Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

11-БӨЛІМ

Ехоба дұғаларымызды тыңдай ма?

Ехоба дұғаларымызды тыңдай ма?

Құдай біздің дұғаларымызға құлақ асады (Петірдің 1-хаты 3:12).

Ехоба Құдай дұғаларымызды тыңдайды (Зәбүр 65:2). Ол біздің шын жүректен дұға еткенімізді қалайды.

Тек Ехобаға ғана дұға етіңіз.

Көп нәрсе туралы дұға етуге болады (Жоханның 1-хаты 5:14).

Құдай еркінің көкте орындалғанындай, жерде де орындалуын сұрап дұға етіңіз.

Құдай дұғаларымызға құлақ асу үшін Иса арқылы дұға ету қажет.

Ехобадан дұрыс нәрсе істеуге көмектесуін сұраңыз. Сондай-ақ ішер ас, киер киім, жұмыс, баспана және денсаулық туралы өтініш айтсаңыз болады.