Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Басқарушы кеңестің хаты

Басқарушы кеңестің хаты

Ехоба мен оның Сөзін сүйетін жандар!

Иса пайғамбар: “Шындықты біле түсесіңдер, ал шындық сендерді азат етеді”,— деген болатын (Жохан 8:32). Киелі кітаптағы шындықты алғаш естігенде, қандай сезімде болғаныңыз есіңізде ме? Жалғанға толы мына заманда шындықтың бар екенін біліп, жүрегіңіз шаттанған болар (Тімөтеге 2-хат 3:1).

Ехоба Құдай бізді шындықты білсе екен дейді. Адамдарды жақсы көргендіктен, біз де шындық жайлы айтқымыз келіп тұрады. Алайда Құдайға қызмет ету мұнымен шектелмейді. Ехобаның принциптерін құрметтейтіндіктен, мәсіхші деген атымызға сай өмір сүру — біздің қастерлі міндетіміз. Иса Құдайды жақсы көретінімізді қалай көрсету керектігін айтып кетті. Ол: “Мен Әкемнің өсиеттерін орындап, оның сүйіспеншілігінен айырылмайтынымдай, сендер де менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімнен айырылмайсыңдар”,— деді (Жохан 15:10).

Иса Әкесін қатты жақсы көрген. Әкесі не айтса, соның бәрін бұлжытпай істеген. Исаға еліктейтініміз өмір салтымыздан көрініс тапса, Ехоба бізді жақсы көретін болады, өзіміз де бақытты боламыз. Иса айтпақшы, “осыларды біліп қана қоймай, соған сай әрекет етсеңіз, бақыттысыз” (Жохан 13:17).

Бұл басылым сізге Киелі кітаптағы шындықтарға сай өмір сүруді үйретіп, Құдайдың досы болуға көмегін тигізер деп үміттенеміз. Біз дұғада Құдайды жақсы көре түсуіңізді әрі мәңгілік өмірді күте жүріп, “Құдайдың сүйіспеншілігіне” бөлене беруіңізді сұраймыз (Яһуда 21).

Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі