ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША УАҒЫЗДАУ ЖӘНЕ ТӘЛІМ БЕРУ
Еуропа
-
ЕЛДЕР: 47
-
ХАЛҚЫ: 741 311 996
-
ЖАРИЯЛАУШЫЛАР: 1 611 036
-
ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ: 847 343
Патшалық сарайына келген оқушылар
Төртінші сыныпта оқитын Инэс Финляндияда тұрады. Сыныптастарының дінтану сабағында Ехоба куәгерлері жайлы сөз қозғамақ екенін білгенде, Инэс оларға Патшалық сарайына баруды ұсынады. Оқушылар мен мұғалімге бұл ой ұнап қалады.
Келесі аптада 38 оқушы велосипедтеріне мініп, 5 шақырымдай жердегі Патшалық Матай 6:10-ға негізделген жылдық тармақты көргенде: “Алтыны неге онға бөліп қойғансыздар?”— деп таңырқайды.
сарайына қарай жол тартады. Артынша екі мұғалім мен мектеп директоры да келеді. Олардың барлығын екі ер бауырлас пен үш әйел бауырлас күтіп алады. Жүрек жалғап алғаннан кейін, оқушылар Куәгерлер мен Патшалық сарайы жайлы сұрақтарды жаудырып: “Бұл жерде не істейсіздер?”— деп сұрайды. Бір кезде кітапханаға нұсқап: “Анау бөлмеде не бар?”— дейді. Ал қабырғадағыМектепте бұзақылыққа жол бермеу жайлы іс-шаралар өтіп тұратындықтан, бауырластар оқушыларға jw.org сайтындағы “Бұзақыларды жұдырықсыз-ақ жеңе біл” деген фломастерлік анимацияны көрсетеді. Сондай-ақ сайттың басқа да бөлімдерін көрсетіп, бір Патшалық әнін тыңдатады. Осылайша оқушылар Патшалық сарайында бір сағаттай жүреді.
Көргендері мектеп директорына және мұғалімдер мен балаларға қатты ұнайды. Директорды әсіресе веб-сайтымыздағы мәліметтер қатты қызықтырады, өйткені оларды дінтану сабақтарында қолдану жайлы ойлайды. Ол Патшалық сарайына басқа сыныптардың да келуіне болатынын естігенде, қатты қуанып кетеді. Нәтижесінде, келесі күні-ақ бір мұғалім хабарласып, сыныбымен бірге келгісі келетінін айтады.
Ол қоқыстан қазына тапты
Румынияда тұратын Кристина ешқашан мектепке бармаған және ол оқи да, жаза да алмайтын. Оның тұрмысы өте нашар болғандықтан, күн көру үшін ол қаланың қоқыс жәшіктерінен консерв құтылары мен пластик бөтелкелерін жинайтын. Бір күні ол қоқыс арасынан бақытты адамдардың суреті бар Киелі кітапқа негізделген әдебиет тауып алады.
Сонда ол: “Демек, мұндай адамдардың жер бетінде бар болғаны ғой”,— деп ойланады. Кристина бұл әдебиеттің не жайлы екенін білгісі келіп, біреуден оны оқып беруді өтінеді. Әдебиеттің діни тақырыпта екенін білгенде, Кристина Құдай Сөзі жазылған мәліметтің қоқыста жатқанына қапа болады. Ол әрі қарай да қоқыс арасынан кітапшаларды, буклеттер мен журналдарды іздеуін жалғастырады. Кристина кейде әдебиеттердің бүтінін, кейде бөлшек-бөлшек етіп жыртылғанын табатын. Осы әдебиеттер жайлы көбірек білу үшін ол оқуды үйреніп алады.Кейінірек Кристина Куәгерлермен байланысып, Киелі кітап зерттеу сабағын бастайды. Ол Ехобаның адамдар бағаламай тастап кеткен әдебиеттер арқылы өзіне жақындатып тартқаны үшін шексіз риза. Кристина қауым кездесулеріне бара бастады және білгендері оның жанына шипа болды. Оны зор шаттыққа бөлейтін жайттардың бірі — енді ол журналдар, кітаптар мен кітапшалардың жаңасын ала алады. Оған бұдан былай әдебиеттерді қоқыс арасынан іздеудің қажеті жоқ. Расында да, Кристина қоқыстан қазына тапқан еді!
Орманда өтетін Киелі кітап зерттеу сабағы
Германияда тұратын Маргрет күнде таңертең итімен орманда серуендейді. Ол былай дейді: “Мен кездестірген адамдармен әңгіме бастауға тырысамын. Олар сөйлесуге ыңғай танытса, әңгімені Киелі кітап тақырыбына бұрамын”.
Бір күні Маргрет жасы жетпіске келіп қалған әйелді кездестіреді. Ол әйел де итімен серуендеп жүр екен. Маргрет онымен әңгіме бастап, екеуі жақсы сөйлеседі. Әлгі әйел күнде Құдайға дұға етіп, Киелі кітап оқитынын айтады. Сол күннен бастап олар күніге кездесіп, рухани тақырыптарды талқылайды. Бір күні әйел Маргреттен: “Сенің Киелі кітап жайлы білімің көп екен. Мұның бәрін қайдан білесің?”— деп сұрағанда, ол өзінің Ехоба куәгері екенін айтады.
Маргрет әйелге оның үйінде Киелі кітап зерттеу сабағын өтуді бірнеше рет ұсынады. Бірақ әйел
бұдан бас тартады. Алайда олар кездескен сайын әңгімелесіп тұрады. Бірнеше айдан кейін Маргрет әйелге Киелі кітап зерттеу сабағын тағы да ұсынады. Бұл жолы әйел оған зерттеуге қорқатынын ашық айтады, өйткені онымен бірге тұрып жатқан ер кісі Ехоба куәгерлерін жақтырмайды екен.Келесі жолы Маргрет орманға барарда өзімен Киелі кітап пен “Киелі кітап үйретеді” кітабын алып шығады. Әлгі әйелді кездестіргенде, Маргрет: “Бұл жолы мен сізге Киелі кітапты үйде емес, орманда зерттеуді ұсынайын деп едім”,— дейді. Сонда әйел көзіне жас алып тұрып, қуана-қуана келіседі. Ол орманда аптасына алты рет зерттеу сабағын өтеді. Маргрет жыл мезгілі мен ауа-райына байланысты кейде сабақты қолшатырдың астында не қолшаммен өткізеді.
“Жоқ” дегені “иә” екен
Дельфина есімді әйел бауырлас Болгарияда Ирина деген әйелмен зерттеп жүреді. Біліп жатқандарына риза болған Ирина кездесулерге үзбей барып тұрады. Алайда күйеуі оның Ехоба куәгерлерімен араласуына қарсы болады. Ол отбасын Швецияның бір кішкентай ауылына көшіргендіктен, Ирина Дельфина бауырластан мүлде қол үзіп қалады. Алайда Швецияда оны Александра мен Ребекка деген екі ізашар кезіктіреді. Ирина швед тілін түсінбегендіктен, бұл ізашарлар “Барлық ұлт адамдарына арналған ізгі хабар” кітапшасын ашып, болгар тілінде жазылған хабарды көрсетеді. Сосын кітапшаның көмегімен оған болгар тілінде әдебиет бергісі келетіндерін айтады. Ирина бұған бар ынтасымен басын шайқайды. Бауырластар оның қызығушылығы жоқ деп түсініп, кетіп қалады.
Александра бауырлас Болгарияда қызмет ететін Линда деген швед бауырластың бір-екі аптада елге
келетінін естиді. Ирина шындықты ана тілінде естісе, оның жүрегіне әсер етеді деген оймен Александра оған Линданы апармақ болады. Сөйтіп, Линдамен барған кезінде, Ирина оларға әр түн сайын Ехобаға дұға етіп, Киелі кітапты әрі қарай да зерттеу үшін көмек сұрағанын айтады. Ол болгар тіліндегі “Киелі кітап үйретеді” кітабын ылғи өзімен алып жүріпті. Ирина көшеде Ехоба куәгерлерін көріп қалған жағдайда осы кітапты көрсетемін деп ойлаған екен. Алайда бірде-бір Куәгерді кезіктірмепті. Енді Ирина әдебиеттерді өз тілінде ала алатынына өте қуанышты!Кейін Линда Александрадан неге Иринаны алғаш кездестіргенде, оның шындыққа қызығушылығы жоқ деп ойлағанын сұрайды. Ол Иринаның бас шайқағанын көріп, әдебиет алғысы келмейді деп түсінгенін айтады. Сонда Линданың жүзіне күлкі үйіріліп, болгарлардың бас изегендері “жоқ” дегенді, ал бас шайқағандары “иә” дегенді білдіретінін айтып береді. Енді Ирина швед тілін үйреніп алғанша, Киелі кітапты болгар тілінде зерттей бермек. Қалайша? Ол Болгариядағы Дельфинамен бейнебайланыс арқылы хабарласып, зерттеу сабағын қайта жалғастырады.
Қызына үлгі болған әке
Испанияда тұратын Хемима шындықты кішкентай кезінен біледі. Алайда жеті жасқа келгенде, оның өмірі күрт өзгереді. Анасы бұдан былай Ехоба куәгері болғысы келмейтінін әрі күйеуімен ажырасатынын айтады. Содан Хемима 13 жасында Ехоба куәгерлерімен араласуын доғарып, әкесінен рухани тәлім алудан да бас тартады.
Хемима өскен соң адамдарға көмектесу үшін “әділдік” іздеп, саяси және қоғамдық қозғалыстарға қатысады. Кейін ол жұмысынан айырылып
қалғанда, әкесі Доминго оны өзімен бірге сырлаушы болып жұмыс істеуге шақырады.Бірде екеуі жұмыс істеп жатқанда, Доминго қызына Киелі кітапты зерттеуді ұсынады. Хемима бас тартады, бірақ зерттегісі келген жағдайда бұл жайлы хабар беретінін айтады. Доминго сырлап жатқанда, Киелі кітап пен журналдың аудиожазбаларын тыңдап жүреді, ал қызы құлаққабын киіп, поп-музыка тыңдайды.
Доминго қайта отау құрып, әйелімен 2012 жылдың қарашасында Ерлі-зайыптыларға арналған Киелі кітап мектебіне шақырылады. Әкесінің Киелі кітап мектебінде екі ай бойы оқитыны және оның қайда тағайындалса, сонда қызмет етуге дайын екені Хемимаға қатты әсер етеді. Ол әкесінің жүрегіне шындықтың қаншалықты терең тамыр жайғанын түсінеді және мұның сыры неде екенін білгісі келеді.
Содан Хемима өзінің музыкасын емес, әкесінің аудиожазбаларын тыңдай бастайды. Кейін оған ақырындап сұрақтар қояды. Бірде Доминго баспалдақтың үстінде сырлап тұрғанда, Хемима: “Есіңде ме, мен саған Киелі кітапты зерттегім келген кезде айтамын деп едім ғой. Сол уақыт қазір келген сияқты”,— дейді.
Доминго мұны естігенде қатты қуанып кетеді. 2013 жылдың қаңтарынан бастап олар аптасына екі рет Киелі кітапты зерттейді. Ал сәуірде Доминго Киелі кітап мектебіне кеткенде, олар бейне байланыс арқылы зерттеп жүреді. Кейін Хемима әкесінің мектеп бітіру салтанатына келіп, бағдарламаны толық тыңдайды. Ол 2013 жылы 14 желтоқсанда шомылдыру рәсімінен өтеді.
“Ехоба маған асқан шыдамдылық танытты және ол мені ешқашан тастамады. Ехоба болмағанда, мен адал достарды еш жерден таба алмас едім. Дүниежүзіндегі бауырластық Ехобаның сүйіспеншілігін
одан сайын бағалай түсуге талпындырады”,— дейді Хемима.Құрметтің құдіреті
Ресейдегі Бетелде ұзақ уақыттан бері қызмет ететін Василий 2014 жылы 30 наурызда филиалдың жанында әдебиеттер қойылған арбасымен уағыздап тұрады. Сонда полиция қызметкерлері көлікпен келіп тоқтап, көршілерден шағым түскенін айтып, Василийден уағыздауды тоқтатуын өтінеді. Полиция қызметкерлерінің бірі бұл әңгімені бейнетаспаға түсіріп тұрады. Василий өз құқығын алға тартпай, оларға құлақ асуды жөн көреді. Осы уақытта өтіп бара жатқан адамдар не болғанын білу үшін қастарына келіп жиналады. Кейін Василий кетіп қалады. Екі күннен кейін ол полицияға барып, басшыларымен кездесуді өтінеді. Кездесу кезінде Василий полиция қызметкерлерінің қоғам үшін атқарып жатқан еңбектеріне ризашылық білдіріп, екі күн бұрын бір полицейдің онымен ілтипаттылықпен сөйлескенін айтып өтеді. Сонда полиция басшысы көмекшісіне бұрылып: “Мұнда қызмет етіп жатқаныма, міне, 32 жыл болды. Бірақ біздің қызметіміз үшін алғыс білдірген адамды бірінші рет көріп тұрмын!”— дейді. Әңгіме барысында полиция басшысы Куәгерлердің уағыз ісі заңға ешқандай да қайшы емес екенін түсінеді. Ол Василийдің өз құқығын біліп тұрса да, уағыз ісін тоқтатуды өтінген полиция қызметкеріне неге қарсыласпағанын сұрайды. Сонда ол: “Мен полиция қызметкерлерін құрметтеймін. Ойлап көріңізші, егер жиналған адамдардың көзінше полиция қызметкерлерін заң білмейді деп айыптасам, не болар еді?”— деп жауап береді. Полиция басшысы мен көмекшісі оның бұл сөзіне қайран қалады. Сондай-ақ олар Василийге әдебиеттер қойылған арбасымен уағыздауға енді полицияның кедергі жасамайтынын айтады.