Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

9-БӨЛІМ

Жерде жұмақ қашан орнайды?

Жерде жұмақ қашан орнайды?

Бүгінгі қиыншылықтар Құдай Патшалығының жақында әрекет ететінін айқын көрсетеді (Лұқа 21:10, 11; Тімөтеге 2-хат 3:1—5).

Бүгінде болып жатқан көптеген оқиғалар Киелі кітапта алдын ала айтылып кеткен еді. Онда адамдардың ақшақұмар, ата-анасына мойынсұнбайтын, ләззат-ермекті жақсы көретін және бұзақы болатыны айтылған.

Сондай-ақ қатты жер сілкіністері, соғыстар, ашаршылық пен індеттер болу керек еді. Бұлардың бәрі бүгінде біздің көз алдымызда орындалып жатыр.

Иса Патшалық туралы ізгі хабардың бүкіл жер бетінде уағыздалатынын да айтқан (Матай 24:14).

Құдай Патшалығы зұлымдықты түп-тамырымен жояды (Петірдің 2-хаты 3:13).

Ехоба жуырда барлық зұлым адамдарды жояды.

Шайтан мен жын-перілер жазаланады.

Құдайдың тілін алғандар әділдік орнаған жаңа дүниеде өмір сүреді. Онда қорқыныш болмайды, адамдар бір-біріне сенім артып, сүйіспеншілік танытады.