Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 20А

Жерді үлестерге бөлу

Жерді үлестерге бөлу

Жердің шегаралары нақты белгіленгеніне қарап, жер аударылған яһудилер сүйікті мекендерінің міндетті түрде қалпына келетініне сенімді болды. Ал біз бұл аяннан бүгінде не түйеміз? Қазір оның екі тұсына тоқталайық.

Рухани жұмақтағы орнымыз бен бағалы тапсырмамыз

Тұтқыннан оралған яһудилердің әрқайсысы қалпына келген Уәде етілген жерден үлес алмақ еді. Сол сияқты, рухани жұмақта да Ехобаның барлық қызметшісіне орын бар. Ұйымдағы атқарып жүрген рөліміз қаншалықты қарапайым болмасын, бәріміздің де рухани жұмақта алар орнымыз бен атқаратын бағалы тапсырмамыз бар. Ехоба үшін қызметшілерінің бәрі бірдей бағалы.

Жерді теңдей бөлу

Езекиелдің аянында Уәде етілген жердің сулары мен өнімдері, қай руға жатса да, исраилдіктердің бәріне бірдей тиетін. Бүгінде де рухани жұмақтың игілігін Ехобаның қызметшілерінің бәрі бірдей көре алады.