Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 10Ә

“Қурап қалған сүйектер” және “екі куәгер”. Олардың қандай байланысы бар?

“Қурап қалған сүйектер” және “екі куәгер”. Олардың қандай байланысы бар?

1919 жылы бір-бірімен байланысы бар екі пайғамбарлық орындалды. Біріншісі, “қурап қалған сүйектер” жайлы, екіншісі, “екі куәгер” туралы. “Қурап қалған сүйектер” жайлы аян ұзақ уақытқа нұсқайды. Сан ғасырға жалғасқан бұл уақыт үлкен топтан құралған Құдай халқының “тірілуімен” аяқталады (Езек. 37:2—4; Аян 11:1—3, 7—13). Ал “екі куәгер” жайлы пайғамбарлық қысқа уақытқа нұсқайды. 1914 жылдың аяғынан бастап 1919 жылдың басына дейін жалғасқан бұл уақыт шағын топтан құралған Құдай қызметшілерінің “тірілуімен” аяқталады. Бұл екі пайғамбарлықта да бейнелі мағынадағы тірілу туралы айтылған. Олардың екеуі де кең көлемде 1919 жылы орындалды. Сол жылы Құдай майланған қызметшілерін “аяқтарына тұрғызды”, оларды Ұлы Бабылдың құрсауынан босатып, қалпына келген қауымға жинады (Езек. 37:10).

Алайда бұл екі пайғамбарлықтың орындалуында маңызды бір айырмашылық бар. “Қурап қалған сүйектер” жайлы пайғамбарлық майланған тамтықтың барлық мүшесі “тірілетініне” нұсқайды. Ал “екі куәгер” жайлы пайғамбарлық майланған тамтықтың кейбір мүшесі ғана — Құдай ұйымында жетекшілік еткен және “адал да ақылды құл” болып тағайындалған адамдар ғана — “тірілетініне” нұсқайды (Мат. 24:45; Аян 11:6) *.

“Аңғар сүйекке толы екен” (Езек. 37:1).

  1. Б. З. 100 Ж. КЕЙІН

    Б. з. II ғасырынан бастап, яғни майланған мәсіхшілер қауымы бейнелі мағынада өлтірілген кезден бастап “аңғар” сүйекке толды.

  2. 1919 Ж. БАСЫ

    1919 жыл: “Қурап қалған сүйектер” тірілді, яғни Ехоба бүкіл майланған қызметшілерін Ұлы Бабылдың құрсауынан босатты және оларды қалпына келген қауымға жинады.

“Екі куәгер” (Аян 11:3).

  1. 1914 Ж. АЯҒЫ

    “азалы киім киіп” уағыздау

    1914 жыл: “Екі куәгер” үш жарым жыл бойы “азалы киім киіп” уағыздады. Осы кезеңнің аяғында олар бейнелі мағынада өлтірілді.

  2. бейнелі өлім

  3. 1919 Ж. БАСЫ

    1919 жыл: “Екі куәгер” тірілді, яғни ұйымда жетекшілік еткен майланған ер бауырластардан тұратын шағын топ “адал да ақылды құл” болып тағайындалды.

^ 4-абзац 2016 жылғы “Күзет мұнарасының” наурыз айындағы санынан “Оқырман сауалдарын” қараңыз.