Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сьерра-Леоне және Гвинея

Сьерра-Леоне және Гвинея

ШАМАМЕН 500 жыл бұрын Сьерра-Леоне өзенінің сағасына жақын маңда кішкентай мақта ағашы тамыр жайып, өскін берді. 300 жылда өте биік болып өскен бұл ағаш көптеген аянышты шерудің куәсі болды. Қатыгез құл сатушылар ерлер, әйелдер мен балаларды қоса алғанда 150 000-дай адамды шетелдегі құл базарына жөнелтумен болды.

Фритаундағы тарихи мәні бар мақта ағашы

1792 жылдың 11 наурызында Америкадағы құлдықтан босағандар сол мақта ағашының астында жиналып, Африкаға оралғандарын тойлады. Сол күні олар армандарының орындалғанының белгісі болған Фритаун қаласының негізін қалады. Азаттық алған құлдар сонда ағылып келіп жатты, ақырында ол жерде африкандық топтардың 100-ден аса түрі жиналды. Содан бері бұл жаңа тұрғындар мақта ағашын бостандық пен үміттің белгісі ретінде қарастыратын болды.

Шамамен 100 жыл бойы Сьерра-Леонедегі Ехоба куәгерлері адамдарға жұбаныш сыйлап, әлдеқайда ұлы бостандыққа — “Құдай балаларының салтанатты бостандығына” — жету үмітімен бөлісіп келеді (Рим. 8:21). Бұл бостандық Құдай Патшалығы жер бетіне тыныштық пен жұмақ орнатқанда, күнә мен өлімнің құлдығынан азат етілуді білдіреді (Ишая 9:6, 7; 11:6—9).

Сьерра-Леонедегі Ехоба куәгерлерінің филиалы соңғы 50 жылдан астам уақыт бойы Гвинеядағы уағыз ісіне де жетекшілік етіп келеді. Бұл көрші елде болған экономикалық, саяси және әлеуметтік төңкерістер ел тұрғындарының көбісін Киелі кітаптағы қуанышты хабарды қабыл алуға талпындырды.

Сьерра-Леоне мен Гвинеядағы Ехоба куәгерлері түрлі қиындықтарға қарамастан, ізгі хабарды жариялап келеді. Олар мұны зорлық-зомбылыққа, тақыр кедейшілікке, кең тараған сауатсыздыққа, адамдардың бойына сіңіп кеткен салт-дәстүрлерге, этникалық жікке бөлінушілікке және жантүршігерлік қатыгездікке қарамастан атқаруда. Бұл Ехобаның адал қызметшілерінің мызғымас сенімі мен шын берілгендіктерін паш етеді. Олардың бастан өткізгендері жүректеріңді тебірентіп, “үмітіміздің бастауы — Құдайға” деген сенімдеріңді нығайтатыны сөзсіз (Рим. 15:13).

БҰЛ САНАТТА

Сьерра-Леоне және Гвинея туралы жалпы мағлұмат

Осы жер туралы, ондағы адамдар мен олардың діні, тілі жайлы біліңіз.

1915—1947 Алғашқы бастама (1-бөлім)

Ехобаның қызметшілерінің бірі Фритаунға 1915 жылы келді. Көп адам Киелі кітапқа қызығушылық білдірді.

1915—1947 Алғашқы бастама (2-бөлім)

Дінбасылар Құдай халқының үнін өшіруге әрекеттенген еді, бірақ Ехоба “олардың зұлымдығын өз бастарына келтірді”.

1915—1947 Алғашқы бастама (3-бөлім)

Фритаун қауымындағы бауырластар “өздерін толығымен Құдай сөзін уағыздауға арнады”.

“Сен бір жылдың ішінде-ақ өлесің”

Закиас Мартин Ехоба куәгерлерінің қауым кездесуіне бару үшін бес жыл бойы аптасына екі рет тауға шығып-түсіп жүрді. Неге ол шындықты тапқанына сенімді болды?

Олар оны “Киелі кітапшы” Браун деп атады

Уильям Браун Кариб аралдары мен Батыс Африкада уағыздаған. Неліктен ол өзінің қызметін адам баласына берілген ең мәртебелі қызмет деп қарастырғаны жайлы оқып көріңіз.

“Көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келу” (Дан. 12:3). (1-бөлім)

Уағыздау ісі кеңінен жүргізілмек еді. Миссионерлер өсімнің болуына ықпал етті.

Олар оны қатты көргісі келді

1956 жылы Сьерра-Леонедегі Фритаунда “Жаңа дүние қоғамы әрекет етуде” деген бейнефильм көрсетілді. Оны көруге қанша адам келді?

1945—1990 “Көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келу” (Дан. 12:3). (2-бөлім)

Ехоба куәгерлері Сьерра-Леоне мен Гвинея бойынша некені құрметтейтін адамдар ретінде танымал.

1945—1990 “Көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келу” (Дан. 12:3). (3-бөлім)

Алайда поро саясаткерлері Ехоба куәгерлерінің ісіне тыйым салынсын деп парламентке не үшін өтініш жазды?

Құпия қоғамдар

Батыс Африкадағы ер және әйел адамдардың өмірлеріне бұл құпия қоғамдар қалай әсер етеді?

1945—1990 “Көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келу” (Дан. 12:3). (4-бөлім)

Басқаларға рухани жағынан көмектесу үшін қауымдар сауат ашу сабақтарын жүргізді. Адамдардың көбісі оқуды үйренгендіктен, аударманың қажеттілігі артты.

Плакетка олардың “төлқұжаты” болды

Конгреске келген делегаттар басқа елге баруға рұқсат беретін құжатсыз Гвинеяның шегарасынан қалай өтті?

Ехоба маған көмектесіп жатыр

Полиомиелитпен ауыратын Джей Кэмбел қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуіне барғысы келді. Ол сол жерге ағаш тұғырлармен жетпекші екенін айтты. Бұл оның қолынан келер ме екен?

1991—2001 “Азап отынан өту” (Ишая 48:10). (1-бөлім)

Соғысқа қарамастан Ехоба куәгерлері мен басқа да адамдарға материалдық көмек пен жұбаныш беретін хабар жеткізілді. Оларға қайратты да батыл болуға не көмектесті?

1991—2001 “Азап отынан өту” (Ишая 48:10). (2-бөлім)

Ехоба куәгерлері соғыстың қызып жатқанына қарамастан, “ізгі хабарды жариялауды және тәлім беруді доғармады”

Сарбаз баладан жалпы ізашарға айналдым

Бүлікші сарбаз бала Ехоба куәгерлерінің кездесуіне алғаш рет барғанда, бауырластардың жылы шырайы оған қатты әсер еткен. Өмір жолын өзгертуге оны не талпындырды?

Біз бүлікші сарбаздардан аман қалдық

1991 жылы бұрқ еткен соғыс кезінде жаппай өлтіру мен тәртіпсіздік болып жатқанына қарамастан, Пендембудағы кейбір Куәгерлер қалайша аман қалды?

Күзет мұнарасының адамы

Ехоба куәгерлерінің бірі соғыс кезінде курьер болып қызмет еткен. Ол Фритауннан Гвинеяның Конакри қаласына хаттар мен басқа да нәрселерді қалай жеткізді?

Алмаздан да құнды нәрсе

Тамба Ехоба куәгерлерінің бірі болмас бұрын алмаз кенінде жұмыс істеген. Неге ол алмаздан да құнды нәрсе таптым деп ойлаған?

2002—2013 Соңғы жетістіктер (1-бөлім)

Азаматтық соғыстан кейін қауымдар құрылды, Патшалық сарайлары соғылды және Куәгерлер аз жерлерге арнайы ізашарлар тағайындалды.

2002—2013 Соңғы жетістіктер (2-бөлім)

Бүгінде екі елдегі Ехоба куәгерлері Патшалық жайлы ізгі хабарға әлі де көп адамның құлақ асатынына сенімді.

“Біз Ехобаға қызмет етуге бел будық”

Бүлікші сарбаздар Коиндудағы үйлерін басып алғандықтан, Филип Тенби мен оның әйелі қашып кетті. Олар босқындар лагерінде тұрып жатқан кезде бес Патшалық сарайын соғуға көмектесті.

“Мен Сьерра-Леонеге ғашық болып қалдым”

Синди Мак-Интайр Африкада 1992 жылдан бері миссионер болып қызмет етеді. Сьерра-Леонеде уағыздау оған неліктен әсіресе көп қуаныш әкеледі?