Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ

Дүниежүзілік жобалау және құрылыс бөлімі

Дүниежүзілік жобалау және құрылыс бөлімі

ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІНІҢ саны күн санап өскен сайын, көбірек Патшалық және Конгресс сарайлары, Киелі кітап мектептері өтетін ғимараттар, аударма кеңселері мен филиалдар қажет. Осыған орай 2013 жылдың қазанында Басқарушы кеңес жаңа бөлім құрды. Дүниежүзілік жобалау және құрылыс бөлімі деп аталатын бұл бөлім жобалау, соғу, жөндеу және ғимараттарды күтіп ұстау жұмыстарының ең тиімді әрі ең үнемді жолмен атқарылуын қамтамасыз етеді. Бұл бөлім Бруклиндегі (Нью-Йорк) дүниежүзілік бас басқармада орналасқан, әрі Басқарушы кеңестегі Баспа комитетінің бақылауымен қызмет атқарады.

Сондай-ақ бұл бөлім Аймақтық жобалау және құрылыс бөлімдерінің үстінен бақылайды. Бұл бөлімдер Австралия, Германия, Оңтүстік Африка мен Құрама Штаттардың филиалдарында орналасқан. Осы бөлімдер өздеріне қарасты аймақтарда жобалау, құрылыс және күту жұмыстарымен айналысады. Олардың мақсаты — Патшалық сарайларының құрылысын жылдамдату. Бұған дейін Патшалық сарайлары Аймақтық құрылыс комитетінің не ресурстары шектеулі елдерге арналған бағдарламаның көмегімен соғылатын. Қазір құрылыс жұмыстарын тездету мақсатымен осы екі шараның ең жақсы деген әдістері біріктірілді.

Патшалық сарайлары мен Конгресс сарайлары жетіспейтіндіктен, әр филиалда Жергілікті жобалау және құрылыс бөлімі қызмет етеді. Бұл бөлім жергілікті филиал комитетіне есеп береді. Патшалық сарайлары мен Конгресс сарайларын соғатын жергілікті бауырластарға көмектесу үшін, барлық филиалдар толық уақытты құрылыс қызметшілерін енді өздері тағайындай алады.

2014 жылдың сәуірінде әлі аяқталмаған үлкен жобалардың саны 270-тен асты. Мұның ішінде 90 аударма кеңсесі, 35 Конгресс сарайы және 130 филиал бар. Сондай-ақ соғылуы керек не үлкен жөндеу жұмыстарын қажет ететін 14 000-нан аса Патшалық сарайының мәселесі қазір өткір тұр.

HҒимараттарды соғу үшін түрлі елдерден шегара асып, түрлі ұлттар мен мәдениеттен жиналып, Ехобаның киелі атына даңқ әкеліп жатқан Құдай халқын көру неткен ғанибет! Дүниежүзілік бас басқарманың Кадрлар жөніндегі комитетінде қызмет ететін Дэн Молчан былай дейді: “Әлі істелмеген жұмыстар бастан асады. Сондықтан бауырластардың дұғалары мен осы істі қолдау үшін беріп жатқан садақаларын өте бағалаймыз. Осы жобаларға қатысу үшін барын салып жүрген бауырластарға да өте ризамыз”.