СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ
“Мен Сьерра-Леонеге ғашық болып қалдым”
Синди Мак-Интайр
-
ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1960
-
ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1974
-
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: 1992 жылдан бері миссионер. Гвинеяда және Сенегалда қызмет еткен, ал қазір Сьерра-Леонеде қызмет етеді.
МЕН алғаш келгенімде-ақ екі аптаның ішінде Сьерра-Леонеге ғашық болып қалдым. Адамдардың тепе-теңдік сақтауға аса күш салмастан ауыр жүкті бастарына қойып жүргендерін көргенде, қатты таңғалдым. Айналаның бәрі қыбырлап жүрген адамдарға толы еді. Көшеде балалар ойнап, қолдарымен шапалақтап, көңілді ырғақпен тепсіне билеп жатты. Айналамдағы адамдардың әуенді және би билегенді, сондай-ақ түрлі-түсті киімдер кигенді ұнататынын байқадым.
Бұл жерде уағыздау маған әсіресе көп қуаныш әкеледі. Сьерра-Леоненің тұрғындары бейтаныс адамға қонақжайлық танытуды мәртебе санайды. Олар Киелі кітапты құрметтейді және ондағы хабарға құлақ асады. Олар жиі мені үйлеріне кіруге шақырады. Ал қайтар кезде мені көшенің аяғына дейін шығарып салады. Олардың осындай бауырмалдығы су тапшылығы, электр жарығының сөнуі сияқты қолайсыздықтарға мойымауға көмектеседі.
Мен салтбасты болғандықтан, адамдар кейде менен: “Өзіңді жалғыз сезінетін кездерің бола ма?”— деп сұрайды. Шынымды айтсам, істейтін жұмыстарымның көп болғаны сонша — жалғызсырауға уақытым да қалмайды. Менің өмірім мағынаға толы.