5-СҰРАҚ
Киелі кітапқа сенім артуға бола ма?
Біреу жайлы теріс ойда болғансың ба? Бәлкім, басқалардың оны сөз етіп жатқанын естіп, бұл адамды ұната қоймаспын деп ойлаған шығарсың. Алайда жақынырақ танысқан соң, оның мүлдем басқа адам екенін түсінесің. Дәл осылай көп адам Киелі кітап жайлы жаңсақ ойда болған.
Бүгінде бірсыпыра білімді адамдар Киелі кітапты бедел тұтпайды. Не себепті? Өйткені кейбіреулер оны ақылға қонымсыз, ғылымға қайшы келетін не мүлдем дұрыс емес етіп көрсетеді. Киелі кітап жайлы жалған сөздер таратылып жүрген жоқ па екен?
Осы кітапшаны оқу барысында, Киелі кітапта айтылған бірсыпыра жайттардың ғылыми тұрғыдан тура екенін көріп, қайран қалған шығарсың. Көп адамның осыған көзі жетті. Сондай-ақ олар көп діндердің Киелі кітапты бұрмалайтынын біліп, таңғалған. Мысалы, кейбіреулер бүкіл ғалам мен жердегі тіршілік 24 сағатқа созылған алты күнде жаратылған дейді. Ал, шындығына келгенде, Киелі кітаптағы мәліметтер жер мен ғаламның жасына қатысты ғылыми есептеулерге еш қайшы келмейді *.
Сондай-ақ Киелі кітаптағы жарату ісі жайлы мәлімет ғылыми ізденістер мен тұжырымдарға көп еркіндік береді. Мысалы, Киелі кітапта Құдайдың тіршілік атаулыны өз “тұқымдарына қарай” жаратқаны айтылған (Жаратылыс 1:11, 21, 24 Тт). Бұл сөздер ғылыми теориялардың кейбірімен үйлеспеуі мүмкін, алайда ғылыми айғақтарға еш қайшы келмейді. Тарих көрсететіндей, теориялар келеді де кетеді, ал айғақтар мәңгі қалады.
Алайда көп адамдар діннен көңілі қалғандықтан, Киелі кітапты зерттеуден бас тартады. Оларға дін өкілдерінің екіжүзділігі, жемқорлығы мен соғысқұмарлығы қатты әсер еткен болу керек. Бірақ Киелі кітап ілімдерін ұстанамыз дейтіндердің бұрыс іс-әрекеттеріне бола кітаптың өзінен теріс айналғанымыз дұрыс па? Адамгершілігі бар көптеген ақжүректі ғалымдар қатыгез, бірбеткей адамдардың эволюция теориясын өздерінің ұлтшыл мақсаттары үшін қолданғанын көріп, аң-таң болған. Эволюция теориясын осындай зұлым адамдардың тұрғысынан қарастыру ақылдылыққа жата ма? Мұның орнына теорияның өзін зерттеп, қолда бар айғақтармен салыстырып көрген әлдеқайда дұрыс болмас па еді?
Біз сені Киелі кітапқа қатысты да осындай зерттеу жүргізуге шақырамыз. Бұл кітаптағы ілімдер оны ұстанамыз дейтін діндердің басым көпшілігі үйрететін ілімдерден қатты ерекшеленетінін біліп, қайран қалуың мүмкін. Киелі кітап соғыс пен ұлтаралық қақтығыстарды жақтамайды, қайта, Құдайдың қызметшілері Ишая 2:2—4; Матай 5:43, 44; 26:52). Сондай-ақ ол діни фанатизм мен соқыр сенімді қолдамайды, оның орнына Құдайға қызмет етуде “ақыл-ойымызды қолданудың” маңызы зор екеніне және шын сенімнің дәлелдерге негізделетініне назар аударады (Римдіктерге 12:1 ЖД; Еврейлерге 11:1). Киелі кітап адам баласын қашан да толғандырған көкейкесті сұрақтарды бүркеп қоя салмайды, қайта, солардың жауабын іздеуге шақырады.
соғысқа қатыспау керектігін, тіпті соның түптамыры — жеккөрініш сезімінен арылу керектігін айтады (Мысалы, сені “Құдай бар болса, зұлымдыққа неге жол береді?” деген сұрақ мазалаған болар. Киелі кітап осы және басқа да көптеген сұрақтарға қанағаттанарлық жауап береді *. Біз сені шындықты іздей беруге шақырамыз. Солай етер болсаң, сұрағыңның ақылға қонымды әрі сенімді дәлелдерге негізделген жауабын табасың. Мұндай жауаптың саған қатты әсер етері шүбәсіз. Ал кездейсоқтықтың бұған еш қатысы жоқ.
^ 5-абзац Бұл жайлы көбірек мәлімет алу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Тіршілік өздігінен пайда болды ма?” деген кітапшаны қара.
^ 9-абзац Ехоба куәгерлері шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымының 11-тарауын қара.