ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША УАҒЫЗДАУ ЖӘНЕ ТӘЛІМ БЕРУ
Оңтүстік және Солтүстік Америка
-
ЕЛДЕР 57
-
ХАЛҚЫ 970 234 987
-
ЖАРИЯЛАУШЫЛАР 3 943 337
-
ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ 4 341 698
Олар ерлі-зайыптыға үйлерінде тұра тұруды ұсынды
Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында тұрған Куәгер емес бір ерлі-зайыпты тыныш жерде өмір сүргілері келгендіктен, үйлерін сатып, Доминика Республикасына көшуді шешеді. Алайда олар сол елге ұшуға жоспарлаған уақыттарынан он күн бұрын үйлерін босатуға мәжбүр болады. Сонда олардың Куәгер көршілері көмектескісі келіп, оларға өз үйлерінде тұра тұруды ұсынады. Сол үйде тұрып жатқан кезде
бұл ерлі-зайыпты бауырластармен бірге қауым кездесуіне барады және ол жерде 1914 жыл туралы естігенде, қатты таңғалады. Өйткені олар бұл жылдың адамзат тарихында ерекше жыл болғанын білетін. Сөйтіп, бұл ерлі-зайыпты Доминика Республикасына көшіп барады және үйлеріне келген алғашқы Куәгерден өздерімен Киелі кітап зерттеу сабағын өтуді сұрайды. Он төрт айдан кейін екеуі де өмірлерін Құдайға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтеді.Оған керегі дәл осы еді
2012 жылы Панама елінің астанасы Панама қаласында өткен Халықаралық кітаптар көрме-жәрмеңкесінде бауырластар әдебиеттер стендін орнатып қояды. Мұны байқаған екі оқушы қыздың бірі стендінің қасында тұрған әйел бауырластың жанына келіп, қатты көңілі түсіп жүргенін айтады. Қыз әкесінің нашақор екенін және осы жағдайда қалай әрекет ету керектігін білмейтінін айтып, түсіндіреді. Сонда әйел бауырлас “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” кітабының 2-томындағы “Ата-анам нашақор не маскүнем болса не істеуге болады?” деген 23-тарауды көрсетеді. Сонда қыз бар даусымен: “Бұл дәл маған керек нәрсе ғой!”— дейді де, әйел бауырласты қатты құшақтап алады. Бір сағаттан кейін қыз қайтып келіп, тағы да алғысын білдіріп кетеді. Бес күнге созылған жәрмеңке кезінде бауырластар 1046 кітап, 1116 журнал және 449 кітапша таратады. Сондай-ақ 56 адам Куәгерлердің жолығуын өтініп, мекенжайын қалдырып кетеді.
Ол төрт жыл бойы өзі уағыздап жүрген
Кабекар тілінде сөйлейтін Фреди Коста-Рикадағы алыс таулы аймақта тұратын халықтан шыққан. Шамамен төрт жыл бұрын елдің астанасы Сан-Хоседе “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабын және “Құдай бізден нені талап етеді?” кітапшасын алған. Әлгі бауырлас Фредиге ауылына барып, сол жақтағы адамдарға уағыздау керектігін айтқан екен. Сөйтіп, Фреди ауылына оралып, “Киелі кітап үйретеді” кітабын өзі зерттейді және өмірінде өзгерістер жасап, некесін заңдастырады. Кейін ол кабекар тілінде сөйлейтін адамдарға шамасы келгенше Киелі кітаптағы шындықты үйретеді.
жұмыс істеген кезінде Фреди бір бауырластанФреди Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдар үшін сыныптар ұйымдастырады. Олардың Киелі кітап жайлы білімін бағалау үшін емтихан өткізіп, нәтижесі бойынша оларды алты деңгейлі сыныптарға бөледі. Фреди қауым кездесулерін ұйымдастырады, тіпті Еске алу кешін өткізеді. Ол өз қолымен шақыру қағаздарын жасап, ішіне: “Ехоба куәгерлері сізді Мәсіхтің өлімін Еске алу кешіне шақырады”,— деп жазады. Ол Куәгерлермен еш байланыса алмаса да, осының бәрін төрт жыл бойы өзі жасап жүреді! Алайда ол Ехобадан Куәгерлерді жіберіп, оған көмектесуін сұрап, дұға етеді.
Көп ұзамай Фреди дұғасына жауап алады. Бірнеше Куәгер қиын жолдармен жүріп, оның тұрып жатқан жеріне барады. Фредидің істегендерін көріп қатты таңғалған олар филиалға былай деп хат жазады: “Фреди шомылдыру рәсімінен өткен Куәгер емес, бірақ ол нағыз Куәгер сияқты өмір сүреді!” Үш айдан кейін Фреди шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болады. Ал кейінірек ол шомылдыру рәсімінен өту үшін алғаш рет конгреске қатысады және сол конгреске өзінің 19 зерттеушісін ертіп келеді. Бүгінде Фреди өзі тұрып жатқан жерден де алыс ауылдарға барып, кабекар тілінде өтетін тағы үш топ ұйымдастырған.
Ол мектепте өз сенімін қорғады
Құрама Штаттарда жоғары сыныпта оқитын Анна сыныптастарының тарапынан үштікке сенбейтіні үшін қарсылыққа кезігеді. Алайда ол өз сенімін
батылдықпен қорғайды. Ол былай дейді: “Сыныптастарым маған қарсы бірігіп алды. Бірақ мен сабырлық сақтадым, өйткені басқалардың Ехоба куәгерлері жайлы жаман пікірде болғандарын қаламадым”. Сол түні ол Ехобадан батылдық сұрап, дұға етеді және үштік сенім жайлы біраз ізденіс жүргізеді. Келесі күні Анна Киелі кітабын мектепке алып келеді. Сыныптастары оны қоршап алып, көбісі Аннаны келеке ете бастайды. Десе де ол батылдықпен бірнеше жазба орындарын оқып, түсіндіріп береді. Ақырында дауласып тұрғандар жым болады. Оқушылардың ішінде ең қатты қарсы болған сынып старостасы соңында Аннаның айтқандарының дұрыс екенін мойындап, бұдан былай Ехоба куәгерлерін сыйлайтынын айтады. Сол оқу жылы барысында ол Аннаға сенімі жайлы бірнеше сұрақ қойып, шындыққа қызығушылық білдіріп жүреді.Дәл уақытында жыртылған аяқ киім
Барбадоста тұратын бір жас әйел жексенбі күні таңертең шіркеуге бара жатқанда, аяқ киімінің бауын үзіп алады. Ол бауын жалғап қою үшін жақын тұрған
үйге кіріп, түйреуіш сұрайды. Сөйтсе, сол үйде бір Куәгер әйел қызымен тұрады екен. Жас әйел бауын жалғап жатқанда, бауырласымыз оған Киелі кітаптағы пайғамбарлықтардың біздің күндерімізде қалай орындалып жатқанын түсіндіріп береді. Ал бауырласымыздың қызы әлгі әйелге сол күні түске таман Патшалық сарайында өтетін қауым кездесуіне өздерімен бірге баруды ұсынады. Шіркеуге кешігіп қалғандықтан, жас әйел шақыруды қабыл алады. Кездесу кезінде ол өзінің Киелі кітабынан барлық жазба орындарын ашып, оқып отырады. Қауым кездесуінің бағдарламасы оған қатты ұнайды. Ол шіркеудегі барабанның қатты даусынан және айқай-шудан шаршағанын, сондай-ақ бұрыннан бері Киелі кітапты тыныш ортада оқуды қалайтынын айтады. Ол “Киелі кітап үйретеді” кітабын алып, бауырласпен зерттеуге келіседі. Бүгінде бұл жас әйел барлық қауым кездесулеріне келеді әрі оларға белсене атсалысады.Оны бір ғана тұлға тоқтата алады
Гайанада тұратын бір жас ер бауырлас былай дейді: “Мен сыныптастарыма уағыздағанды жақсы көремін, бірақ бұлай еткенімді бір бала жақтырмайтын. Бір күні ол мені қабырғаға итеріп жіберді де, “Уағыздауыңды доғар!”— деді. Сонда мен оған бір ғана тұлғаның, тек Ехобаның мені тоқтата алатынын айттым. Әрі қарай да уағыздап жүргенімді көрген ол рюкзагымды кесіп кетті. Сосын жұдырықпен бетімнен бір ұрғанда, ернім жыртылып кетті. Содан екеуміз де директордың алдынан бір-ақ шықтық. Директор ол баланың мені ұруына не себеп болғанын сұрады. Мен ол баланың басқаларға ізгі хабарды айтқаным үшін менімен өштесіп жүргенін айттым. Сонда директор неліктен оған есесін қайтармағанымды сұрады. Мен Киелі кітапта Римдіктерге 12:17-ден мәсіхшілер “жамандыққа жамандықпен қайтармау” керек екенін білетінімді айттым. Мұны естігенде директор менен кешірім сұрап, әлгі баламен сөйлесетінін айтты”.