Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 2Ә

Езекиелдің өмірі мен заманы

Езекиелдің өмірі мен заманы

Езекиелдің есімінің мағынасы — “Құдай күш береді”. Езекиел айтқан пайғамбарлықтарда қатаң ескертулер көп. Бірақ, жалпы алғанда, оның хабары есімінің мағынасымен үйлесіп, Құдайға таза ғибадат еткісі келетіндердің сенімін қайрайды.

ЗАМАНДАС ПАЙҒАМБАРЛАР

  • ЕРЕМИЯ

    Діни қызметкерлер әулетінен шыққан, көбінесе Иерусалимде қызмет еткен (б. з. б. 647—580 жж.)

  • ОЛДАМА

    Шамамен б. з. б. 642 жылы ғибадатханадан Заң кітабы табылған кезде қызмет еткен

  • ДАНИЯЛ

    Яһуданың патша әулетінен шыққан, б. з. б. 617 жылы Бабылға әкетілген

  • АБАҚҰҚ

    Ехоякім патшаның билігінің басында Яһуда жерінде қызмет етсе керек

  • АБАДИЯ

    Иерусалим күйреген уақытта болса керек, Едомға қарсы пайғамбарлық айтқан

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ ЕТКЕН УАҚЫТТАРЫ (БАРЛЫҚ ДАТАЛАР Б. З.Б.)

ЕЗЕКИЕЛДІҢ ТҰСЫНДАҒЫ ОҚИҒАЛАР (БАРЛЫҚ ДАТАЛАР Б. З.Б.)

  1. ш. 643 ж. Езекиел туылды

  2. 617 ж. Бабылға тұтқынға әкетілді

  3. 613 ж. пайғамбарлық ете бастады; Ехобадан аян алды

  4. 612 ж. аянда ғибадатханадағы жолдантаюшылықты көрді

  5. 611 ж. Иерусалимді әшкерелеп, айыптады

  6. 609 ж. әйелі өлді; Иерусалим соңғы рет қоршауға алынды

  7. 607 ж. Иерусалимнің күл-талқан болғаны туралы хабар алды

  8. 593 ж. аянда ғибадатхананы көрді

  9. 591 ж. Навуходоносордың Мысырға шабуылдайтынын алдын ала айтты; кітабын жазуды аяқтады

ЯҺУДА МЕН БАБЫЛ ПАТШАЛАРЫ

  1. 659—629 жж. Жосия патша таза ғибадатты өркендетті, бірақ Мысыр перғауыны Нехомен шайқаста қаза тапты

  2. 628 ж. жаман патша Ехохаз үш ай билік еткен соң, Нехо оны тұтқындады

  3. 628—618 жж. Ехоякім жаман патша болды; перғауын Нехо оны өзіне бағынышты етті

  4. 625 ж. Навуходоносор Мысыр әскерін талқандады

  5. 620 ж. Навуходоносор Яһуда жеріне алғаш рет баса көктеп кірді; ол Ехоякімді өзіне бағынышты патша етті

  6. 618 ж. Ехоякім Навуходоносорға қарсы бас көтерді, бірақ бабылдықтар Уәде етілген жерге екінші рет шабуылдағанда, ол қаза болса керек

  7. 617 ж. Ехония (Қония деген де аты бар) деген жаман патша үш ай билік еткен соң Навуходоносорға тізе бүкті

  8. 617—607 жж. жігерсіз, зұлым Седекияны Навуходоносор өзіне бағынышты патша етті

  9. 609 ж. Седекия Навуходоносорға қарсы бас көтерген соң, бабылдықтар Яһуда жеріне үшінші рет шабуылдады

  10. 607 ж. Навуходоносор Иерусалимді күйретті, ал Седекияны тұтқындап, көзін ойып, Бабылға әкетті