рухани істерге жатпайтын әдеттегі істерді білдіреді. Тіпті осындай нәрселердің өзін таза ғибадаттан алшақ ұстау қажет болса, онда Ехобаға ғибадат ететін адам арам не азғын жүріс-тұрыстан одан бетер аулақ болуы тиіс емес пе?!

Мәңгілік баталар

Ғибадатханадан сыздықтап, кейіннен екпіндеп аққан су жерге тіршілік пен молшылық дарытады (4). Бұл баталар жайында осы кітаптың 19-тарауында қарастырылады.

Барлығына ортақ нормалар

Биік сыртқы қақпа ғимараттары (5) мен ішкі қақпа ғимараттары (9) Ехобаның таза ғибадат ететіндер үшін жүріс-тұрысқа қатысты орнатқан жоғары нормаларын еске салады. Осы сыртқы және ішкі қақпа ғимараттарының жалпы өлшемдері бірдей болған. Бұдан білеріміз, қызметшілері қандай жауапты қызмет атқармасын, Ехобаның әділ талаптары барлығы үшін бірдей.

Ехобамен дастарқандас болу

Ас бөлмелер (8) ежелде Құдай халқы өздері әкелген кейбір құрбандықтардан ғибадатханада жей алғанын, басқаша айтқанда, Ехобамен дастарқандас болғанын еске салады. Алайда бүгінде мәсіхшілер ғибадат ететін рухани ғибадатханада олай емес, себебі онда “тек бір” ғана құрбандық шалынып қойылған (Евр. 10:12). Әйтсе де біз мадақтау құрбандығын ұсынамыз (Евр. 13:15).

Құдай берген кепілдік

Аяндағы егжей-тегжейлі өлшемдер жайында оқу адамды мезі қылар. Бірақ олар мына маңызды шындыққа назар аударады: нақты әрі еш өзгермейтін сол өлшемдер Ехобаның таза ғибадатты қалпына келтіремін деген мақсаты міндетті түрде орындалатынына кепілдік береді. Езекиел аянда адамдарды көргені жайлы айтпаған. Бірақ ол Ехобаның діни қызметкерлер мен басшыларға және халыққа қатаң кеңес бергенін естіген. Иә, Құдайдың барлық қызметшілері оның әділ нормаларын ұстануға міндетті.