Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

8-БӨЛІМ

Исаның өлімі сіз үшін нені білдіреді?

Исаның өлімі сіз үшін нені білдіреді?

Біз мәңгі өмір сүруіміз үшін Иса өмірін құрбан етті (Жохан 3:16).

Исаның өлімінен кейін үш күн өткен соң, бірнеше әйел оның қабіріне барып, іші бос екенін көрді. Ехоба Исаны тірілтіп алған еді.

Кейіннен Иса елшілеріне көрінді.

Ехоба оны өлмес өмірге ие, күшті рухани тұлға ретінде қайта тірілтті. Исаның шәкірттері оның көкке көтерілгенін көрді.

Құдай Исаны қайта тірілтіп, көктегі Патшалығының билеушісі етті (Даниял 7:13, 14).

Адам баласын күнә мен өлімнен құтқару үшін Иса өз өмірін төлем ретінде берді (Матай 20:28). Осы төлемнің арқасында Құдай бізге мәңгі өмір сүру мүмкіндігін сыйлады.

Ехоба Исаны жер бетіне билік ететін Патша етіп тағайындады. Исамен бірге қайта тірілген 144 000 адал адам көкте билік ететін болады. Иса 144 000 билеушімен бірге Құдай Патшалығын, яғни көктегі әділ үкіметті, құрайды (Аян 14:1—3).

Құдай Патшалығы жерді жұмаққа айналдырады. Соғыс, қылмыс, жоқшылық пен аштық атымен жоқ болады. Адамдар шынайы бақытқа кенеледі (Зәбүр 145:16).