ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ
Патшалық сарайын соғу ісінің қарқын алуы
ЕХОБА шынайы ғибадаттың бүкіл жер бетіне зор қарқынмен тарауына ықпал етіп жатқаны қандай керемет! (Ишая 60:22). Осының нәтижесінде Патшалық сарайларына деген қажеттілік бүгінде күн санап артуда. Дүниежүзі бойынша 13 000-нан аса Патшалық сарайын соғу және түпкілікті жөндеу қажет.
Құрылыс ісін қаржыны үнемдей отырып тездету үшін Басқарушы кеңес құрылыс бөлімдеріне өзгерістер жасады. Бас басқармамызда (Бруклин, Нью-Йорк) жуырда құрылған Дүниежүзілік жобалау/құрылыс бөлімі (ДЖҚ) дүниежүзілік құрылыс пен жөндеу жұмыстарын маңыздылығына қарай жоспарлау әрі оларды тездету соғылуын қадағалап келеді. Сондай-ақ АЖҚ бөлімі өз қарамағындағы филиалдарға елдеріндегі ғибадат үйлерін күтіп ұстауға қатысты басшылық береді. Ал әр филиалдағы Жергілікті жобалау/құрылыс бөлімі (ЖЖҚ) өз кезегінде Патшалық сарайлары мен Конгресс сарайларының құрылысын және олардың күтіп ұсталуын қадағалайды.
үшін көп тер төгуде. Австралазия, Орталық Еуропа, Оңтүстік Африка мен Құрама Штаттардағы филиалдардың Аймақтық жобалау/құрылыс бөлімдері (АЖҚ) өз аумақтарындағы Патшалық сарайларының жылдам әрі көп қаржы жұмсалмайтындай жолмен2015 жылдың қаңтар айында Құрама Штаттардағы барлық ақсақалдар видеобайланыс арқылы айтулы кездесу өткізді. Олар Патшалық сарайларын жобалау, соғу әрі күтіп ұстауға қатысты жаңа шаралармен танысты. Сол кездесудегі кейбір ойларға тоқталып өтейік.
-
Құрылыс. Стандартты жобалар мен материалдар жергілікті жағдайға сай таңдалады, әрі Басқарушы кеңестің Баспа комитетінен келген басшылық бойынша жасалады. Соғылатын ғимараттар көп күтім мен қаржыны қажет етпейді, сөйте тұра әдемі де берік болады.
-
Күтіп ұстау. Әр қауымдағы ерікті қызметшілерге ғибадат орындарын күтіп ұстауға және оны ұзағынан қолдануға қатысты басшылық берілетін болады.
Рас, Патшалық сарайларын соғу мен күтіп ұстау шарасы өте ауқымды. Алайда Құдай халқының жұмыла атқарған еңбегі садақаны ақылмен жұмсап, құрылыс ісін зор қарқынмен жүргізуге көп септігін тигізеді.