ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Ол мейірімді болуды үйренді
1. Жүністі қандай сапар күтіп тұрды және ол не сезінді?
ЖҮНІСТІҢ ойланып-толғанып, болған жағдайдың бәрін ақыл-парасатынан өткізуге жеткілікті уақыты болды. Оның алдында 800 шақырымнан аса жол жатты. Мұндай жолға бір ай, тіпті одан да көп уақыт кететін. Жүніс алдымен қай жолмен жүретінін анықтап алуы керек еді. Ол төте жолды емес, қауіпсіз жолды таңдап, таулы өлкелермен, жазық далалармен жүруді шешті. Жүніс ұшы-қиыры жоқ Сирия шөлін айналып, Евфрат сияқты бірнеше үлкен өзенді кесіп өтті. Ол жолда Сирия, Месопотамия, Ассирия елдерінің қалалары мен ауылдарына кіріп, сонда түнесе керек. Әрбір аттаған қадамы Ниневия қаласын жақындата түсетінін ойлаған сайын, Жүністің бойын үрей биледі.
2. Жүніс Ехобаның тапсырмасынан қашып кете алмайтынын неден түсінді?
2 Жүніс тапсырмасынан ешқайда қашып кете алмайтынын жақсы түсінді. Бұған дейін ол солай етіп көрген еді. Сол кезде Ехоба Жүністі шыдамдылықпен түзеп, тәрбиеледі. Ол теңізде дауыл тұрғызды, сосын үлкен балықты жіберіп, Жүністі ғажайып түрде аман алып қалды. Үш күннен кейін балық оны тірідей жағаға шығарып тастады. Осы оқиғалар Жүністің бойында Құдайға деген қастерлі сезім оятып, мойынсұнуға үйретті (Жүніс 1, 2-тарау).
3. Ехоба Жүніспен болған жағдайда қандай қасиет танытты және біз қандай сұрақты қарастырамыз?
3 Ехоба Жүністі Ниневияға екінші рет Жүніс 3:1—3 оқыңыз). Құдайдың жөнге салғаны Жүністің көзқарасын өзгертті ме екен? Құдай оны тілазарлығы үшін жазаға тартпады, оны теңізге батып бара жатқан жерінен құтқарды, әрі тапсырмасын орындауға тағы бір мүмкіндік берді. Осылайша оған мейірімділік танытты. Бұл Жүністі Ехобаға еліктеп, өзгелерге мейірімді болуға талпындырды ма? Кемелсіз адамдарға мейірімді болуды үйрену оңай емес. Қазір Жүністің оқиғасынан қандай сабақ алуға болатынын қарастырайық.
жібергенде, ол бірден мойынсұнып, шығыс жаққа қарай жол тартты (Айтылған үкім және күтпеген өзгеріс
4, 5. Неліктен Ехоба Ниневияны ұлы қала деп атаған және осыдан Ехоба жайында не білеміз?
4 Жүністің Ниневияға деген көзқарасы Ехобанікіндей болмады. Жүніс кітабында Ехоба Ниневияны үш мәрте “ұлы қала” деп атаған (Жүніс 1:2; 3:2; 4:11). Бұл қала несімен Ехоба үшін ұлы яки маңызды болды екен?
Мұс. 1-ж. 10:11; Жүніс 3:3). Ниневия зәулім ғибадатханаларымен, биік ғимараттары және қала сыртындағы қалың дуалдарымен көзге түсетін. Бірақ Ехоба осы жансыз нәрселер үшін Ниневияны ұлы қала деп атамады. Ехоба Құдайға оның тұрғындары маңызды болды. Сол заманда Ниневия көп тұрғынды қала болып саналатын. Ниневиялықтардың іс-әрекеті жаман болса да, Ехоба олардың қамын ойлаған. Ехоба үшін әрбір адамның өмірі қымбат және ол әр адамның өкініп, тура жолға түскенін қалайды.
5 Ниневия Топан судан кейін Нымрод іргетасын қалаған алғашқы қалалардың бірі болған. Қарамағында бірнеше қаласы бар бұл қала үлкен орталық болып есептелетін. Оны о шетінен бұ шетіне дейін жүріп өту үшін үш күн кететін (6. а) Жүніс Ниневияға келгенде, оның қорқынышы неге үдей түсті? (Сілтемені де қараңыз.) ә) Жүністің үкімді жариялау тапсырмасын орындағанынан не нәрсеге үйренеміз?
6 Жүніс ұзақ жүріп, Ниневияға да келіп жетті. 120 000-нан астам халықтың ішіне кіргенде, Жүністі одан бетер қорқыныш тұсаулады *. Көшелерінде жұрт қаумалап жүретін орталыққа ол бір күн дегенде әрең жетті. Жүніс хабарды жариялайтын ыңғайлы жер іздесе керек. Бірақ ол адамдармен қалай сөйлеспек? Оған ассирия тілін үйрену қажет болды ма? Әлде ол Ехобаның кереметінің арқасында сол тілде сөйлеп кетті ме? Біз мұны білмейміз. Мүмкін ол еврей тілінде сөйлеп, өзге біреу оны аударған шығар. Жүністің хабары қарапайым болғанымен, қаһарлы еді. Әйтсе де ол батылдықпен: “Қырық күннен кейін Ниневия жойылады!”— деп жариялай берді (Жүніс 3:4). Осылай етуімен ол керемет қайсарлық пен сенім танытты. Бүгінде де Құдай қызметшілерінің осы екі қасиетті танытқандары аса маңызды.
Жүніс қарапайым, бірақ қаһарлы хабар айтты
7, 8. а) Ниневия халқы Жүністің хабарын қалай қабылдады? ә) Хабарды естіген патша не істеді?
7 Жүніс халық оны тыңдамақ түгілі соққының астына алады деп ойлаған шығар. Бірақ міне ғажап, ниневиялықтар Жүніске құлақ асып, Құдайдың хабарына сенді! Жүністің сөздері қалаға тез тарап, көп ұзамай бүкіл халық оның пайғамбарлығы жайлы айтып жүрді (Жүніс 3:5 оқыңыз). Байы мен кедейі, жасы мен кәрісі бар — бәрі де күнәларына өкініп, ораза ұстады. Халықтың осылай етіп жатқаны көп кешікпей патшаның да құлағына жетті.
8 Жүністің хабарын естігенде, патша да Құдайдан қорқа бастады. Ол тағынан түсіп, патша киімін шешіп тастады да, жұрт киген азалы киімді ол да киіп, күлге отырды. Патша “өзінің және беделді адамдарының атынан” жарлық шығарып, халық тұтқан оразаны мемлекеттік деңгейде өткізуге бұйрық берді. Ол жұрттың бәріне жаппай азалы киім киюді, тіпті ірілі-ұсақты малға да азалы жамылғы жабуды бұйырды *. Патша өз халқының зұлымдыққа белшесінен батқанын кішіпейілділікпен мойындады. Күнәларына өкініп жатқандарын шынайы Құдай көрсе, мейірімділік танытар деген үмітпен ол: “Кім біледі, бәлкім, шынайы Құдай райынан қайтып, лаулаған қаһарын басар. Сөйтіп, біз аман қалармыз”,— деді (Жүніс 3:6—9).
9. Ниневиялықтарға қатысты сыншылар не деп күмән келтіреді, алайда мұның негізсіз екенін қайдан білеміз?
9 Кейбір адамдар ниневиялықтардың бірден өзгергендерін сынға алып жатады. Алайда Киелі кітап зерттеушілерінің айтуынша, ежелгі уақытта адамдар ырымшыл әрі құбылғыш мінезді болған. Осыны ескерсек, олардың неге бұлай тез өзгергендері таңғалдырмайды. Оның үстіне, ниневиялықтардың өкініш білдіргендерін Иса Мәсіхтің өзі растаған (Матай 12:41 оқыңыз). Оның бұл сөздері сенуге тұрарлық, себебі ол көкте болғанда, осы оқиғаны өз көзімен көрген (Жох. 8:57, 58). Адамдар бізге қаншалықты зұлым болып көрінбесін, олардың шын жүректен өкіне алатынына ешқашан күмән келтірмеуіміз керек. Адамның жүрегінде не бар екенін тек Ехоба ғана біледі.
Құдайдың мейірімділігі мен пенденің бірбеткейлігі
10, 11. а) Ехоба ниневиялықтардың өкінгеніне назар аударды ма? ә) Ехобаның шығарған үкімі неліктен қате болмаған?
10 Ехоба ниневиялықтардың өкінгеніне назар аударды ма? Жүніс кітабында: “Шынайы Құдай Ниневия халқының әрекеттерін, жаман жолдан қайтқанын көріп, оларды құртып жіберемін деген райынан қайтты”,— деп жазылған (Жүніс 3:10).
Мұсаның 5-жазбасы 32:4 оқыңыз). Ехоба халықтың өзгергенін көргенде, оларды жазалауды қажет деп таппады. Оның Ниневияға қарсы лаулаған қаһары басылып, халыққа мейірімділік танытуды шешті.
11 Сонда Ехобаның ниневиялықтарға шығарған үкімі қате болды ма? Жоқ. Киелі кітаптан білетініміздей, ол әділ әрі істері кемелді (12, 13. а) Ехоба өзінің парасатты, иліккіш және мейірімді екенін қалай көрсетті? ә) Жүністің пайғамбарлығы жалған болды ма?
12 Көптеген дінбасылар Құдайды бірбеткей, суық, тіпті қатыгез етіп көрсетеді. Бірақ ол шын мәнінде парасатты, иліккіш және мейірімді. Ехоба зұлым адамдарды жазаламас бұрын оларды жердегі қызметшілері арқылы ескертеді. Өйткені ол зұлымдардың ниневиялықтар сияқты, күнәларына өкініп, теріс жолдан қайтқандарын қалайды (Езек. 33:11). Ехоба Еремия пайғамбарға былай деген: “Егер қандай да бір халықты не патшалықты тамырымен жұлып, құлатып, жойып жіберемін деп айтсам, бірақ сол халық мен айыптаған зұлымдықтарын қойса, мен де оларға апат жіберемін деген райымнан қайтамын” (Ерм. 18:7, 8).
Ехоба зұлым адамдардың ниневиялықтар сияқты өкініп, тура жолға түскенін қалайды
13 Алайда тағы бір сұрақ туындайды: Жүністің айтқан пайғамбарлығы жалған болды ма? Жоқ, өйткені оның мақсаты ниневиялықтарды ескерту еді. Бұл халық зұлым істері үшін жойылуға лайық болды, алайда олар күнәларына өкініп, теріс жолдарынан қайтты. Егер ниневиялықтар зұлым істеріне қайта оралса, Құдай оларды міндетті түрде жазалар еді. Өкінішке қарай, түбінде бұл солай болды да (Соф. 2:13—15).
14. Ехобаның Ниневияға мейірімділік танытқанына Жүніс қалай қарады?
14 Ниневия қаласы жойылмайтын болып шыққанда, Жүніс не сезінді? Киелі кітаптан былай деп оқимыз: “Жүніс бұған ренжіп, қатты ашуланды” (Жүніс 4:1). Тіпті ол айтқан дұғасында Құдіреті шексіз Құдайды түзеткендей болды! Ол: “Осылай боларын өз елімде жүргенде-ақ білдім ғой!”— деп, ешқайда бармай, елімде отыра бергенім дұрыс еді дегендей қылды. Жүніс Ехобаның Ниневияны жоймайтынын о баста-ақ білгенін айтып, Тарсиске қашқаны үшін ақталғысы келді. Сонан соң өзіне өлім тілеп, тірі жүргеннен гөрі өлуді артық көрді (Жүніс 4:2, 3 оқыңыз).
15. а) Жүніс неге ашуланды? ә) Ехоба еңсесі түскен пайғамбарына қалай қарады?
15 Сонда Жүністі не мазалады? Оның ойында не болғанын біз білмейміз. Бірақ ол бүкіл халықтың алдында Ниневия жойылады деп жариялаған еді. Халық Жүніске сенді. Ал Жүніс 4:4). Бұған Жүніс не деп жауап берді екен? Бұл туралы Киелі кітапта еш нәрсе айтылмаған.
Ниневия жойылмады. Жүніс енді күлкіге қаламын, жалған пайғамбар атанып, беделім түсетін болды деп қорықты ма екен? Қалай болған күнде де, ол халықтың теріс жолдан қайтқанына және Ехобаның оларға мейірімділік танытып, өмір сыйлағанына қуанбады. Қайта, өзін аяп, намысы тапталғандай сезініп, ренішке бой алдырды. Сөйтсе де мейірімі мол Ехоба еңсесі түскен пайғамбарының бойынан жақсы қасиеттерді көре білді. Өзіне құрмет көрсетпегені үшін Жүністі жазалаудың орнына, Ехоба жай ғана: “Бұған сонша ашуланғаның дұрыс па?”— деп сұрады (16. Кейбіреулер Құдаймен қалайша келіспеуі мүмкін және Жүністің мысалынан қандай сабақ аламыз?
16 Әрине, Жүністі істеген әрекеті үшін соттау оңай. Алайда жұмыр басты пенде мен Құдіреті шексіз Құдайдың ойы бір жерден шыға бермейтінін есте ұстаған жөн. Кейбіреулер “Ехоба зұлымдықтың алдын алуы керек”, “ол зұлымдарды бірден жазалауы керек” немесе “Ехоба осы зұлым заманды баяғыда-ақ жойып жіберуі керек еді” деп жатады. Бірақ Жүністің мысалынан маңызды сабақ аламыз. Көзқарасымыз Ехобанікімен дәл келмей жатса, көзқарасын өзгертуі керек жақ — Ехоба емес, өзіміз екенін ұмытпайық.
Ехоба Жүніске мейірімді болуды үйретті
17, 18. а) Ниневиядан шыққан соң Жүніс не істеді? ә) Ехобаның жасаған кереметтері Жүніске қалай әсер етті?
17 Ұнжырғасы түскен Жүніс Ниневиядан шығып, үйіне емес, шығысқа қарай бет алды. Ол қырдың басына шығып, қаланы бақылап отырды. Жүніс өзіне кішігірім шатыр жасап, Ниневиямен не болар екен деп күтті. Соған қарағанда, ол әлі де қала жойылады деп үміттенген болса керек. Ехоба осы бір бірбеткей пайғамбарын мейірімді болуға қалай үйретпек?
18 Ехоба Жүніс отырған жерден бір түннің ішінде асқабақ өсіріп шығарды. Жүніс ұйқысынан оянғанда, жайқалып өсіп тұрған үлкен жапырақтары бар өсімдікті көрді. Бұл өсімдік оның кішкентай күркесіне қарағанда жақсы көлеңке түсіріп тұрды. Сонда оның жаны жадырап қоя берді. “Жүніс оның өсіп шыққанына қатты қуанды”, өйткені ғайыптан пайда болғанына қарап, оны Ехобаның батасы мен қолдауының нышаны деп қабылдаса керек. Алайда Ехоба мұны жай ғана Жүністі шыжып тұрған күннен қорғау үшін не оның ашуын басу үшін жасаған жоқ. Ол Жүністі бір нәрсеге үйреткісі келді. Сол себепті Жүніс 4:6—8).
Ехоба тағы бір керемет жасады. Ол асқабақты кеміретін құрт жіберіп, ақырында асқабақ солып қалды. Содан кейін “Құдай шығыстан ыстық жел тұрғызды, Жүністің басынан күн өтіп, есінен тана бастады”. Сонда Жүніс Құдайдан қайтадан өлім тілеп: “Тірі жүргенше, өлген артық”,— деп налыды (19, 20. Асқабақты мысалға келтіре отырып, Ехоба Жүніспен қалай ой түзді?
19 Ехоба Жүніске қайтадан сұрақ қойып: “Асқабақ үшін сонша ашуланғаның дұрыс па?”— деді. Қатесін түсінудің орнына ол: “Ашулануға қақым бар. Ашуланып тұрғаным сонша — тіпті өлуге дайынмын!”— деп тағы ақталды. Сонда Ехоба оған маңызды бір жайтты түсінуге көмектесті (Жүніс 4:9).
20 Құдай Жүніске былай деп ой салды: “Сен өз еңбегіңмен өсірмеген, бір түнде шығып, бір түнде жоқ болған асқабақты аяп отырсың. Ал Ниневияда, көптеген малды есептемегенде, оңы мен солын айыра алмайтын 120 000-нан астам халық Жүніс 4:10, 11) *.
бар. Ендеше осы ұлы қаланы мен қалай аямаймын?!” (21. а) Ехоба Жүніске не үйреткісі келді? ә) Жүністің оқиғасы өз ой-ниетімізді тексеруге қалай көмектеседі?
21 Ехобаның Жүністі не нәрсеге үйреткісі келгенін түсіндіңіз бе? Жүніс әлгі асқабақты өсіру үшін ештеңе жасаған жоқ еді. Ал Ехоба болса ниневиялықтарға өмір сыйлаған және жер бетіндегі басқа жаратылыстарды қамқорлағаны сияқты, оларды да қамқорлап отырған. Ендеше Жүністің сол бір өсімдікті 120 000 адамның өмірінен және олардың ірілі-ұсақты малынан артық санағаны қалай? Оның қара басын ғана ойлағаны ма? Иә, өсімдік өзінің кәдесіне жарап тұрғандықтан ғана Жүніс оны аяды. Ал Ниневия жойылмайтын болып шыққанда, оның ашулануына сол өзімшілдігі — өз абыройын ойлап, өзінікі дұрыс болып шыққанын қалағаны — түрткі болса керек. Жүністің оқиғасы өз ой-ниетімізді шыншылдықпен тексеруге талпындырады. Барлық адамға қара басын ойлау тән. Ехобаның бізді өзімшілдіктен арылып, мейлінше өзі сияқты жанашыр әрі мейірімді болуға шыдаммен үйрететініне қаншалықты ризамыз десеңізші!
22. а) Ехобаның мейірімді болуды үйреткенінен Жүніс сабақ алды ма? ә) Ал біз не нәрсеге үйренуіміз керек?
22 Жүніс болған жағдайлардан сабақ алды ма? Оның есімімен аталатын кітап Ехобаның жауапсыз қалған сұрағымен аяқталады. Сондықтан кейбір сыншылар Жүніс сол күйі ештеңе ұқпады дейтін шығар. Бірақ Жүніс кітабының өзі ашық қалған әлгі сұраққа жауап болып табылады. Өйткені есімімен аталған осы кітапты Жүністің өзі жазған. Аман-есен еліне оралғаннан кейін, осы оқиғаны қағаз бетіне түсіріп отырған пайғамбарды елестетіп көріңізші! Жасы ұлғайып, ақыл тоқтатқан әрі бұрынғыдан әлдеқайда кішіпейіл ол өкінішпен басын шайқап, өзінің қателері мен қыңырлық танытып, мейірімділік көрсеткісі келмегені жайлы жазып отыр. Иә, Жүніс Ехобаның даналықпен берген басшылығының арқасында көзқарасын түзеді. Ол мейірімді болуды үйренді. Ал біз ше? (Матай 5:7 оқыңыз).
^ 6-абзац Есептерге сай, Жүністің күндерінде Исраил патшалығының астанасы Самарияда 20 000—30 000 халық болған. Бұл Ниневия тұрғындарының төрттен біріне де жетпейді. Ниневия сол заманда әлемдегі ең үлкен қала болса керек.
^ 8-абзац Мұндай әрекет оғаш болып көрінуі мүмкін, бірақ ежелде бұл кәдімгі рәсім болған. Грек тарихшысы Геродоттың айтуынша, ежелде парсылар әйгілі адамның өлімін аза тұтқанда, үй жануарларына да жамылғы жапқан.
^ 20-абзац Ехоба ниневиялықтардың оңы мен солын айыра алмайтынын айтқанда, олардың Құдай орнатқан заң-талаптардан мүлдем бейхабар екеніне нұсқаса керек.