ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША УАҒЫЗДАУ ЖӘНЕ ТӘЛІМ БЕРУ
Америка
-
ЕЛДЕР: 57
-
ХАЛҚЫ: 980 780 095
-
ЖАРИЯЛАУШЫЛАР: 4 034 693
-
ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ: 4 339 285
Жетім балалар қауымға келді
Суринамда тұратын Анжеланың үйі жетімдер үйінің қасында орналасқан. Ал жетімдер үйінің басшысы қауымға келмей кеткен әйел бауырлас еді. Сондықтан Анжела жетім балаларға уағыз айтуға рұқсат сұрағанда, ол бірден келіседі. Анжела 85 баламен сөйлесіп, оларға jw.org сайтынан бейнероликтер көрсетеді. Нәтижесінде ол балалардың көбісімен зерттеу сабағын бастайды. Кейін тағы екі ізашар
келіп, әрқайсысы жеке бір топпен зерттейді. Бұған дейін қауымға келмей кеткен әлгі әйел бауырлас балаларға Патшалық әндерін үйретіп, жатарда Киелі кітаптан әңгімелер оқып беріп жүрген екен. Ол бауырластарға қайтадан қауымға барғысы келетінін, бірақ 85 баланы қараусыз тастап кете алмайтынын айтады. Бауырластар оның да, балалардың да қауымға бара алуы үшін қам жасайды. Жетімдер үйінен Патшалық сарайына дейін жаяу баруға болатындықтан, бауырластар оларды қауымға апарып-әкеледі. Қазір сол әйел бауырлас пен 85 баланың барлығы қауым кездесулеріне жүйелі түрде барып жүр.Атасына көмектескен Габриель
Парагвайда өткен конгрестен кейін, алты жасар Габриель уағыздаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Сонда ол жұмақ жайлы ойланып, онда өзімен бірге атасының да болғанын қатты қалайды. Алайда атасын шындық мүлдем қызықтырмайтын. Керісінше ол әйелі мен балаларына Куәгер болғандары үшін қатты қарсылық көрсететін.
Сол күні Габриель ата-анасынан Аргентинада тұратын ата-әжесіне бейнеқоңырау шалуды сұрайды. Сонда Габриель атасына Киелі кітапты зерттеудің неліктен маңызды екенін түсіндіріп, оған төтесінен сұрақ қойып: “Ата, Киелі кітапты менімен бірге зерттегіңіз келе ме?”— дейді. Атасы бірден келіседі. Габриель оған “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” деген кітапшамен зерттеуді ұсынады. Содан екеуі бірнеше ай бойы осы кітапшамен зерттеп жүреді. Екеуі де ежелеп оқитындықтан, олар алдын ала оқып жаттығады. Габриель
зерттеу сабақтарына үнемі жақсылап дайындалады және зерттеу кезінде жейде киіп, галстук тағып отырады.Көп ұзамай атасы мен әжесі Габриельдің үйіне бірнеше аптаға қонаққа келеді. Осы уақытта атасы Габриельдің отбасымен бірге қауым кездесулеріне барады. Ал Аргентинаға оралған соң, зерттеуді жергілікті бауырласпен жалғастырады. Ол рухани алға басып, шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болады. Қазір Габриельдің атасы мен әжесі күнде бірге дұға етеді. Габриель балақайдың өзі де атасы сияқты рухани қадамдар жасап жатыр. Қазір ол да шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы. Оның атасының ендігі мақсаты Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өту екен.
“Сізді Құдайдың өзі жіберген ғой”
Бразилияда тұратын Дженифер “Өлген адамдар өмірге қайта орала ма?” деген буклетті учаскесінде таратып жүргенде, бір үй иесіне жолығады. Үй иесі
жақын құрбысының жерлеу рәсіміне бару үшін асығыс жиналып жатыр екен. Дженифер оған қайтыс болған адамдарды қайта көруге үміт бар екені жайлы жазылған буклет бермек болады. Буклеттің атауын көрген әйел қатты таңғалып, оны алады. Дженифер қайғырып жатқан отбасы мүшелеріне де бірнеше буклет алуды ұсынғанда, әйел тағы тоғызын алады.Кейін Дженифер әлгі әйелге қайта келгенде, ол былай дейді: “Өткен жолы сіздің келгеніңіз жайлы ойланып, бұның кездейсоқтық емес екенін түсіндім. Мені жұбату үшін сізді Құдайдың өзі жіберген ғой”. Жерлеу күні бұл әйел тоғыз буклеттің бәрін таратып берген екен. Жерлеу рәсімінде баяндама айтқан отбасы мүшесі буклетті толықтай дауыстап оқыпты. Бұл жұбаныш беретін мәлімет бәріне ұнап, олар әйелге ризашылықтарын білдіріпті. Содан бұл әйел Киелі кітапты зерттеуге келіскен екен.
Автобуста куәлік беру
Бірде Гаитиде тұратын үш бетелдік “тап-тап” деп аталатын түрлі түсті автобуста келе жатады. Екі жарым сағаттай жол жүрген олар басқа жолаушыларға уағыздап, бас-аяғы 50 журнал мен 30 буклет таратады. Сол бетелдіктердің бірі, Гурвич, жолаушылардың біріне “Ояныңдар!” журналынан үзінділер оқып береді. Сонда оның сөздерін естіп қалған Пепе есімді жас жігіт әңгімеге қосыла кетеді. Ол Гурвичке Киелі кітапты зерттегісі келетінін айтады. Сөйтсе, ол Гурвич барып жүретін қауымға қарасты аумақта тұрады екен. 2014 жылы қаңтар айында шындықты алғаш естігенінен бастап, Пепе қауым кездесулері мен конгрестердің біреуін қалдырмай баруға тырысады. Ол қазір басқаларға өзінің сенімі жайлы айтып жүр және болашақта шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болғысы келеді.