Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 1Ә

Езекиел кітабына шолу

Езекиел кітабына шолу

Езекиел кітабындағы тарауларды былайша топтастыруға болады:

1—3 ТАРАУЛАР

Б. з. б. 613 жылы Бабылда жер аударылған яһудилермен бірге жүргенде, Езекиел Ехобадан аян алады. Ехоба оны Кебар өзенінің маңында тұрып жатқан яһудилерге пайғамбарлық айтуға жібереді.

4—24 ТАРАУЛАР

Б. з. б. 613—609 жылдар аралығында Езекиел Иерусалимге және оның бүлікші, пұтқа табынушы халқына қарсы үкімдер айтады.

25—32 ТАРАУЛАР

Б. з. б. 609 жылы бабылдықтар Иерусалимді ақырғы рет қоршауға алады. Осы жылдан бастап Езекиел Иерусалимнің жан-жағындағы дұшпан елдерге қарсы үкім айта бастайды. Олар: Аммон, Моаб, Едом, Філістір, Тир, Сидон және Мысыр.

33—48 ТАРАУЛАР

Б. з. б. 606 жылы Иерусалим мен ғибадатхана қирап жатқан кезде, жат елде жүрген Езекиел халықтың назарын үміт беретін хабарға бұрады. Бұл — Ехоба Құдайға тиесілі таза ғибадаттың қалпына келетіні жайындағы хабар.

Езекиел кітабы хронологиялық ретпен әрі тақырып бойынша жазылған. Иерусалим мен ондағы ғибадатхананың қирайтыны жөніндегі пайғамбарлықтар таза ғибадаттың қалпына келетіні жайындағы пайғамбарлықтардан бұрын жазылған. Мұндай ретпен жазылғаны бекер емес, өйткені таза ғибадаттың қалпына келетіні жайлы айтылғанының өзі оның тоқтап қалғанын көрсетеді.

Иерусалимге қарсы айтқан үкімі мен таза ғибадаттың қалпына келетіні жайлы пайғамбарлығының ортасында Езекиел дұшпан халықтарға үкім айтқан (25—32 тараулар). Дұшпандарға айтылған сол үкім хабары жайында бір зерттеуші ғалым былай дейді: “Құдайдың өз халқына қаһарын төгетіні туралы пайғамбарлық пен оларға қайта мейірімін төгетіні туралы пайғамбарлықтың арасында осы үкімнің айтылғаны өте орынды. Өйткені дұшпан халықтардың жазалануы Құдай халқының құтқарылуының бір белгісі еді”.

1-тарау, 18-абзац