Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-БӨЛІМ

Құдайды қалай тыңдай аламыз?

Құдайды қалай тыңдай аламыз?

Құдай адамдарға Киелі кітап арқылы тіл қатады (Тімөтеге 2-хат 3:16).

Құдай адамдарға өз ойларын бір ерекше кітапқа жаздырған. Бұл — Киелі кітап. Құдай сіздің сонда жазылған маңызды мәліметті білгеніңізді қалайды.

Құдай біз үшін ненің ең жақсы екенін біледі, ол — даналық атаулының Қайнар көзі. Сондықтан оны тыңдасақ, нағыз даналыққа ие боламыз (Нақыл сөздер 1:5).

Құдай жер бетіндегі барлық адамдардың Киелі кітапты оқығанын қалайды. Бүгінде бұл кітап көп тілге аударылған.

Құдайдың айтқанын тыңдағыңыз келсе, Киелі кітапты оқып, мағынасын түсінуіңіз керек.

Дүниенің төрт бұрышында адамдар Құдай Сөзінен білім алуда (Матай 28:19).

Ехоба куәгерлері сізге Киелі кітапты түсінуге көмектесе алады.

Олар дүниежүзі бойынша адамдарға Құдай туралы шындықты үйретеді.

Бұл үшін ақша төлеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ Құдай жайлы білімді Ехоба куәгерлерінің кездесулеріне барып, алуыңызға болады.