ҚОСЫМША
Қашан және неге орамал тарту қажет?
Ғибадат мәселесіне келгенде, мәсіхші әйел қашан және неге орамал тарту керек? Осыған қатысты елші Пауылдың киелі рухтың жетелеуімен не жазғанын қарастырайық. Ол Құдайға мадақ әкелетін дұрыс шешімдер қабылдауымыз үшін қажетті басшылық берген (Қорынттықтарға 1-хат 11:3—16). Пауыл ескеруіміз қажет үш жайтқа назар аударған: 1) әйел адам орамалды қандай істермен айналысқанда, 2) қандай жағдайларда және 3) қандай ниетпен тарту керек.
Істер. Пауыл екі істі атаған: сиыну, яғни дұға айту, және Құдай хабарын жеткізу (4, 5-тармақтар). Дұға дегеніміз — Ехобамен құрметпен сөйлесу. Ал Құдай хабарын жеткізуге мәсіхшілердің Киелі кітапқа негізделген кез келген тәлім беру ісі жатады. Бірақ Пауылдың сөздері мәсіхші әйелдер дұға еткенде және Киелі кітаптағы шындықты үйреткенде, әрдайым орамал тарту керек дегенді білдіре ме? Жоқ. Мәсіхші әйелдің орамал тарту-тартпауы қандай жағдайда дұға ететініне не тәлім беретініне байланысты.
Жағдайлар. Пауылдың сөздерінен екі жағдайды көруге болады. Бұл — отбасындағы және қауымдағы жағдай. Ол былай деген: “Әйелдің басы — күйеуі... Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезде жалаң бас тұрған әйел өз басын құрметтемегені” (3, 5-тармақтар). Ехоба күйеуді әйелдің басы етіп қойды. Ал егер әйел күйеуінің билігін мойындамай, Құдайдың ер адамға берген жауапкершілігін өзі атқаратын болса, оның беделін түсіреді. Мәсіхші әйел күйеуі үйде болған кезде зерттеу сабағын өткізетін болса, орамал тартуымен оның билігін мойындайтынын көрсетеді. Күйеуінің шомылдыру рәсімінен өткен-өтпегеніне қарамастан, әйелі осылай етеді, өйткені күйеу — отбасының басы *. Егер кәмелетке толмаған шомылдыру рәсімінен өткен баласы өзімен бірге болған жерде мәсіхші әйел тәлім беріп не дұға айтатын болса, бұл жағдайда да ол басына орамал тартады. Осылай етуімен ол баласын отбасының басы ретінде мойындайтынын емес, қауымдағы шомылдыру рәсімінен өткен ер адамдарға берілген билікті мойындайтынын көрсетеді.
Қауым істеріне қатысты Пауыл: “Егерде біреу бұл туралы айтысқысы келсе, бізде де, Құдайдың өзге қауымдарында да мұндай салт жоқ”,— деген (16-тармақ). Мәсіхшілер қауымында билік шомылдыру рәсімінен өткен ер адамдарға берілген (Тімотеге 1-хат 2:11—14; Еврейлерге 13:17). Тек ер адам ғана ақсақал не қызмет көмекшісі ретінде тағайындалып, Құдайдың отарын бағу жауапкершілігіне ие бола алады (Елшілердің істері 20:28). Сөйткенмен де әдетте шомылдыру рәсімінен өткен лайықты ер адамға жүктелетін міндетті кейде әйел адам атқару керек болып жатады. Мысалы, лайықты ер адам келмей қалғандықтан не мүлдем жоқ болғандықтан, оның уағыздауға арналған кездесуді жүргізуі керек болуы мүмкін. Я болмаса шомылдыру рәсімінен өткен ер адаммен бірге Киелі кітап зерттеу сабағына алдын ала келісіп барған жағдайда, зерттеу сабағын өзі жүргізуі мүмкін. Мұндай істер мәсіхшілер қауымының шараларына жататындықтан, мәсіхші әйел ер адамға жүктелетін міндетті атқарып жатқанын мойындайтынын көрсету үшін орамал тартады.
Алайда әйел бауырластың орамал тартуын қажет етпейтін ғибадатқа қатысты басқа да көптеген істер бар. Мысалы, бұған мәсіхшілер кездесуінде түсініктеме беру, күйеуімен не шомылдыру рәсімінен өткен басқа ер бауырласпен үйме-үй уағыздау немесе шомылдыру рәсімінен өтпеген балаларымен *. Содан кейін де өзіне сенімсіз болса және ар-ұжданы орамал тартуға талпындырса, мұның еш оғаштығы жоқ.
Киелі кітап зерттеу не дұға айту жатады. Ал бұдан басқа да жағдайларға қатысты сұрақтар туындап, әйел бауырлас қалай әрекет ету керектігін білмесе, қосымша ізденіс жасауына боладыНиет. 10-тармақтан (Тт) мәсіхші әйелді осы талапты орындауға қандай екі жайт талпындыратынын көруге болады: “Сондықтан әйел [еркектің] билігінде екенін таныту үшін де, Періштелер үшін де басына орамал салып жүруі керек”. Алдымен, “билігінде екенін таныту” деген тіркеске көңіл аударайық. Мәсіхші әйелдің орамал тартқаны — Ехоба қауымдағы билікті шомылдыру рәсімінен өткен ер адамдарға тапсырғанын мойындайтынының белгісі. Осылайша ол Ехоба Құдайға деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсетеді. Екінші жайт “періштелер үшін” деген сөздерден көрінеді. Мәсіхші әйелдің орамал тартқаны құдіретті рухани жаратылыстарға қалай әсер етеді?
Періштелер Құдай ұйымының көктегі және жердегі бөлігінде оның билігі қалай мойындалатынын мұқият бақылауда. Кемелсіз адамдардың осыған қатысты көрсеткен үлгілері тіпті оларға да әсер етеді. Өйткені Ехоба орнатқан тәртіпке олар да бағыну керек қой. Кезінде бірталай періште осы сыннан өте алмай, жолдан тайып кеткен болатын (Яһуда 6). Бүгінде періштелер мәсіхші әйелдің шомылдыру рәсімінен өткен ер адамға қарағанда ақылы, тәжірибесі не білімі көбірек болатын жағдайларды байқауы мүмкін. Алайда мәсіхші әйел ер бауырластың билігіне даярлықпен бағынады. Кейбір әйел бауырластар болашақта Мәсіхпен еншілес болатын майланған мәсіхшілердің қатарында. Олар періштелерден де жоғары дәрежеге ие болып, көкте Мәсіхпен бірге патшалық етеді. Мәсіхші әйелдердің бүгінде билікке мойынсұнып жүргендері періштелер үшін қандай керемет үлгі! Иә, барлық әйел бауырластың миллиондаған періштенің алдында Құдай орнатқан тәртіпке адалдықпен және кішіпейілділікпен бағынатындарын көрсетуге керемет мүмкіндіктері бар!
^ 3-абзац Күйеуі науқастанып сөйлей алмай қалған не басқа бір ерекше жағдай орын алған кездерді есептемегенде, әдетте мәсіхші әйел сенуші күйеуінің көзінше дауыстап дұға етпейді.
^ 2-абзац Көбірек мәліметті “Күзет мұнарасының” 2002 жылғы 15 шілдедегі (ор.) санының 26, 27-беттерінен және 1977 жылғы 15 ақпандағы (ағ.) санының 125—128 беттерінен табуға болады.