Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Құдайдың уәделері орындалған кезді көруді аңсайсыз ба?

7-БӨЛІМ

Патшалық жүзеге асыратын уәделер. “Бәрін де жаңадан жаратып жатырмын”

Патшалық жүзеге асыратын уәделер. “Бәрін де жаңадан жаратып жатырмын”

СІЗ бақта алма теріп жүрсіз. Әбден піскен біреуін үзіп алдыңыз да, құшырлана бір иіскеп, жеміске толған себетіңізге салдыңыз. Күн ұзаққа жұмыс істесеңіз де, еш қажымай әлі де еңбектене беруге барсыз. Анаңыз да туған-туыс, дос-жарандарыңызбен әңгімелесе жүріп, алма теріп жатыр. Ол жап-жас, сіздің бала күніңіздегі қалпында. Атам заманда құрып жоқ болған дүниеде оның егде кісі болғанына қазір сенудің өзі қиын. Сіз оның аурудан көз алдыңызда сөніп бара жатқанын көргенсіз. Ақырғы демін шығарғанда, қолын алақаныңызға алып отырғансыз. Ал жерлегенде, көз жасыңызды көл еткенсіз. Енді, міне, ол тірі, денсаулығы да мықты. Өзгелермен күліп-ойнап жүр!

Күндердің күнінде мұның бәрі орындалады. Біз мұны білеміз. Өйткені Құдайдың уәделері орындалмай қоймайды. Бұл бөлімде біз жақында орын алып, Армагеддонға ұласатын кейбір оқиғаларды қарастырамыз. Сонымен қатар осы соғыстан кейін Патшалық жүзеге асыратын керемет уәделердің кейбіріне көңіл бөлеміз. Жержүзіне Құдай Патшалығы билік етіп, “бәрін де жаңадан жаратып жатқан” кезді көру неткен бақыт! (Аян 21:5).

БҰЛ САНАТТА

21-ТАРАУ

Құдай Патшалығы жауларының көзін құртады

Қазірден бастап Армагеддон шайқасына дайындалуға болады.

22-ТАРАУ

Патшалық арқылы жерде Құдай еркі орындалып жатыр

Ехобаның уәделері орындалатынына неге сенімді бола аламыз?