4-СҰРАҚ
Күллі тіршілік бір ататектен шықты ма?
Дарвин күллі тіршілік бір ататектен тарады деп пайымдаған. Оның түсіндіруінше, жердегі тіршіліктің пайда болу тарихын бір үлкен ағашқа теңеуге болады. Кейінірек, өзге эволюционистер осы идеяны дамытып, “өмір ағашының” діңгегін алғашқы қарапайым жасушаларға теңеді. Діңгектен бұтақтар, яки жаңа тіршілік иелері тарады. Ал олардан өсімдік пен жануарлардың тұқымдастарын бейнелейтін бұтақшалар өсіп шықты. Бұтақшалардан шыбықтар, яғни тұқымдастарға кіретін барлық түрлер, тарады. Бұл шынымен солай болған ба?
Көптеген ғалымдар не дейді? Олар тіршіліктің бір ататектен пайда болғанын дәлелдеу үшін палеонтологиялық деректерді алға тартады. Сондай-ақ эволюционистер тіршілік иелерінің барлығын бір ғана “компьютерлік бағдарлама”, яки ДНҚ, басқаратындықтан, олардың ататектері бір болу керек деп сенеді.
Киелі кітапта не делінген? Жаратылыс кітабында өсімдіктердің, құстардың және су мен құрлықтағы тіршілік иелерінің барлығы өз “тұқымы бойынша жаратылғаны” айтылады (Жаратылыс 1:12, 20—25 Тт). Бұдан тұқымдастың ішіндегі түрлер өзгеріске ұшырағанмен, тұқымдас шектеуінен аса алмайтыны көрінеді. Сондай-ақ Киелі кітаптағы жарату ісіне жүгінетін болсақ, тіршілік иелерінің жаңа топтары палеонтологиялық деректер тізбегінде бірден әрі толығымен қалыптасқан күйде пайда болу керек.
Айғақтар не дейді? Айғақтар қайсысын растайды, Киелі кітаптағы жарату ісін бе, әлде Дарвиннің ілімін бе? Соңғы 150 жылда жүргізілген зерттеулер нені көрсетеді?
ДАРВИН АҒАШЫНЫҢ ТҮБІНЕ БАЛТА ШАБЫЛДЫ
Соңғы жылдары ғалымдар жануарлар мен өсімдіктердің және сан-алуан бір жасушалы ағзалардың генетикалық кодтарын салыстырды. Олардың ойынша, мұндай салыстыру Дарвин ұсынған көп бұталы “өмір ағашын” растау керек-тін. Алайда бұлай болмай шықты.
Зерттеулер қандай нәтиже әкелді? 1999 жылы биолог Малком Гордон былай деп жазды: “Тіршіліктің түрлі бастамасы болғанға ұқсайды. Бәріне ортақ өмір ағашы бір ғана тамырдан өсіп шықпаған көрінеді”. Өмірдің негізгі бұтақтары жалғыз діңгектен тарады дегенге дәлелдер бар ма? Гордон әрі қарай былай дейді: “Ортақ ататек жайлы теорияның дәстүрлі түсіндірмесін қазіргі жүйелеудегі патшалықтарға қатысты қолдана алмайтын сияқтымыз. Бұл түсіндірменің 29 *.
көп типтерге (бәлкім, барлығына да), тіпті типтердің ішіндегі көп кластарға да қатысы жоқ көрінеді”Жуырда жасалған зерттеулер де Дарвиннің ортақ ататекке қатысты теориясына шек келтіруде. Мысалы, 2009 жылы “Нью сайентист” журналында эволюционист ғалым Эрик Баптестенің сөздері келтірілген болатын. “Өмір ағашын растайтын ешқандай дәлел жоқ”,— дейді ол30. Дәл сол журналда эволюционист-биолог Майкл Роуз мынадай түсініктеме берген еді: “Өмір ағашы құрметпен жерленіп жатыр. Мұны бәріміз де білеміз. Алайда санамызға әбден сіңіп кеткен биологияға қатысты көзқарастарды өзгертуіміз керектігін, сірә, бәріміз бірдей мойындай бермейміз”31 *.
ПАЛЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР НЕНІ КӨРСЕТЕДІ?
Көп ғалымдар палеонтологиялық деректерді тірі ағзалардың бір ататектен тарағанын дәлелдеу үшін келтіреді. Олар, мысалы, балықтың қосмекендіге, ал бауырымен жорғалаушы сүтқоректіге айналғанын осы деректер дәлелдейді деп сенеді. Табылған қалдықтар шынымен де осыны растай ма?
Эволюционист-палеонтолог Дейвид Рауп былай дейді: “Дарвиннің заманындағы және біздің күніміздегі геологтар табылған қалдықтарға қарап, ағзалардың бірте-бірте емес, үзік-үзік әрі ретсіз дамығанын байқады. Палеонтологиялық деректер тізбегінде түрлер кенеттен пайда болып, сәл ғана не мүлдем өзгермеген қалпы өздігінен жоқ болып кетеді”32.
Қазба-қалдықтардың басым көпшілігі топтардың ұзақ уақыт аралығында аса өзгере қоймағанын көрсетеді. Бір топқа жататын ағзалардың басқа топқа айналғанын көрсететін ешқандай айғақ жоқ. Қайта, айрықша дене бітімі мен өзіне тән ерекшеліктері бар ағзалар кенеттен пайда болып отырады. Мысалы, есту мүшесі жақсы дамыған жарқанаттың өзінен бұрынғы ататекпен байланысы айқын көрінбейді.
Шын мәнінде жануарлардың негізгі топтарының басым бөлігі салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында пайда болса керек. Көптеген жаңа, дараланған тіршілік иелері палеонтологиялық деректер тізбегінде кенеттен шыға келетіндіктен, палеонтологтар бұл уақыт аралығын “Кембрий жарылысы” деп атады. Бұл дәуір қанша уақытты қамтиды?
Ғалымдардың осы дәуірге қатысты есептеулері дұрыс делік. Олай болса, мұны бір мысалдың көмегімен қарастырайық. Футбол алаңын уақыт көрсеткіші деп есептейік. Бұл уақыт аралығы жердің даму тарихын көрсетеді (1). Сен осы алаңның шамамен сегізден жеті бөлігін жүріп өтіп, Кембрий дәуірінің басталуын көрсетіп тұрған сызыққа жетесің (2). Палеонтологиялық деректер көрсететіндей, жануарлардың негізгі топтары осы дәуірдің қысқа уақыт аралығында пайда болған. Олардың кенеттен шыға келгенін қалай бейнелеуге болады? Футбол алаңының аяғына жақындап қалған сен сызықты аттағаның сол-ақ екен, тіршіліктің сан-алуан түрлері пайда бола қалады!
Сан-алуан тіршілік иелерінің кенеттен пайда болғаны кейбір зерттеушілердің 33.
Дарвин теориясының дәстүрлі түсіндірмесін сынға алуына түрткі болды. Мысалы, эволюционист-биолог Стюарт Ньюмен 2008 жылы берген сұхбатында жаңа тіршілік формаларының кенеттен пайда болуын түсіндіретін басқа теория қажет екенін сөз етті. Ол былай деді: “Меніңше, барлық эволюциялық өзгерістерді түсіндіру үшін қолданылатын Дарвин теориясы шетке ысырылып, жай теориялардың бірі болып қалмақ. Ол тіпті макроэволюцияны, яғни ағзалардың құрылысындағы үлкен өзгерістерді, түсіндіретін басты теория болудан да қалатын сияқты”“АҚСАҒАН” АЙҒАҚТАР
Балықтардың қосмекенділерге, ал бауырымен жорғалаушылардың сүтқоректілерге айналғанын көрсету үшін қолданылатын қазба-қалдықтар жайлы не деуге болады? Олар эволюция теориясын шынымен дәлелдей ме? Мұқият жүргізілген тексерудің нәтижесінде бірнеше олқылықтар анықталды.
Біріншіден, табылған қалдықтардың көлемі кейбір оқулықтарда дұрыс көрсетілмейді. Мысалы, бауырымен жорғалаушылардың сүтқоректілерге айналу тізбегінде қалдықтардың көлемі бірдей етіп көрсетіледі. Ал, шын мәнісінде, олардың көлемі әртүрлі, кейбірі үлкен болса, кейбірі кішірек келеді.
Екінші әлдеқайда күрделі мәселе — ағзалардың бір-бірімен қандай да бір туыстық байланысын көрсететін айғақтардың жетіспеуі. Тізбектегі қазба-қалдықтардың уақыт аралығы, ғалымдардың есептеуінше, миллиондаған жылды қамтиды. Бұл жайында зоолог Хенри Джи: “Қалдықтар арасындағы уақыттың ұзақ болғаны сонша, ататек пен ұрпақтың туыстық байланысына қатысты нақты ештеңе айта алмаймыз”,— дейді34 *.
Биолог Малком Гордон балықтар мен қосмекенділердің қалдықтары өте мардымсыз екенін 35 *.
ескереді. Оның айтуынша, “аталмыш үлгілер сол замандағы топтарға кіретін тіршілік иелерінің сан-алуандығын жеткілікті дәрежеде көрсете алмаса керек”. Гордон тағы былай деп қосты: “Осы нақты даралардың кейіннен дамыған ағзалармен не бір-бірімен қандай байланыста болғанын (егер ондай байланыс болса, әрине) білу мүмкін емес”“ФИЛЬМ”, ШЫН МӘНІНДЕ, НЕ ЖАЙЛЫ?
“Нэшнл джиогрэфик” журналының (2004 жыл) бір мақаласында палеонтологиялық деректер “1 000 кадрының 999-ы кесіліп тасталған эволюция жайлы фильмге” теңелді36. Мұның астарында қандай ой жатқанын қарастырайық.
Сен 100 000 кадрдан тұратын көркем фильмнің 100 кадрын тауып алдың делік. Бұл фильмнің мазмұнын қалай анықтар едің? Бұған қатысты сенің өз жорамалың болуы мүмкін. Алайда ойыңдағы көріністі 100 кадрдың ішінен 5-уі ғана растап, қалған 95-і мүлдем басқа оқиға жайлы болса ше? Осы бес кадрға бола, жорамалың дұрыс болып шықты деу қисынды ма? Бәлкім, сен оларды ойыңдағы оқиғаға сай келетіндей етіп орналастырған шығарсың? Мұның орнына қалған 95 кадрды есепке алғаның дұрыс болмас па еді?
Бұл мысал эволюционистердің палеонтологиялық деректерге қатысты көзқарасын дәл көрсетеді. Қазба-қалдықтардың басым көпшілігі, былайша айтқанда, фильмнің 95 кадры, түрлердің ұзақ уақыт аралығында аса өзгере қоймағанын көрсетсе де, зерттеушілер мұны жылдар бойы мойындамай келді. Неге ғалымдар осы маңызды айғақ жайлы тіс жармады? Жазушы Ричард Моррис былай дейді: “Палеонтологтар ағзалардың бірте-бірте өзгеруі жайлы кең тараған эволюция теориясына жабысып қалғаны соншалық, оған қайшы келетін айғақтарға көз жұмып қарайтын болды. Олар палеонтологиялық айғақтарды қалыптасқан эволюциялық 37.
теория тұрғысынан түсіндіруге тырысады”“Қандай да бір қазба-қалдықтардың жиынтығы нақты бір ағзаның даму тізбегі болып табылады деп ұйғару — тексеруге болатын ғылыми теория емес. Мұндай деректер ғылыми еңбектен гөрі қызықты да тәлім аларлық ертегіге ұқсайды” (Хенри Джи. “In Search of Deep Time—Beyond the Fossil Record to a New History of Life” 116, 117-б.).
Біздің күніміздегі эволюционистер жайлы не деуге болады? Олардың қазба-қалдықтарды әлі күнге дейін белгілі бір ретпен қоюына қалдықтардың басым бөлігі мен генетикалық зерттеу нәтижелері емес, бүгінде кең тараған эволюциялық көзқарастар көбірек әсер етіп жатқан жоқ па екен? *
Сен не ойлайсың? Айғақтар қайсысын растайды, Киелі кітапта айтылғандарды ма, әлде Дарвиннің теориясын ба? Жоғарыда қарастырған айғақтарға шолу жасайық.
-
Жер бетіндегі ең алғашқы тіршілік “қарапайым” болмаған.
-
Тіпті жасушаның құрамдас бөліктерінің кездейсоқ пайда болу мүмкіндігі жоқтың қасы.
-
Жасушаны басқаратын “компьютерлік бағдарлама” — ДНҚ-ның күрделі болғаны сонша, ол адамдар ойлап тапқан кез келген бағдарламадан не ақпарат сақтау құрылғысынан әлдеқайда асып түседі. Ол “инженерияның үздік туындысы” деп бекер аталмаған.
-
Генетикалық зерттеу нәтижелері тіршіліктің бір ататектен пайда болуы мүмкін емес екенін көрсетеді. Сондай-ақ жануарлардың негізгі топтары палеонтологиялық деректер тізбегінде бірден толық қалыптасқан күйде орналасқан.
Қалай ойлайсың, бұл айғақтар Киелі кітаптағы өмірдің бастамасы жайлы мәліметті растай ма? Көп адам Киелі кітаптағы жарату ісіне қатысты бірталай жайттар ғылымға қайшы келеді деп ойлайды. Бұл рас па? Киелі кітапта шын мәнінде не айтылған?
^ 9-абзац “Тип” деген биологиялық термин дене құрылысында ұқсастықтар бар жануарлар тобына нұсқайды. Әдетте ғалымдар күллі тірі ағзаларды жеті сатылық жүйеге бөледі. Жүйедегі әрбір топ төмендеген сайын нақтылана түседі. Ең бірінші үлкен топ патшалық деп аталады. Одан кейін тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс және түр келеді. Мысалы, жылқыны былай жіктеуге болады: жануарлар патшалығы, хордалылар типі, сүтқоректілер класы, тақтұяқтылар отряды, жылқылар тұқымдасы, жылқы туысы (Equus), қолға үйретілген кәдімгі жылқы түрі (Caballus).
^ 10-абзац “Нью сайентист” журналының да, Баптесте мен Роуздың да эволюция теориясын жоққа шығарғысы келмегенін айта кету керек. Бұл ғалымдар Дарвин теориясының негізі болып табылатын өмір ағашын ешқандай айғақ растамайтынын айтқысы келген. Олар эволюцияны түсіндірудің өзге жолдарын іздестіруде.
^ 21-абзац Хенри Джи эволюция теориясын жоққа шығармайды. Ол палеонтологиялық деректердің берері аз екенін атап өткісі келді.
^ 22-абзац Малком Гордон эволюция теориясын қолдайды.
^ 27-абзац “Адам эволюциясы жайында не деуге болады?” деген қоршауды қара.
^ 50-абзац Ескерту: осы қоршауда көзқарастары келтірілген зерттеушілердің ешқайсысы Киелі кітаптағы жарату ісіне сенбейді. Барлығы да эволюция теориясын қолдайды.
^ 54-абзац Эволюционистер “гоминид” деген терминді адам тұқымдасына және ертедегі адамтектестерге жатқызылған өкілдерді сипаттау үшін қолданады.