Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ

Плакетка олардың “төлқұжаты” болды

Плакетка олардың “төлқұжаты” болды

“1987 жылы Гвинеяның Гакаду қаласында өткен “Құдай сыйлайтын тыныштық” деген облыстық конгреске 1000-нан аса делегат қатысты. Конгресс Сьерра-Леоне мен Либерияның шегарасына жақын жерде өткендіктен, сол елдерден келетін делегаттардың көбісі конгреске үйлерінен барып-келіп жүруді шешті. Бірақ оларға басқа елге баруға рұқсат беретін құжат қажет еді. Сондықтан жауапты бауырластар шегара басшыларымен сөйлесіп, келісімге келді. Нәтижесінде делегаттарға бір-ақ құжат қажет болды, бұл — конгреске тағатын плакетка! Шегара полициясы қызғылт сары плакетка таққан бауырластарды көргенде, оларды бірден өткізіп тұрды”,— дейді бұрын миссионер болған Эверетт Берри.

Бауырластар осы конгресте қуанышпен бас қосып, бірге тамақтанды