Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сол жақта: Кітап таратушы бауырлас уағыздап тұр (Корея, 1931 жыл); Оң жақта: Бауырластар ым тілінде уағыздап тұр (Корея, бүгінгі күн)

2-БӨЛІМ

Патшалық туралы уағыздау. Ізгі хабарды төрткіл дүниеге жариялау

Патшалық туралы уағыздау. Ізгі хабарды төрткіл дүниеге жариялау

СІЗ демалыс күні таңертең қызметке жиналып жатырсыз делік. Шаршаңқырап тұрғандықтан сәл кідіресіз де, санаңызда: “Шіркін, үйде қалып демалсаң ғой!”— деген ой жылт етеді. Бірақ дұға еткен соң, қызметке баруды шешесіз. Сіз егде тартқан адал бауырласпен қызметтесіп, оның табандылығы мен мейірімділігіне тәнті боласыз. Үйме-үй уағыздап жүргендеріңізде, кенет мынаны түсінесіз: бәріміз бірдей тәлім алатындықтан, дүниежүзіндегі бауырластар да қазір тура осы хабарды айтып, тура осы әдебиеттерді таратып жүр. Қызметтен қайтқанда, күшіңіз тасып тұрғандай сезініп: “Үйде қалмағаным қандай жақсы болды!”— деп ойлайсыз.

Бүгінде Құдай Патшалығы атқарып жатқан басты іс — уағыз ісі. Иса соңғы күндері уағыз ісінің өте кең тарайтынын айтқан (Мат. 24:14). Оның пайғамбарлығы қалай орындалып жатыр? Біз бұл бөлімде жариялаушылар, сондай-ақ қызметтегі әдістер мен құралдар жөнінде әңгімелесеміз. Бұлар мәсіхшілердің қызметінде ерекше орын алады әрі дүниежүзі бойынша миллиондаған адамға Құдай Патшалығының шынайы екеніне көз жеткізуге көмектесуде.

БҰЛ САНАТТА

6-ТАРАУ

Жариялаушылар. Өз еркімен қызмет етіп жүргендер

Иса соңғы күндері өзіне қолдау көрсетуге ықыласты адамдардың болатынына неге сенімді болған? Сіз Патшалықты бірінші орынға қоятыныңызды қалай көрсетесіз?

7-ТАРАУ

Уағыздау әдістері. Ізгі хабарды тарату үшін түрлі әдістерді қолданамыз

Құдай халқы осы дүниенің соңы келмей тұрғанда ізгі хабарды қалың жұртқа жеткізу үшін қандай алдыңғы қатарлы технологияны қолданғаны жайлы оқып көріңіз.

8-ТАРАУ

Уағызға арналған құралдар. Дүниежүзілік танапқа арналған әдебиеттер

Патшаның бізді қолдап отырғаны аударма ісінен қалай көрінеді? Әдебиеттерімізге қатысты қандай жайттар сіз үшін Патшалықтың шынайы екенінің дәлелі болды?

9-ТАРАУ

Уағыз ісінің жемісі. Егін пісіп, жинауға дайын тұр

Иса рухани орақ ісіне қатысты қандай маңызды екі жайтқа нұсқады? Олардың бізге қатысы бар ма?