СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ
“Сен бір жылдың ішінде-ақ өлесің”
Закиас Мартин
-
ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1880
-
ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1942
-
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Ізашарлық қызметті 72 жасында бастаған.
ЗАКИАС Куәгерлермен Киелі кітап зерттеу сабағын ешқашан өтпеген еді. Алайда ол “Құтқарылу” және “Құдайдың арфасы” деген кітаптарды оқығанда, шындықты тапқанын түсінді.
1941 жылы жексенбі күні таңертең Закиас алғаш рет Куәгерлердің кездесуіне бармақшы болады. Бұл үшін ол 8 шақырым жол жүріп, биік таудан өту керек еді. Кездесудің нешеде басталатынын білмеген ол қауымға бірнеше сағат бұрын келіп алады. Сөйтіп сол жерде бауырластардың келгенін күтіп отырады. Патшалық сарайына келіп, үш жексенбілік кездесуге қатысқаннан кейін ол жергілікті англикан шіркеуіне барып, өзінің есімін тізімнен алып тастауын сұрайды.
Сол шіркеуге баратын жақын досы оны келеке етіп, былай дейді: “Ей, кәрі шал, сол адамдардың кездесуіне бару үшін 8 шақырым жол жүріп, тауға шығып-түсіп жүре берсең, сен бір жылдың ішінде-ақ өлесің”. Ол Закиастың бес жыл бойы аптасына екі рет тауға шығып-түсіп жүргенін көреді. Кейін Закиастың осы досы аяқ астынан қайтыс болады. Арада жиырма бес жыл өтсе де, Закиастың денсаулығы жақсы күйінде қала берді.
Закиас өмірінің соңына дейін Ехобаға адал қызмет етіп, 97 жасында қайтыс болды.