ҚОРШАУ 19Ә
Сыздықтап аққан судың өзенге айналуы
Езекиел көрген аянда Ехобаның ғибадатханасынан сыздықтап аққан су екі шақырымға жетпей-ақ терең өзенге айналды. Өзенді бойлай жайқалған ағаштар өсіп тұрды. Олар нәрлі жеміс беріп, ал жапырақтары сауықтыратын. Мұның бәрі нені білдіреді?
Баталарға толы өзен
ЕЖЕЛДЕ: Жер аударылған яһудилер отандарына оралып, қайтадан ғибадатханада таза ғибадат ете бастағанда, оларға баталар төгілді.
БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДА: 1919 жылы таза ғибадат қалпына келіп, Құдайдың адал қызметшілеріне рухани баталар бұрын-соңды болмаған мөлшерде төгілді.
БОЛАШАҚТА: Армагеддоннан кейін төгілетін Ехобаның баталары рухани да, тәндік те игіліктер әкеледі.
Тіршілік дарытатын су
ЕЖЕЛДЕ: Мойынсұнғыш халқының саны көбейген сайын Ехоба батасын молынан төгіп, оларды рухани жағынан өркендетті.
БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДА: Рухани жұмақтағы саны күн санап артқан адамдарға Ехоба рухани батасын молынан төгуде және рухани мағынада оларға өмір дарытуда.
БОЛАШАҚТА: Армагеддоннан аман өтетіндерге қайта тірілетін миллиардтаған адам қосылады. Ехобаның баталары олардың бәріне жететіндей мол болады.
Тамақ болатын әрі сауықтыратын ағаштар
ЕЖЕЛДЕ: Ехоба қалпына келген елдеріне оралған адал халқын рухани мағынада тамақтандырды. Сондай-ақ оларды жылдар бойы азаптап келген рухани дерттерінен сауықтырды.
БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДА: Рухани тамақтың молшылығының арқасында Құдай халқы осы дүниені жайлаған рухани ауру мен рухани аштыққа ұшырамайды.
БОЛАШАҚТА: Мәсіхтің және онымен бірге билік ететін 144 000 майланғанның көмегінің арқасында мойынсұнғыш адамдардың бәрі кемелділікке жетіп, мықты денсаулықпен мәңгі өмір сүретін болады!