Суреттер көрсеткіші
Беттері көрсетілген
Мұқабада: Пауыл, Табита, Галлион, Лұқа, ғибадатхана сақшысы, елшілер, саддукей, Кесарияға әкетіліп жатқан Пауыл, біздің күнімізде дауысзорайтқышы бар көлікпен және патефонмен уағыздап жатқан Куәгерлер.
1 Қолы шынжырланған Пауыл мен Лұқа Римге бара жатқан жүк кемесінде тұр.
2, 3 Басқарушы кеңестің мүшесі Дж. Барр мен Т. Ярач бауырластар дүниежүзілік картаның алдында тұр.
11 Ғалилея тауында Иса 11 адал елшісі мен өзге де ізбасарларына тапсырма беріп тұр.
14 Иса көкке көтеріліп жатыр. Елшілер қарап тұр.
20 Елуінші күн мейрамында шәкірттер қонақтарға олардың ана тілінде сөйлей бастады.
36 Елшілер ашуға булыққан Қаяпаның алдында тұр. Жоғарғы кеңестің қарамағындағы ғибадатхана сақшылары оларды тұтқындауға сақадай сай.
44 Төменгі жағында: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс Германия соты Ехоба куәгерлеріне “Американың шпиондары” деген жалған айып тақты (“Neue Berliner Illustrierte”, 3 қазан, 1950 жыл).
46 Степан Жоғарғы кеңестің алдында тұр. Арт жақта бақуатты саддукейлер, ал алдыңғы жақта салт-дәстүрлерге жабысып қалған парызшылдар.
54 Петір жаңа шәкіртке қолын қойып тұр. Шимон ақша салынған қалтасымен келді.
75 Петір мен оған еріп келгендер Корнелдің үйіне кіріп келеді. Корнелдің сол иығында жүзбасы екенін көрсететін арнайы жамылғы бар.
83 Періште Петірді жетелеп барады. Петір түрмеде Антония бекінісінде отырса керек.
84 Төменгі жағында: Монреаль қаласына (Квебек) жақын жердегі бұзақы топ, 1945 жыл (“Weekend Magazine”, шілде, 1956 жыл).
91 Пауыл мен Барнабаны Писидиядағы Антиохиядан қуып шықты. Арт жақта, сірә, І ғасырдың басында соғылған қаланың жаңа акведугі көрінеді.
94 Пауыл мен Барнаба өздеріне табынбақ болған листралықтарды тоқтатып жатыр. Көпшілік орындарда құрбандық шалу әдетте сән-салтанатпен, ән-күй ойнап, у-шу өтетін.
100 Жоғарғы жақта: Сыйлас пен Яһуда Сириядағы Антиохияда қауымды жігерлендіріп жатыр (Ел. іс. 15:30—32). Төменгі жағында: аудандық бақылаушы Угандадағы бір қауымда баяндама айтып тұр.
107 Иерусалимдегі қауым бір үйде кездесу өткізіп жатыр.
124 Пауыл мен Тімөте римдіктердің сауда кемесімен сапар шегіп барады. Алыстан маяк көрініп тұр.
139 Пауыл мен Сыйлас қақпасы бар ауладан ашулы тобырдан қашып барады.
155 Галлион Пауылдың айыптаушыларын жазалап жатыр. Ол атақ-дәрежесіне сай күлгін жолағы бар аппақ тога киіп алған. Аяғында калцеи бәтеңкесі бар.
158 Деметір Ефестегі күміс зергерлеріне сөйлеп жатыр. Ұстаханада Артемида құдайының күміс мүсіндері сатылады.
171 Пауыл мен серіктері кемеге мініп жатыр. Арт жақта б. з. б. І ғасырда соғылған ескерткіш тұр.
180 Төменгі жағында: 1940 жылдары Канадада әдебиеттерімізге тыйым салынғанда, жас Куәгер әдебиеттерді тығып әкетіп бара жатыр (қойылым сурет).
182 Пауыл ақсақалдардың айтқандарына құлақ асты. Арт жақта садақаларды әкелуге көмектескен Лұқа мен Тімөте отыр.
190 Пауылдың түрмеде отырған жерінде болса керек, оның жиені Клауди Лисиймен Антония бекінісінде сөйлесіп тұр. Артында Иродтың ғибадатханасы.
206 Пауыл жүк кемесінде зәрелері ұшқан жолаушылар үшін дұға етіп отыр.
222 Сарбазға шынжырланған Пауыл Рим қаласына көз тігіп тұр.