Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

3-БӨЛІМ

Жұмақтағы өмір қандай еді?

Жұмақтағы өмір қандай еді?

Ехоба Адам мен Хауаға көп игіліктер жасады (Мұсаның 1-жазбасы 1:28).

Ехоба Құдай алғашқы әйел Хауаны жаратып, оны Адам атаға әйелі етіп берді (Мұсаның 1-жазбасы 2:21, 22).

Ехоба олардың ой-саналары мен тәндерін кемелді, яғни еш кемшіліксіз, етіп жаратты.

Адам мен Хауа Едем деп аталатын жұмақ бағында тұрды. Бұл жеміс ағаштары, жан-жануарлары мен өзені бар өте әдемі жер еді.

Ехоба Адам мен Хауаға тіл қатып, көп нәрсені үйретті. Олар Ехобаға құлақ асқанда, жердегі жұмақта мәңгі өмір сүрер еді.

Құдай жеміс ағаштарының бірінен алып жемеуді бұйырды (Мұсаның 1-жазбасы 2:16, 17).

Ехоба Адам мен Хауаға бақтағы бір жеміс ағашын көрсетіп, оның жемісін жейтін болса, өлетіндерін айтты.

Періштелердің бірі Құдайға қарсы шықты. Бұл зұлым періште Шайтан Ібіліс болатын.

Шайтан олардың Ехобаға мойынсұнғанын қаламады. Содан ол жыланды қолданып, Хауаға сол ағаштың жемісін жейтін болса, өлмейтінін және Құдай сияқты болатынын айтты. Бұл, әрине, өтірік еді (Мұсаның 1-жазбасы 3:1—5).